400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік - тұғырым" мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мінерлеп оқу сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!»

(«Желтоқсан боздақтары» 1986 жылғы архив видео көрсетіледі.)

Осы күнге құмар болған бар текті,

Оның үшін азапты да сан шекті

Абылайлар арпалысы тек емес,

Қабанбайлар бүгін үшін қан төкті.

Мақсат жоқта өміріңде мән кәне,

Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.

Махамбеттін мерт болуы сол үшін,

Соның үшін басын тікті хан Кене.

Талай жылдар тыңдап өстік жат үнді,

Жаттың үні улады анық ақылды.

Егемендік аңсағаны ушін де,

Алашымнын асылдары атылды.

Желтоқсанда жастар шығып айбатты.

Желтоқсанда елдің қамын ойлапты.

Желтоқсан мен тауелсіздікті айтқанда,

Еске аламын Лəззат,Ербол,Қайратты.

Ызғарыңды күндер өтті ызғыған,

Сан кіжіндік бойда талай қызды қан.

Боздақтардың қиып қыршын өмірін,

Желтоқсанда әзер жеттік біз бұған...

Тәуелсізбіз, азат елміз біз бүгін!





Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр. Олай болса, «Тәуелсіздік тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз.

(ҚР мемлекеттік Гимні орындалады)

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әдіскер: Молдабекова Сәнім

Оқу ісінің меңгерушісі: Нұрсұлу Матайқызы

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Демиханова Ақырыс

Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 «А» сынып оқушысы Нұрсұлтан Арна «Қазақ елім» авторы М.Шаханов

  1. 1 «А» сынып оқушысы Молдағұл Фатима «Азатпыз» авторы: Марал Қайрылапқызы

  2. 1 «Ә» сынып оқушысы Бақытова Аяулым «Тәуелсіздікке арнау» авторы: Қалқаман Сарин

  3. 1 «Ә» сынып оқушысы Алиев Азамат «Үш бақытым» Мұқағали Мақатаев

  4. 2-сынып оқушысы Хамзе Інжу «Желтоқсан алаңы» М.Шаханов

  5. 2-сынып оқушысы Айса Әлібек «Желтоқсан» М.Қайрылапова

  6. 2-сынып оқушысы Жақсыбекұлы Бекзат «Тәуелсіздік»

Әділ –қазылар алқасы өздерінің бағасын беріп, төрелігін айтқанша, ортаға МАД сынып оқушыларын өздерінің жыр-шумақтарымен ортаға шақырамыз.

Бүгінгі мәнерлеп оқу сайысына қатысқан барлық оқушыларымызды сахна төріне шақырамыз. Еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында – демекші, білімді болып, білікті, жігерлі де намысты , рухы биік, елінің ертеңіне айналар үлкен азамат- азаматшалар болып жүре беріңіздер. Бүгінгі тәуелсіздігміздің тұғыры әрқашан биік болсын. Сайысымыз өз мәресіне жетті.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
11.04.2018
4416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі