Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған мазмұнды іс-шара жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелеу.


«Тойбастар» күйі (хабарланбайды)


1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

1-жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

2-жүргізуші:

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. Міне содан бері 24 жыл!

Тәуелсіздігімізге арналған мерекелік тәрбие сағатымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады

Кенесары:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


2-жүргізуші: Абдурахман, сен білесің бе Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не екенін?

Абдурахман: Иә, білемін. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Қақаған күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз Қазақ қыздарын

Омондар бастан тепкен күн,

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір дауа

Ер қайрат қыршын кеткен күн.

Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» Ибраһим


2-жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.


Дария:

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Сезім:

Желтоқсанда шындық жырын

шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді) – Біржан, Жәнібек, Нұржан, Аянберді

2-жүргізуші:

1 минут үнсіздік

Ән: «Желтоқсан желі» орындайтын: Хор


Қымбат: Тәуелсіздік  - Қалқаман Сарин

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!



Тәуелсіздік туралы бейнероликті тамашалайық.

Ән: «Атамекен» орындайтын: Хор - (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)


2-жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

1-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Жауапты: Аяулым Муратбаевна Рыспекова





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2023
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі