Тәуелсіздік - тендесі жоқ байлығым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - тендесі жоқ байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Күні:

15.12.2025ж

Сынып жетекші:

Болатқызы А.

Сынып: 11 «Л»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!»

Сабақтың мақсаты:

1. Еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру.Тарих пәнінен білімдерін шыңдау.

2. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту

3. Өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Құндылықтарды дарыту

Қоғамдық тәртіпке, заңға бағыну және шынайы ақпарат тарату мәдениетін үйрету.

Апта дәйексөзі

«Талап бар жерде тәртіп бар»

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру бөлімі

(10 минут)



































Негізігі бөлім

25мин
















Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде.1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.

Бұл мереке – ұлы мереке, шын мәнінде ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мұнан 25 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

Бүгінгі шарамыз ҚР Тәуелсіздік күніне арналады.

Ақталған ақ арманы, үміттері,

Қашан көрсең жүреді күліп тегі.

Қаумалаған ағайын, аманбысың,

Аманбысың сайыстың үміткері- дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!

Шын жүйрік шабысымен танылады,

 Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады - дей келе сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазылар алқасын атап кетейік.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады: 1 - кезең – «Бәйге», 2 - кезең – «Полиглот», 3 - кезең – «Кім жүйрік?», 4-кезең – «Құпия сандық», 5 - кезең – «Көрерменнен көрімдік», 6 - кезең - «Талапкер».

Ойыншылардың жауап беру ретін жеребе бойынша анықтайық.

1 - кезең «Бәйгенің» шарттарын түсіндіріп кетейін. Әр сайыскер өзіне ұнаған ұяшықты таңдайды және сол ұяшықтағы жасырылған тест сұрағына жауап беруі керек. Дұрыс жауап - 1 ұпай.

  1. Қазақстан Тәуелсіздік алған жыл?

А)1990жыл 16 желтоқсан

Б) 1991 жыл  16 желтоқсан

В)1989 жыл  16 желтоқсан

2. 1986 жылы 16 желтоқсан  оқиғасы қай қалада болды?

А) Ақмола

Б) Талдықорған

В)Алматы

3. Мына  монумент қалай аталады?

А) Алтын адам

Б) Тәуелсіздік

В) Алып адам

4. Қазақстанның астанасы1926-1929 жылдары қай қала болды?

А)Астана

Б)Алматы

В)Қызылорда

5.ҚР астанасы Астана қаласына қай жылы, қашан көшірілді?

А) 1991 жылы 16 желтоқсан

Б) 1990 жылы 10 желтоқсан

В) 1997 жылы 10 желтоқсан

6.Тұғыш президент күні  қашан?

А)1 желтоқсан

Б)16 желтоқсан

В)25 қазан

7.Қай уақытта Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшесі болды?

А)1992 ж 2 наурызда

Б)1991ж 2 наурызда

В) 1993ж 2 наурызда

8. Тұғыш президенттің туған жері?

А)Алматы облысы Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылы

Б)Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы

В)Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған селосы

2 - кезең “Полиглот”. Мұнда сайыскерлер кеспе қағаздарындағы мақал - мәтелдерінің тиісті сөзін қойып, оны орыс, ағылшын тіліне аударады. Жауабын тапса - 1 ұпай, орыс тіліне аударса – 2, ағылшын тіліне де аударса – 3 ұпай беріледі.

1. адам – ормансыз бұлбұл. (Отан, Родина, homeland)

2. Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан. ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман, плохой, bad)

3. тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык, language)

4. көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.(досы, друг, friend)

5. өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.(қыз, девочка, girl)

6. сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді. (сөз, слово, word)

7. – кеме, білім – теңіз. (мектеп, школа, shool)

8. сүті бой өсіреді,

. тілі ой өсіреді. (ана, мать, mother)

9. Кітап – ғылым, тілсіз. (мұғалім, учитель, teacher)

10. Балалы. – базар,

Баласыз. – қу мазар. (үй, дом, home - house)

3 - кезең «Кім жүйрік?». Оқушылар сұрақтарға бірінші болып, дұрыс жауап берулері тиіс. Дұрыс жауап - 1 ұпай.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

2. Киіз үй неден жасалады (киізден)

3. “Мен“ қай сөз табы (есімдік)

4. Қазақстан туы қандай түсті?(көгілдір)

5. Табыс септігінің сұрағы?(кімді? нені?)

6. Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар? (ту, әнұран, елтаңба)

7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

8. “Төрт” сөзінде неше буын бар? (1)

9. Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

10. Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Ж. Нәжімиденов, Н. Назарбаев)

11. Реттік сан есімді ата. (бірінші)

12. Отырар қалсының көне атауы. (Фараб)

13. Немеренің баласы. (шөбере)

14. Бие сүті қалай аталады? (қымыз)

15.Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы?(Әлжан)

4 - кезең «Құпия сандық».

Ойыншыларға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.

1. Тұзда бар, суда жоқ.

Мұзда бар, буда жоқ. (ұ)

2. Гауһарда бар, гүлнарда жоқ.

Жауһарда бар, сәуледе жоқ. (һ)

3. Үйде бар, шиде жоқ.

Күйде бар, биде жоқ. (ү)

4. Қазда бар, үйректе жоқ.

Құрда бар, шілде жоқ. (қ)

5. Дәнде бар, елде жоқ.

Сәнде бар, селде жоқ. (ә)

6. Бірде бар, үште жоқ.

Екіде бар, бесте жоқ. (і)

7. Қарғада бар, сауысқанда жоқ.

Тоғайда бар, аққуда жоқ. (ғ)

8. Шөлде бар, далада жоқ.

Көлде бар, теңізде жоқ. (ө)

9. Қайсы әріп қасарып,

Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)

5 - кезең «Көрерменнен көрімдік».

Топ ойыншылары қима қағаздағы сөйлемді қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.

(Мысалы: Мұғалім сабақ түсіндірді)

6 - кезең «Талапкер». Әр топқа үш сөз беріледі. Сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.  «қазақстандықтар» сөзінен бірнеше сөздер құрайды. Қанша сөз – сонша ұпай.

(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т. б.)

1.Қазақстан

2.Тәуелсіздік

3. Мемлекет

Әділқазылар шешімін тағайындағанша «Көк тудың желбірегені» әнін бірге шырқайық (видео - ролик жүреді)

Қорытынды.

Тәуелсіздік күні – қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғанан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етті. Бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын. Тәуелсіздік күнінің қарсанында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айырықша мерекемен құттықтаймыз.



Сұрақтар ға жауап береді




















Тақырып бойынша өз ойларымен бөліседі
































Бірлесіп жұмыс жасайды
































































































































Кері байланыс жасайды


Тақырып

тық суреттер



























































Қосымша материал

дар





Кері байланыс

(10 минут)

"Тілек ағашы" Сабақ соңында оқушылар қағазға өз тілектерін немесе ұсыныстарын жазып, ағашқа жапсырады.

Оқушылар тілектері мен ұсыныстарын білдіреді

Қағаз қиынды лары





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі