«Тәуелсіздік – ұлттық өрлеу
мен рухани жаңғырудың ұлы күші» тақырыбындағы онкүндікте «Туған
жер» атты жас жазушылар байқауының өту барысы туралы
мәлімет
И. Рыбалко атындағы жалпы орта
мектебінде 8.12.2017 жылы мектеп кітапханасында «Туған жер»
тақырыбында жас жазушылар байқауы өткізілді. 5-11 сынып оқушылары
арасынан 23 оқушы қатысты. Байқау екі бөлімнен тұрды. Бірінші
кезеңде кіріспе сөздер мен байқаудың шарты және мәні туралы қазақ
тілі мен әдебиеті пән мұғалімі С. Түймебаева түсіндіру жұмыстарын
жүргізді. Ол түсіндіру барысында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғырту»
бағдарламасының мәні мен мазмұнын таныстырып
өтті. (2.3 ТУҒАН
ЖЕР) Отаншылдық өз жеріңе, өз
аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау
алады... Барлық уақытта ұлттық
бірегейліктің тұғырнамасы болып туған жер табылды, оның айналасында
онда тұратын барлық ұлттардың дәстүрлері мен мәдениеті
қалыптасты. Отанға деген
сүйіспеншілік сияқты әлеуметтік сезім
тіршілік әрекетінің барлық салаларында жаңа жетістіктерге жетуге
итермелейді.
«Туған жер» бағдарламасы
мейлінше кең мақсатты «Туған ел» бағдарламасына ұласады. Өзінің
туған еліңе (Қазақстанға деген) – Отаныңа деген махаббат кіндік
кескен туған жерден басталады, - деп
туған жердің табиғаты мен
ерекшелігі туралы таныстырылым жасап, әңгімелеп
өтті.
Екінші кезеңде жас жазушылар
өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Шығармашылықпен шабыттана жазған
жас жазушылар байқауда туған жер тақырыбында тамаша ойлар мен оның
ерекшелігін тамсана сипаттап, көркем сөздермен көмкеріп, туған
жерге деген жүректен шыққан құрметтерін жеткізе жазды. «Жүйріктен
жүйрік озар жарысқанда» демекші, қазақ тілі мен әдебиеті пән
бірлестік жетекшісі Алия Имашева бастаған әділқазы алқалары
шешімімен 1-орын, «Жүйрік қаламды жазушы» атағы 8 «Б» сынып оқушысы
Жазықбай Еркежанға, 2-орын «Қарымды қаламгер-жазушы» атағы 6 «А»
сынып оқушысы Қалыбай Нұрайға, 3-орын «Ізденімпаз жазушы» атағы 7
«Ә» сынып оқушысы Қалдыбек Айғанымға бұйырды. Байқауға қатысқан
оқушылардың шығармашылығы әділқазы тарапынан мектепішілік
марапаттауларға ұсынылды.
Кыстаубаева
Айжан
Хаттама
И. Рыбалко атындағы жалпы орта
мектебінде 8.12.2017 жылы ДТІЖО мен қазақ тілі мен әдебиеті пән
бірлестігінің отырысы болып өтті.
Қатысты: ДТІЖО – Х.Айымбетова,
қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік
мүшелері
Күн
тәртібінде: «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеу
мен рухани жаңғырудың ұлы күші» тақырыбындағы онкүндікте «Туған
жер» атты жас жазушылар байқауының өту барысы
туралы
Тыңдалды. ДТІЖО – Х.Айымбетова
өз сөзінде бүгінгі таңда өзекті болып тұрған «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғырту» бағдарламасының мәні мен мазмұнын
таныстырып өтті. 2.3 ТУҒАН
ЖЕР. Отаншылдық өз
жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген
сүйіспеншіліктен бастау алады... Барлық уақытта ұлттық
бірегейліктің тұғырнамасы болып туған жер табылды, оның айналасында
онда тұратын барлық ұлттардың дәстүрлері мен мәдениеті
қалыптасты. Отанға деген
сүйіспеншілік сияқты әлеуметтік сезім
тіршілік әрекетінің барлық салаларында жаңа жетістіктерге жетуге
итермелейді. Өз Отаныңа деген ұқыпты ізетті қатынас өз жеріңе,
еліңе, қоғамыңа деген тығыз эмоциялық
іңкәрліктің негізінде туындайды.
Отаншылдық радикалдық қозғалыстардың әсерінен қорғайтын күшті
қалқан болып табылады.
Өз жеріңе, оның
мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен дәстүрлеріне ерекше қатынасты
қалыптастыру және ғұрыптау қажет. Қазіргі қазақстандықтар өз
бабаларының осы жер үшін, оның аядай әр бөлігін сақтап қалу үшін,
өзінің әдет-ғұрпын сақтау мүмкіндігі үшін, өз
ұрпағына
еркін болашақты қамтамасыз ету үшін күрескенін түсінуі
қажет.
Мысалы, бүгінгі таңда
Қазақстанда Ұлы Отан соғысы әсерін тигізбеген бір де бір
қазақстандық отбасы жоқ. Бұл үрей тудырған өткен өміріміз, бірақ,
ол баршаға ортақ өткен шағымыз, оның қиындықтарын біздің аға буын
иық тіресе, бірлесе отырып жеңді. Осыны түсіну
отаншылдық рухын нығайтып, азаматтарды
біріктіруге және сырттан әсер ететін күштерді жеңуге ықпал етуі
тиіс.
Сондықтан «Туған жер»
сияқты бағдарламаны жасау қажет, -
деді.
Сөйледі. Қазақ тілі мен
әдебиеті пән бірлестік жетекшісі Алия Имашева «Тәуелсіздік – ұлттық
өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» тақырыбындағы онкүндікте
«Туған жер» атты жас жазушылар байқауының өту барысында жетістіктер
мен кеткен кейбір кемшіліктерді болдырмау жолдарына тоқталып,
атсалыса қатысқан оқушылардың жұмыстарынан үздік шыққан 8 «Б» сынып
оқушысы Жазықбай Еркежанға 1-орын, «Жүйрік қаламды жазушы» атағын,
6 «А» сынып оқушысы Қалыбай Нұрайға 2-орын «Қарымды
қаламгер-жазушы» атағын, 7 «Ә» сынып оқушысы Қалдыбек Айғанымға
3-орын «Ізденімпаз жазушы» атағын лайықты деп, мектепішілік
марапаттауды ұсынды.
Қаулы
етті: «Тәуелсіздік –
ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» тақырыбындағы
онкүндікте «Туған жер» атты жас жазушылар байқауына белсене
қатысқаны үшін 8 «Б» сынып оқушысы Жазықбай
Еркежанға 1-орын, «Жүйрік қаламды
жазушы» атағын, 6 «А» сынып оқушысы Қалыбай
Нұрайға 2-орын «Қарымды
қаламгер-жазушы» атағын,
7 «Ә» сынып оқушысы Қалдыбек
Айғанымға 3-орын «Ізденімпаз жазушы»
атағын
лайықты деп,
мектепішілік марапаттауға ұсынылсын.
ДТІЖО: К.
Айымбетова
«Тәуелсіздік – ұлттық өрлеу
мен рухани жаңғырудың ұлы күші» тақырыбындағы онкүндікте «Туған
жер» атты жас жазушылар байқауының өту
барысы
1-орын алған 8 «Б» сынып
оқушысы Жазықбай Еркежан
2-орын алған 6 «А» сынып
оқушысы Қалыбай Нұрай
3-орын алған 7 «Ә»
сынып оқушысы Қалдыбек
Айғаным