400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Материалдың қысқаша нұсқасы

№120 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп

Салтанатты жиын

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Мемлекеттік ту, жас ұлан туы енгізілсін.

Әнұран орындалады.

1-__________ Ата –бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкке желбіреді.

2-__________ Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.

3-___________ Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмас.

4 Нұрхан Ендеше ,сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз. Сіздерді– Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!(құттықтаймыз 2 рет бәріміз бірге)

хор «Мәңгілік ел» орындайтын 10 сынып оқушылары


1 Нұрхан Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғынды, зорлық зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматыда болған жастар көтерілісі. Қаза болған ержүрек аға-апкелерімізді 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз.


(1минут үнсіздік)


______________ Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті


Қазақ биі: «____________» мектебіміздің «Көркем» бишілері


Нұрхан

Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О ,Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне Тәуелсіздік,ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! 

Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Абылбаева Василя Ибрагимқызына беріледі.



Ән: «Тәуелсіз елдің қызымын!» орындайтын: 10 «А»- сынып оқушысы Саттарқұлова Нүрила



______________

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Ынтымақ ел Қазақстан!» орындайтын: 6 «А»- сынып оқушысы


______________

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап. 

Ән «Ер- Нұрсұлтан» Орындайтын 6 сынып оқушылары

___________

Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда.Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті Тарту етті. Енді біздің парызымыз—ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениетің биік шыңына көтерілу .


Флешмоб «Мен Қазақпын» орындайтын 10 сынып оқушылары


Жүргізуші______________

Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз. Айымыз оңымызға тусын деген ниетпен бүгінгі «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты бағдарламамыз аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі