400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік -тұғырым
Мақсаты:
Қазақстанның кең-байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін дамыту. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен таныстыру. Балалардың қызығушылығын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету. Өз Отаны туралы білуге деген құштарлығын ояту, патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: отан- родина
Сөздік жұмыс: тәуелсіздік
Көрнекіліктер: рәміздер суреттері, бейнекөрініс
І. Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасының Гимні
Шаттық шеңберін ұйымдастыру
Ашық болсын күніміз,
Биікке тұрсын туымыз.
Тату -болсын халықтар,
Бақытты болсын балалар!
ІІ. Негізгі бөлім
1. Балалар бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын сендермен бірге бейнетаспа көрейік.
Ал балалар сенде мына бейнетаспадан нені көрдіңдер? Не түсіндіңдер? Балалар бір топта ұрыссысуға болама?
Балалар бұл бейнетаспадан көрген үзінді бізді егемендікке әкелген қиында, қыстау жол. Бұл шеруде мыңдаған жастар көтеріліс жасады. Біздің аға- әпкелеріміз ерлікпен, өз өмірлерін қиып, бізге осы күнді сыйлады. Біздің қазіргі ашық аспан астында бейбіт өмір сүргеніміз, осы ата- бабалар мен аға- әпкелеріміздің артында. Мынау үлкен балабақшада ойнап, білім алып, тыныш өмір сүріп жүргеніміз де осы ерліктернің артында. Олар атап айтсақ Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхаметжанова, Ляззат Асанова және тағы басқа да батыр ағаларымыз бен апаларымыз. Балалар біз егемендікті алып, еліміздің президенті, еліміздің рәміздері де бар . Қараңдаршы ол Гимн, Елтаңба, Ту. Біздің еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып тағайындалды. Қазіргі таңда елбасымыз Қасым Жомарт Тоқаев. Ол біздің елімізді басқарып, бейбітшілік орнатып, халқы үшін аянбай еңбек етуде. Ал біздің Туымызда балалар
бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.  Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген. Балалар бұл біздің еліміздің рәміздері. Біз оны біліп құрметтеуге парыздармыз.
Билингвальды компонент: Отан- Родина
Сергіту сәті:
Ал балалар енді кішкене шаршасақ серігіп алу үшін бүгінгі оқу қызметіміздің сергіту сәтін ерекше қылып өткізгім келіп тұр. Оның шарты: мен сендерге қыран құс бейнесін, күннің және қазақтың ұлттық оюы қошқар мүйіз оюының суреттерін таратып беремін. Кімнің қолында ненің суреті болса тақтада тұрған ұқсас суреттерге барып жиналамыз.
Ал балалар кішкене болсада серігіп алдық. Ендеше тағы да бір ойын ойнап алайық.

Ойын: "Өз еліңнің туын тап"
Шарты:
үстел үстінде әр елдің туы, рәміздерін жайып қойып, балаларға соның ішінен өз еліміздің туын тауып тақтаға ілуді сұрау.
Жарайсыңдар балалар енді серігіп алсақ орнымызға отырып, сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақ- жауап:

-Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі түсінікті болдыма?
-Не туралы айтық?
-Біздің еліміздің Елбасысы кім?
-Біз кімбіз?
- Қай елде тұрамыз?

ІІІ. Қорытынды
Ал балалар, бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылай келе маған Отанымыз туралы мақал- мәтелдер айтыңдаршы.
Отан - отбасынан басталады.
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Отан оттан да ыстық.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметінде жақсы қатысып, мұқияттылықпен тыңдап отырғандарың үшін мен сендерге ризашылығымды білдіріп мына қыран құсын бергім келіп тұр. Қыран құстай алғыр, биікке самғайтын, еліміздің даңқын әлемге паш ететін азамат болыңдар. Рахмет сендерге балалар . Осымен оқу қызметіміз аяқталды.















«Ай-Сана » бөбекжай балабақшасы
















Тәуелсіздік - тұғырым







Өткізген: Г.Сманова













Сарыөзек ауылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі