Тәуелсіздік - ел тұғыры!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік - ел тұғыры!

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік ел тұғыры!

«Тәуелсіздік»... Иә, осынау құдіретті сөзді естігенде қай қазақтың болмасын жүрегін дір еткізбеуі мүмкін емес. Бұл - ата-бабамыздың қанша жылдан бері аңсаған арманы еді. Бұл - ащы термен келген тәтті жеңіс. Себебі, халқымыз тәуелсіздік алғанға дейін қаншама қиындықты басынан өткерді. Қазақ халқы жоңғар шапқыншылығының зардабынан Ресей империясының қарамағына өтті, сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің озбырлығына ұшырады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы және кешегі 1986 жылғы қанды желтоқсан оқиғасы. Қазақтың жалынды жастары билік басшыларының шешіміне келіспей, ашық алаңға шығып, наразылығын білдірді. Қазақстандағы билікті тек қазақ басқаруы керек деп кеңестік билікке қарсы шықты. Осынау тәуелсіздіктің жолында қаншама боздақтарымыз қыршынан қиылды.

Қазақстан - желтоқсанның қатты желі мен суық ызғарына қарсы тұрып, жалынды жастардың асқақ рухы мен қайсар ерлігінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптасты. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін елеулі табыстарға қол жеткіздік. Қазақстанның ұлттық валютасы, әнұраны, туы, елтаңбасы пайда болды, қаншама жыл бойы езгіге түскен ана тіліміз қайта жаңғырды. Қазақстан құлдықтың құрсауынан босап, жаңа өмірге аяқ басты. Аздаған уақыт ішінде өзін күллі әлемге танытып үлгерді. Ата-бабамыздың аңсаған арманы орындалды.

Ендеше, Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні,Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы, Шаңырағы биік болып қазақтың, Қисаймасын берік болсын уығы, - дей келе тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілеймін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2021
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі