жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік - тұғырым
13.12.2018
ж.
Такырыбы:
Тәуелсіздік -
тұғырым
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі, оның қалай келгендігі туралы түсінік беру,Отансүйгіштікке тәрбиелеу ,сөздік қорын молайту, ой- өрісін дамыту. Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жері мен елін сүюге,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, рәміздердің
суреттері,нақыл сөздер, шарлар.
Барысы:
Гимн орындалады.
-Балалар ,біз қай Республикада
тұрамыз ?
-Еліміздің Президенті кім?
-Бас қаламыз қай қала ?
-Біздің ұлтымыз қандай ?
-Қай тілде сөйлейміз ? (Балалардың жауабы ).
- Өте жақсы. 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күні . Еліміз егемендік алғаннан кейін Ата заңын қабылдады ,
мемлекеттік рәміз-дерін белгілеп, өзінің ұлттық валютасы – теңгесін
шығарды.
Құрметті мұғалімдер, қамқор ата-аналар, қымбатты балалар, сіздерді
Тәуел-сіздік күнімен құттықтаймыз.Осынау мерекеге орай
өткізілетін«Тәуелсіздік - тұғырым» атты тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
1-бөлім Мұғалімнің кіріспе
әңгімелеуі (слайд)
Бейнебаян «Желтоқсан
желі»
2-бөлім «Мен жырлаймын» (балалардың
жыр шумақтары)
Інжу:
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім Ту, Елтаңба, Әнұран
Рәміздерді жатқа білген жөн,кісі.
Нұриман:
Көк байрақ –көк аспан
Алтын күн нұр шашқан
Әлемге танылған
Тәуелсіз Қазақстан
Гүлназым:
Көк байрақ иілмесін ,жығылмасын
Көзге жас кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп
Қазағым ,сен қашанда тұғырдасың
Диас
Көк байрағы желбіреп
Асқақтай түсті аспандай .
Бақыттың таңы мөлдіреп
Айнала нұрын шашқандай.
Қасиет
Батырлыққа нұсқаған
Бабаларға ұқсаған
Ертеңі үшін ұрпақтың
Ерлік туын ұстаған.
Ұлағат
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Ән-хор: «Көк тудың
желбірегені»
1.Көк тудың желбірегені
-
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.
2.Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
Дильназ
Біз жас ұлан –Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі.
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені.
Бек
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Мейрамбек
Әнұраным ,жан ұраным ,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Айтар әнім сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Айым
Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады ,
Республика Әнұраны.
Нұрдаулет
Егемен елдің ұлымын
Ертеңгі күннің нұрымын.
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін.
Аянат
Елтаңбасы елімнің
Ортасында шаңырақ .
Мемлекттік туымен
Күн шығып тұр жарқырап.
Айбөбек:
Тәуелсіздік ұранымыз,
Біз келешек ұланымыз.
Көкке ұшар әсем шарлар ,
Біз қазақтың қыранымыз.
Рауан:
Мәңгі ,мәңгі ,мәңгі айтылар ,
Біз халықтың жыр әніміз .
Астанадай қаласы бар ,
Болашақтың сыр ,сәніміз .
Салтанат:
Әркез жанып , таусылмайтын ,
Біз Отанның шырағымыз .
Талмайтұғын қос қанатты ,
Ата- баба шырағымыз.
Мерует:
Отанды біз атамекен ,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен ,
Бабамыз бен атамыз .
Бекет:
Отанды жас , кәріміз де ,
Туған жер деп сүйеміз .
Өйткені онда бәрімізде,
Туып өмір сүреміз.
Асылай:
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды.
Дана:
Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
Мұхаммедәли:
Жасыл желек оранған,
Әрбір көшең көк орман.
Сенде түлеп, сенде өскен
Жас ұрпақта жоқ арман.
Батырхан:
Заман жаңа, ел жаңа
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам – өз Ордам
Сүйенерім сен маған!
Зере:
Асқақтай бер, Астанам,
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған!
Бақдәулет:
Отан сенің ата – анаң,
Отан досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң
Отан аудан , ауылың.
Еркебұлан:
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
3-бөлім
«Жеті
қазына»
1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға
(президент)
2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ,
күлкі)
3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз,
көктем)
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4
маусымда)
5. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым)
6. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл -
білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік
тазы)
7. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота
Уәлиханов, Жандарбек
Мәлібеков)
8. Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш,
айбалта)
9. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз,
жетіген, сыбызғы, дауылпаз, адырна, керней,
шертер)
10. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен
Ниязбеков)
11. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы
бес саулық)
12. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер
мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету
)
13. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен
Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан
Назарбаев)
14. Ұлттық ойындар (Ханталапай, қыз қуу,
бәйге, аламан, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы,
асық)
15. Үш дана (Абай, Шоқан,
Ыбырай)
16. Шығыстың қос шынары (Әлия мен
Мәншүк)
17. Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда
тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр
жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт
жоқ)
18. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық,
кереге, иіні, түндік, туырлық, ши,
т. б.)
19. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? (22
наурыз)
20. Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің
іздеуі, ісіңнің
өшпеуі)
21. Төрт түлік (жылқы, сиыр, түйе, қой,
ешкі)
22. «Батыр» сөзіне қарсы мәндес сөзді ата
(қорқақ, ез)
4-бөлім
«Мақал – сөздің
мәйегі» (топ
бойынша)
1. Ел ағасыз
болмайды,...
(Тон жағасыз
болмайды)
2. Бірлік
болмай,...
(тірлік
болмас)
3. Қоянды қамыс
өлтіреді,...
(Ерді намыс
өлтіреді)
1. Елу жылда ел
жаңа,...
(Жүз жылда
қазан)
2. Тау тауға
қосылмайды,...
(Адам адамға
қосылады)
3. Талапты
ерге...
(нұр
жауар)
1. Ел
іші...
(алтын
бесік)
2. Басқа елде сұлтан
болғанша,...
(Өз еліңде ұлтан
бол)
3. Ит тойған жерін
іздейді,...
(Ер туған жерін
іздейді)
1. Елдестірмек –
елшіден,...
(Жауластырмақ -
жаушыдан)
2. Айтулы достың малы
бір,...
(Кемедегінің жаны
бір)
3. Жаңбырмен жер
көгереді,...
(Батамен ел
көгереді)
Ән-хор:
«Атамекен»
Ойын: «Мен Отанымның ... сүйем»
Шығармашылық тапсырма: «Менің Қазақстаным» сурет
салу
Бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік
тілейміз .Тәуелсіздіктің тұғыры биік, аспаны-мыз ашық,заманымыз
тыныш болсын .
№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Тәуелсіздік - тұғырым
(тәрбиелік шара)
2 «ә» сынып жетекшісі
Айтқұлова М.
2018-2019 о/ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген