Тақырыбы:
«Тәуелсіздік - ел тірегі
»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім
беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін
дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер,
суреттер, Отан туралы
мақал-мәтелдер.
Тәрбиеші: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз,-дей
отырып, «Тәуелсіздік – ел
тірегі» атты тәрбие сағатымызды ашық
деп жариялаймыз.
Әрбір республиканың өз
ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны
рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер туралы жеке - жеке түсінік
беріп өтейін.
- Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк
аспандай көгілдір,ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе
жатыр.
- Мынау – ел таңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты
жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу
бар.
Тоғжан:
Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Ән: «Әнұран»
Балалар, біздің Отанымыздың
астанасы қай қала ?
- Астана қаласы
Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана –бас қаламыз.
- балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз
орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы
тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды
әрқашан қастерлеуге
тиіссіңдер.
Қарақат:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Ақнұр:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
К.Әнел:
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
Раушан:
Көк байрағы - бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі - әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Әлібек:
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Нұржігіт:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Аяжан:
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Қайсар:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз, демек,
Отанымыз -Қазақстан. Халқымызда « Отан отбасынан басталады»
деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын
азамат боласыңдар.
Анель: Отан деген менің үйім,туған
жерім.
Нұржігіт: Менің жүрегім Отан деп
соғады.
Ақтаңберді:
Азаматқа лайық ,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.
Отан деген –Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан –ана,отан –үлкен,
Қазақстан - туған ел.
Ән: «Тәуелсіздік – ел ұланы»
- Балалар ,Қазақстан
Республикасының ел басшысы кім?
- Нұрсұлтан Назарбаев
атамыз.
Елбасымыз туралы кім тақпақ
біледі ?
Ә.Әнел
:
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
- Балалар,өте жақсы.Егеменді
елдің басты белгісі-тіл. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады.
Қазақ тілі –біздің ана
тіліміз.
Гүлнар:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Хабибі:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
- Балалар,сендер отан туралы
жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер. Енді біз Отан туралы
мақал-мәтел айтайық.
Тоғжан: Отан –оттанда ыстық.
Қ. Мирас: Отан –елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
Нұржігіт: Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Тәуелсіздік оңайшылықпен
келмегенін білеміз. Алматы қаласында 1986 – жылы өткен желтоқсан
көтерісінде өрімдей жастар, Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова сияқты ағаларың мен апаларың
елі, жері үшін құрбан болған. Біз оларды ұмытпауымыз
керек. Міне, балалар , өміріміздің
жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі
сендерсіңдер!
Ән: «Әрқашан күн
сөнбесін»
Құрметті ұстаздар! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш
дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан» деп , бүлдіршін балаларымыз
қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.
Гүлсезім:
Білім - менің
ертеңім
Өсу үшін
өркенім
Жүзем оқу -
айдында
Жайып білім
желкенін
Қиындықтан
өтуге
Армандарға
жетуге
Білім алам
ерінбей
Еліме қызмет
етуге!
№1 Жамбыл атындағы орта
мектебі
«Тәуелсіздік – ел
тірегі»
Мектепалды даярлық
тобы
МАД тәрбиешісі: Ахметова
А.Ж.
2017 – 2018
жж.