жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соққан жүрегім" атты тәрбие сағаты. 1 класс
Тәуелсіздік-тірегім,елім деп соққан жүрегім
Мақсаты: оқушылардың тәуелсіздікті сақтап, жерді қорғауға, еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта. Сахна мерекелік кешке сай безендірілген.
Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған « Елім менің» әні орындалып тұрады.
1-жүргізуші:
Армысыздар,ағайын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған « Тәуелсіздік тірегім- елім деп соққан жүрегім » атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Атыңнан айналайын,егемен ел,
Тәуелсіздік күнің туды, кеңеле бер
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болсын келе берер!-дей отырып бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын, көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі әнұраны(әнұран орындалады)
1-жүргізуші: Мемлекеттік тәуелсіздік-ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне,еркіне,қуатына сеніп,бар мақсаттарын жүзеге асырушылық. Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштық кепілі.
Қазақстан-көк байрақты нұр едің
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім
Өзің менің қуанышым бақытым
Өзің менің мақтанышым, тірегім
«Көк тудың желбірегені» әні орындайтындар ұлдар тобы
Көрініс: «Үш бидің халыққа ұраны»
Мұғалім: 1986жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ елінің аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатов, Ләззат Асанова және тағы басқа да қазақ жастары қатысты. 1986жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді. Тәуелсіздік құрбандарының рухына тағзым етіп 1минут еске алайық.(1 минут үнсіздік)
1-оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік-ел бақыты ертеңі
О,халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-оқушы: Арайланып, Тәуелсіздік таңы атқан
Шаттан халқым-жігермен де, қанаттан
Егеменді елдігімнің ертеңін
Шын ғұмырлы ете көргей, жаратқан!
Жасасын Қазақстан!
3-оқушы: Республикам! Күндей күлген шығыстан
Асыл елім жан жүректі ұғысқан
Ата-бабам аңсап өткен бақытпен
Алтын бесік- Қазақстан-Гүлстан!
Хор: « Біз өмірдің гүліміз!»
4-оқушы: Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да, талай жұртқа танылды
Қазақ елі,көкке жетті көк туың
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі
5-оқушы: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О,тәңірім, бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
6-оқушы: Қазақпын, еңселі елмін егеменді
Кеңейттім кең әлемге керегемді
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді
Қазақпын,қойнауы-құт жері-дархан
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам
Жүргізуші:
Жарастың орындауында «Жаным қазақ» әні. Қабыл алыңыздар!
7-оқушы: Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным
Көк туымды қалайша құлатармын
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар
Бәріміз баласындай бір атаның
8-оқушы: Қазақстан-ғажап өмір байтағым
Күндей күліп,сенде туып жайқалам
Барлық ұлтпен бауырласып дос болып
Тәуелсіздік әнұранын айтамын
Мұғалім: 1991 жылы 16 желтоқсанында біздің елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы ата заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы халықтарының өмір сүру деңгейі көтерілу үстінде. Өмірімізге көптеген өзгерістер енгізілді. Халқымыз сол ғасырлар аңсаған асыл армандарын жүзеге асырды. Тәуелсіздігіміздің берік негізі қаланды. Жанымыз жаңарып,санамыз сараланды.
1-оқушы : Жер көлемінен дүние жүзінен тоғзыншыорын аламыз
2-оқушы: 1991жылдың 1желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш презденті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
3-оқушы: 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
4-оқушы: 1991 жылы 2 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
5-оқушы: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.
6-оқушы: 1992 жылы4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер қабылданды.
7-оқушы: 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық ақша төл теңгеміз айналымға түсті
8-оқушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды
9-оқушы: 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматы тәуелсіздік монументі ашылды
10-оқушы :1998 жылы Астананың тұсаукесері болды
11-оқушы: 1997 жылы 1шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданды
12-оқушы: 1999 жыл маусым «Жаңа Қазақстан» атты көп томдық ұлттық энциклопедияның бірінші томы жарық көрді.
Жүргізуші: «Кесе сылдыры» биі. Биші қыздардың орындауында қабыл алыңыздар!
9-оқушы: Қазақстан- менің байтақ мекенім
Қанат қақты Тәуелсіздік желкенің
Мың қуанып, мың өліп,,мың тірілген
Қазақ атын мәңгі мақтан етемін
10-оқушы: Тәуелсізбін! Еркін елмін-Егемен!
Еркіндігін қыран құсқа теңеген
Көк байрағым шырқау көкте желбіреп
Тұрса мәңгі,мұңаямын неге мен
11-оқушы: Біз қазақпыз!
Есігі ашық,төрі кең
Жылап өттік жылдар, өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық
Мына өмірге иегердің көзімен!
Жүргізуші:
Өмірімізді, өткенімізді көріп
Әнімізді,жырымызды тыңдап
Ерлігімізге,тірлігімізге қарап
Әдет-ғұрпымызды көріп
Сөзімізді-өзімізді тыңдап
«Бұл қазақ» дейді
Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын!»
Жүргізуші: Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, Қазақ елінің бірлігін сақтау біздің Отансүйгіштік ең басты парызымыз,әрі борышымыз. Қазақстан гүлденіп жайнай берсін!
Қасиетті Қазақстаным менің
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің
Елім,жерім, Отаным,бақ-дәулетім
Болашағым өнер білім өркенім
Ұлдардың орындауында қазақ биі «Шабандоздар»
Бәрі бірге: Тәуелсізбін! Егеменмін! Азатпын!
Туды міне, ел аңсаған азат күн
Елдің туын биік ұстар әрқашан
Болашағы мына біздер қазақтың!
Хор: Атамекен
Жүргізушілер: Тәуелсіздігіміз баянды, еліміздің тұғыры биік,еңсесі жоғары болсын ардақты ағайын! Әрқашан бірлікте болайық! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген