400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты жазылған эссе Ата -бабадан аманат боп қалған асыл дініміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүр, ұлттық болмысымызды, еліміз бен жерімізді сақтау және халық алдындағы ең үлкен борышымыз - бойында еліне деген құрмет пен адалдық бар, жауапкершілігі мол саналы ұрпақты тәрбиелеп жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Тарих сахнасында сан мыңдаған ғасырға бергісіз ұлы оқиғалар мен ұлы жеңістер болып өтті. Ұлы дала бойында емін-еркін, өз салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қазынадай сақталған қазақ дейтін халықтың басына жиырмасыншы ғасырдың басынан - ақ бұлт төнген-ді. Отарланған, отанының бетке ұстар азаматтарынан айырылып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен қайран халық не көрмеді. Тең қоғам, таптық бөлініс болмайтын тату қоғам, бай мен кедей деп бөлінбейтін мықты одақ боламыз деп жетпіс жыл жеткізбес арманда қалдық та. Бірақ бойында бостандыққа деген ұлы құлшыныс қайнаған ұрпақ ары қарай құлдық санамен бодан болып өмір сүруге келіспейтінін ашық көрсетті . "Тәуелсіз ел" боламыз деп күрестік.

Біз шыр етіп дүние есігін ашып жатқанда , бізбен бірге бұл сахарадай кең далаға тәуелсіздік дейтін ұлы сөз бірге кіріп келді. Өзгенің әнін айтып, өзге тілде сөйлеп, өзге ұлттың болмысына көшіп, өзін ұмыта бастаған халыққа тәуелсіздікпен бірге болашақ ұрпаққа деген үлкен сенім мен үміт, рух пен жалын кірді.

Ұлты үшін ұлтарақ болып, шындық үшін шырылдап, шыбын жаны шылбырдың құрсауында қалған қайран батырлардың ерлігі желтоқсанда еріп кеткен ақ қардай ел жадынан ұмытылып кетпесе дейсің! Бөрі мінез бабалардың аңсап, боздақ қаны боз далада бозарып жатса да, жығылмаған елдің намысы мен күш-жігері, тапталмаған ар-намысы алдындағы парызымыз – азаттықтың аппақ жалауын кірлетпей, аманатты адал сақтау деп білемін. Асқақ рухтың тіріліп, тар тіршіліктің құрсауынан босатып, қазақ дейтін халыққа бостандықтың таңын сыйлаған Тәуелсіздіктің жасы, міне, отызда. Отыз жылда мың ғасырға бергісіз, жылдар жалмай алмас берік шаңырақтың негізін сала алдық. Балаларымыз туған жердің топырағында емін-еркін аунап, туған елдің ортасында бал-бұл жайнап өсуде. Өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілінде ән шырқап, өз күйімен сусындап өсуде. 1991 жылдан бері қарай әрбір ата - ана баласына туған тарихын айтып, ана тілінде сөйлеуді жаппай қолға алды. Кітаптар мен баспалар, газеттер мен журналдар өз тілімізге көшті. Бойымызда бодандықтың иісі де жоқ біз сияқты жалындаған жастардың санасына "Қазақстан республикасы", "Тәуелсіз ел", "Әнұран", "Төл теңге", "Ұлттық мейрам", "Жарқын болашақ" деген ұлы ұғымдарды сіңірді. Солайша, ұлтын сүйер, жерін құрметтеп, елін қорғайтын нағыз азаматтар тәрбиеленді.

Біздің ендігі парызымыз – ата -бабадан аманат боп қалған асыл дініміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүр, ұлттық болмысымызды, еліміз бен жерімізді сақтау. Халық алдындағы ең үлкен борышымыз - бойында еліне деген құрмет пен адалдық бар, жауапкершілігі мол саналы ұрпақты тәрбиелеп жеткізу. Біз тәуелді болуды, бас иіп бодан болуды сезінбеген ұрпақ ретінде өз балаларымызға, кейінгі ұрпаққа да осы бір асқақ сезімді, ұлы аманатты жеткізу керекпіз. Мәңгілік елдің тұғырын сақтағымыз келсе- тәуелсіздігімізді сақтауымыз қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.02.2022
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі