400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік, Ортаңғы топ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зеренді ауданы

«Бөбек» сәбилер балабақшасы






Shape1


(Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік)

Дайындаған: Аристанова Д.С..








Мақсаты :Балаларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді ,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру ,оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге ,құрметтеуге,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. 

Көрнекіліктері: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Желтоқсан құрбандарының суреттері.

Күй ойнап тұрады. Жүргізушілердің сөзі басталғанда күйдің дауысы ақырындатылады.

1-Жүргізуші:Қазақстан –егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

2-Жүргізуші:Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың 
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі!
Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!

Әнұран орындалады. 

1-Жүргізуші: Иә, ата - бабам аңсаған азаттық таң.

2-Жүргізуші: Ата – бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбіреді.

1-Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.

2-Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.

1-Жүргізуші: Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты мерекелік шарымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақпақтар айтылады 
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өреңдер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ертіктерін мәңгілік сақталады

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңігік
Ел жадында қалған күн


Елдігімнің реңі
Теңдігімнің тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым арай таным

«Балдырған» тобы ұлдарының орындауында би «Жорға»

2-Жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! 

Ән: Желтоқсан желі

1-Жүргізуші: Аяз қысып,төкті қыс та қаһарын
Сиретпеді жастар бірақ қатарын
Қайдан білсін милиция қорғаны 
Ұрып - соғып суық сумен атарын! 

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.

Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Автор сөзі:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап 
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім ,құлыным

Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай 
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте тергеушілер кіріп келеді.



1 тергеуші : Иә, Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысын?
Сен 18 желтоқсан күні сағат 10де қайда болдың?

2 тергеуші: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

1 тергеуші: Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савиицкиді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісін.

2 тергеуші: Мен ешкімді өлтірген жоқпын.

1 тергеуші: мойында! Мойындасаң жазаң жеңілденеді.

2 тергеуші: Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын. Бұл жала ғой

1 тергеуші: Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.
2 тергеуші: жарайды онда өзінен көрсін.

Жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған даланды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күнде жетті.

1 Жүргізуші: Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып 3 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын.

1 тергеуші: Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Қайрат:
21 де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

2 тергеуші :Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.

Ән: Біз отанның ұланымыз

1-Жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан - тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді 
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті 
Л –дейді лағып лепірме 
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі

2-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен 

Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

1-Жүргізуші: Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған 
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын

Азаматтарымыздың арқасында ата –бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Халқымның ар –намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері ақталды.

2-жүргізуші: Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік , халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі