"Тәуелсіздік - Елдігімнің еңсесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік - Елдігімнің еңсесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік күніне кездесу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТІЛДІ»

Мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары__________

А.Қлдығұлова









Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің «Алау» шаңырығының

«Тәуелсіздік- Елдігімнің еңсесі»

атты мерекелік кездесу кешінің

С Ц Е Н А Р И Й І


















Сыныбы: 8 «А,Б»

«Алау» шаңырағы

Сынып жетекшілері: Еленова Р, Искакова Г.











2020-2021 оқу жыл

1 жүргізуші: Тәуелсіздік! Тұмарымсың жүрегімде сақтаған.
Ардақтаған асылымсың үміттерден нәр алған.
Бабалардың қайратының ізін көрем өзіңнен.
Ұрпақтардың үндестігін үзіп алмай жалғаған.


2 жүргізуші: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.


Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- Елдігімнің еңсесі» атты мерекелік кездесу кешімізді өткізгелі отырмыз. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз!

МұғалімНаше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- Елдігімнің еңсесі».


Кешіміздің қадірменді қонақтарымен таныстыру.

Бүгінгі кешіміздің қадірменді қонағы мектебіміздің басшысы – Ерғалиева Мәуегүл Сламбекқызы,

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қалдығұлова Ақнұр Мағазқызы,

Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, мектебіміздің ұстаздары – Рысбаева Аманкүл апаймыз және Бұйрабаева Ақжамал апайларымыз .


1 жүргізуші: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – туған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

2 жүргізушіМы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.



1-жүргізуші: Бүгінгі кездесу кешімізді ашу үшін сөз мектебіміздің директоры Ерғалиева Мәуегүл Сламбекқызына беріледі.



1-жүргізуші:

8 сынып оқушыларының Тәуелсіздікке арналған жыр шашуларын тыңдасақ.


1-оқушы:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі


2-оқушы:

Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.


3-оқушы

Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.


4-оқушы:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.


5-оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


6-оқушы:

1986 жыл. Желтоқсанның отты алаңы. Еліміздің егемендігін аңсаған бүлдіршін жастар, алаң орталығында. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.


7-оқушы:

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі – «Алтын жұлдыз» тағайындалды.

Сәбира, Ләззат, Ерболға ағаларымызға «Ақтау жөніндегі анықтама» берілді.


8-оқушы:

Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр

септі. Олай дейтініміз, соның жемісінде егеменді ел болдық, бүгін

бізді дүние жүзі біледі.

1 жүргізуші: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Ендігі сөз кезегі кездесу кешіміздің қонақтары Аманкүл апай мен Ақжамал апайларымызға беріледі.


1-жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге Хамитова Айымжан өзінің мерекеге арнаған «Тәуелсіз Қазақстаным» өлеңін оқиды.


1-жүргізуші: Бүгінгі кездесу кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалдығұлова Ақнұр Мағазқызына беріледі.


ӘН: «Мен Қазақпын» (барлығы бірге)


2 жүргізуші : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!


1 жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі кездесу кешіміз өз мәресіне келіп жетті. Кездесу кешіміздің қонақтары апайларымызға рахмет айтамыз. Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2020
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі