400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - ел тұғыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бабалардың қанымен, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген аса қымбат сыйымыз - Тәуелсіздіктің құнын, қадір-қасиетін жас өрендерге ұқтыра отырып, елжандылыққа, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Азаттық жолында жан аямай күрескен аға-апаларымыздың өмірі мен ерлік істерін кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- ел тұғыры»

Мақсаты: Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз екенін өскелең жас ұрпаққа өнеге ,үлгі етіп айтып ,жастарды елін отанын сүйюге шақыру.

Басты ролде: Мектеп оқушылары, «ЖасҰлан» ұйымы. «Айбын» жас сақшылар тобы.

Көрнекілігі: шарлар, ту, гүл.теледидар.

1жүргізуші:

Армысыздар ,құрметті ұстаздармен оқушылар жәнеде қадірменді қонақтар.Бүгінгі тәуелсіздігімізге 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік –ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қоса алдық.Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көрген саясаткердің ерен еңбегін деп білеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі осынау ұлы күнді ата- бабаларымыз күтумен өтті.

2жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Аружан.

Тас еденде жатты қазақ баласы

Ауырсада ,қаңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай ,ышқынып,

Айтып жатты соңғыс өзін ол ащщы.........

Сұранбады,жалынбады,тік тұрды

Барлық жендет қорықты одан тіскінді

Тас қорғанда жалғыз өзі жатсада

Қанышерлер айналада көптін-ді......

Көрініс : 8-сынып оқушыларының «Қайсар рухты Қайрат».қойылымы



1жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жыл ағыс.

Егемендік –елбақыты, ертеңгі

О,халайық! Құтты болсын қуаныш!

Би: 4 сынып оқушыларының орындауында «Алқа» биі.

2-жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын ,Қазақстан –Гүлістан! Біз Осындай Егеменді елдің бақытты ұландарымыз! Республикалық бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының қатарына жас өрендеріміз күн санап артып қосылып келеді.Осынау атаулы күнде біздің мектебіміздің «ЖасҰлан» балалар ұйымына қабылдану рәсімінің куәсі болайық ағайын!

1жүргізуші:

Түсініп терең,өмірдің мәнін

Жалынды жастар ,сендерсің сәнім.

Беретін бойға күш қуат,жігер

Шырқалсын жатттық Әнұраным! Ортаға ЖасҰлан ұйымының туы енгізілсін!!

2жүргізуші:

ЖасҰлан ұйымының мүшесі –Отанының тәуелсіздігі мен бостандығ ыүшін күресушісі

Жасұлан ұйымының мүшесі –батырларымыздың атын құрметтеп ,оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Жасұлан ұйымынынң мүшесі оқуда озат,өнерде, спортта өжет қайсар.

Аталған мақсат ,талап ережені Орындауға бәрің міндеттісің!

1жүргізуші:

Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан » балалар ұйымына кіре отырып :

Қ.Р потриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметттеуге,дәріптеуге,;

Отанымызды мақтаныш етуге;

Ата-ананы қадірлеуге; Білімге ұмтылуға;Салауатты өмір салтын ұстануға; «ЖасҰлан» ережесін бұлжыттпай орындауға Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіздерме?

2жүргізуші:

Ұланбасы бүгінгі ұйымға қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы мәлімдеме тапсруға дайындалсын!

1жүргізуші:

Құрметті қонақтар мен биылғы мектеп түлектері сіздерді «ЖасҰлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

2жүргізуші:Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «ЖасҰлан» ұйымының Ұланбасы Төкеш Дельназға береміз.(Ант береді).

1жүргізуші: Жасұлан ұйымының туы шығарылсын!

2жүргізуші: Бүгінгі Жасөрендерді қуанышты күнмен , жәнеде ұйымға қабылдану салтанаты мен құттықтай отырып, шара соңында мектебіміздің мұражайын аралауға шақырамыз!

Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директорының м,у,а: Сағынғалиева ЖО беріледі.

1жүргізуші:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман ,жасылжайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіздік Қазақстан –елім менің.

Ән: «Егеменді ел Қазақстан» орындайтын 6 сынып оқушысы Халит Гүлназ

2жүргіуші: Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы –өскелең жас ұрпақтың-дара жолы.Рух.жаңғыру-адам баласының оның ішкі әлемінің жаңғыруы.

Келесі кезекте мектебіміздің «Жас ақындар»үйірмесінің мүшесі 8 сынып оқушысы Төкеш Шұғыланың «Тәуелсіздікке тартуы» мәнерлеп окуға кезек береміз.

1жүргізуші: Биыл бас қаламыз Астана қаласының туғанына 20жыл.Елордамыз Астана қаласындаХалықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылған Халықаралық көрме өткен болатын.ЭСПО -2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.Көрмені тамашалауға 3 млн адам келген болатын. Міне ,осының барлығы Егеменді елдің өркендегі ,көркейгені емеспе ағайын!

Би: «Нұрай» үлкен би тобының орындауында «Қазақ биі»

2жүргізуші: «Қара бауыр қасқалдақ» Серікқали Айдана 10 сынып

1жүргізуші:

Биыл Сырым бабамыздың 275 жылдығы Республикалық деңгейде тойланып өткен болатын.Мектебіміз қүрделі жөндеуден өттіп,игі істердің бастамасына айналды.Биыл біздің мектебіздің іргетасының қаланғанына 25 жыл толып отыр.Тойымыз тойға жалғассын!

Ән: «Қазақ елі осындай» орындайтын:11сынып оқушысы Сәлімгереева Ж

2жүргізуші:

Би : «Қазақ жастары» 7 сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарлана жарқыра

Тарихымызда талантылар көбейсін

Басиеміз ата баба рухына

Ән: «Ақ көгершін» орындайтын 5 сынып оқушысы Мағумат Айнұрым



2 жүргізуші:

Ән: Кенжеғали Мейрамбек және Серік Аманер « Туған жер»



Ән: 10 сынып оқушылары Рахметола Ансарым мен Серікқали Айдананың орындауында «Мәңгілік ел»

1жүргізуші:

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше пренциптерін ұсынады. Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп,ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін басты назарға ұсынады.

Ән: « Тәуелсіз ел » орындайтын 6 сынып оқушысы Төлеген Айзере

2жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс ,бақыт,татулық пен ынтымақ.

Ән: « Мәңгілік ел » орындайтындар Амирханова Айкөркем

Хор: «Желтоқсан желі....» 5 сынып

Ән: «Қазақстан» Кенжеғали М,Серік Аманер

1 жүргізуші:

Қазақ елім!Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым.

Туған күнің құтты болсын алыбым!Егемендігіміз баянды болсын! Келесі кездескеше сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі