Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арман-мұратының салтанат құруы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы: «Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арман-мұратының салтанат құруы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Тіл және әдебиет институты

«Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасы















БАЯНДАМА





Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арман-мұратының салтанат құруы»





















Орындаған:Алтаева.М.

Отанды сүю – ерекше бақыт, ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы.

Кез-келген халықтың ең үлкен құндылығы – елінің тәуелсіздігі. Ата-бабамыз аңсап өткен тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу – баршамыздың ең басты парызымыз.

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсаған арманы ел тәуелсіздігі еді.

Тәуелсіздік киелі ұғым. Кие деген сөздің өзі қазақ қоғамында үлкен мәнге ие. Сондықтан да еркіндікті аңсап өткен ата-бабаларымыз үшін, біз үшін тәуелсіздікке баға жетпейді.

Тәуелсіздік кез-келген адамның, ұлттың, халықтың және елдің еркіндігі. Осыдан 31 жыл бұрын Қазақстан халқының тәуелсіздігі жарияланып әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Содан бастап тамыры тереңге тартқан ата-баба тарихына бай, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін мәдени мұрасы мол, жаңашылдыққа ұмтылған экономикалық және рухани әлеуеті зор Қазақ елі әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, өркениетті дамуға өз ұлесін қосып келеді. Қазақстанның бүгінгі жетістігі тұтастай қазақ халқының жетістігі болып табылады. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабаларымызды мәңгі жадымызда сақтауымыз керек. Ата бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан ғайыр атамекен жеріміз мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.

Тәуелсіздік-ащы термен келген жеңіс, тәуелсіздікті барлығымыз құрметтеп қадірлей білейік.

Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бірнеше ғасыр бойы, біздің батырларымыз соғыстарда жеңіске жетіп, жерімізді жаулардан аман алып қалды. Қазір, Қазақстан жылдам дамып келе жатқан демократиялық мемлекет. Бұл жетістікке, ата-бабаларымыздың арқасында жеткенімізді ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан, біз олардың ерліктерін мәңгілік есте сақтауға және келесі ұрпақтарға таратуға міндеттіміз. Бұрынғы заманда, әрбір қазақтың жүрегінде тәуелсіздікке деген ұмтылыс болған. Азаттыққа жету – ата-бабамыздың асыл арманы еді. Бұған дәлел ретінде, Ресей империясынан шығу мақсатында орын алған көптеген көтерілістерді келтіруге болады. Ең ұзаққа созылған көтеріліс, Кенесары Қасымовтың басшылығымен өткен. Ашаршылық және саяси репрессия жылдары ұлтымызды қиын жағдайға әкелді, бірақ ата-бабамыз бұған да төзе алды. Халқымыздың сіңірген еңбегін бағалап, Қазақстанды одан да қуатты етуіміз керек, бұл біздің қолымызда. Тарихымызды және мәдениетіңімізді білмесек немесе ұмытып қалсақ, ұлтымыздың абыройын айрандай төгеміз. Бұған жол бермеуіміз керек! Өз елінің дәстүріне сәйкес тәрбиеленбеген адамның келешегі жоқ. Ондай адамның патриоттық сезімі төмен, елімізде болып жатқан оқиғаларға мән бермейді. Өз тамырын ұмытқан халықтың, жарқын болашағы болмайды. Ата-бабамыз мың жыл бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді оны сақтап қалайық!

Тәуелсіздік. Еркіндік.  Бұл ұғымдар айтар ауызға  қауырсындай жеңіл болғанымен, сайып келгенде қорғасындай ауыр, талай аққан тер мен төгілген қанның, жаңбырша тамған көз жастардың дәлелі. Бабаларымыздың сан ғасырдан бергі арманы, қазақ   еліне 1991 жылы 16 желтоқсанда «тәуелсіздік» таңбасы өшпестей мөр болып басылды.

Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап, бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Япыр-ай, қайран қазағымның басына нендей күндер тумады десеңші? Елі қанбай, ері сусын ішпеген, аттың жалында, түйенің қомында, ат ауыздығымен алысып, ер етегімен күн кешкен аласапыран заманда бесіктегі нәрестенің де басы алыныған-ды. Ер азаматтарымызбен қатар ақ жаулықтыларымыз да қолға қару алып, атқа да қонды. Біреудің көлеңкесінде жүруді көксемеді, біреудің тізесіне бас имеді. Тек азат ел болуды мақсат етті, «Алаш» деп ұрандатқан ата-бабаларымыздың аманатына қиянат етпеді.

Азалы жылдардың атасы атанған ашаршылық та қазақ елін айналып өткен емес. «Елім-ай» деп еңіреп,  бір уыс нан да таба алмай аштан бұратылып өлген халқымыз бүгінгі азат күннің туарын білді ме екен? Жаңадан туған шаранасына ақ сүтін де бере алмай, тіпті бір- бірінің еттерін де жеуден тайынбаған қасіретті жылдар да сүйегімізге таңба болып басылды.

Қарша бораған оққа да кеудесін тосып, судай аққан қанның куәсі болған 41-дің қаһарына да ұшырадық. Шайқаста халқы үшін жанын берген, «Отан үшін отқа түскен» даңқты батырларымыздың арқасында қазақ алғаш рет « Жеңіс» сөзін тілге тиек етті. «Жеңіс» деп алғаш рет ұрандатты. Соғыстың жанайқайында қасқырша ұлып, арыстанша алысқан боздақтарымыздың қиылған жаны, төгілген қаны егемендігімізге салынған айрықша дара жол еді.

Бодан болған бірнеше жылдың ішінде баяғы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезді кім аңсамады дейсіз?! Кең даланың төсінде ән салып тазы жүгіртіп, бүркіт баптаған қазаққа тар қапаста күн кешу оңай болмағаны белгілі.

Атының өзінен адам шошырлық атом бомбасы да қазақ даласын дүр сілкіндіріп, дүниенің астын үстіне шығарды. Уланған жер , суша қайнап, бу болып ұшқан үйлер, жүндері түсіп тентіреген жануарлар мен неше түрлі ауруға шалдығып, жарымжан болған адамдардың халін қазіргі таңда елестетудің өзі қорқынышты. Махамбет бабамыздың «Мұнар да мұнар, мұнар күн, бұлттан шыққан шұбар күні» артта қалған заманда атойлатып қазақ елі алғаш рет азат ел атанды. Қайрат, Ләззат, Сәбирадай рухты жастарымыз «Желтоқсан» оқиғасында қасқалдақтай қанын төгіп, жанын берді. Өзіміздің қазақ тұрғанда, өзге елдің адамын билік басына қоюға қарсы болған өрімдей ғана қаракөздеріміздің шыбын жаны шырқырап, етіктері қаннан қатса да, тәуелсіздік жолында «тар жол тайғақ кешті».

Иә, жүректерден өшпейтін, есімізде мәңгі қалатын сол зұлмат тағдырлардың ізі қалған жердің төсінде біз бақытты күн кешудеміз. Тәуелсіз мемлекеттің желбіреген туының астында өмір сүріп жатқан біздің ата- бабамыз кешкен тағдырды ұмытуымызға хақымыз жоқ. Қара қазан, сары бала қамы үшін кеткен қыршындардың ерлігі мәңгілік жадымызда.

Қазіргі таңда ұлттың ұлы арманы орындалды. Көлеңкелі күндер де келмеске кетті. Керей мен Жәнібек қазығын қадап, Қасым мен Есім керегесін кеңіткен, Тәуке мен Абылай шаңырағын шайқалтпаған Атыраудан Алтайға дейін созылған, ұшқан құстың қанаты талатын, ұлан- ғайыр атыраптың бәрі де- азат. Елбасымыз сол қара шаңырақты шайқалтпай, елімізден шашу шығармай, болашаққа бағыттап, кемеміздің желкенін нық ұстап келе жатыр.

Азаттықтың арқасында алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, жер шарына "Қазақстан" деген есіммен танылдық. Ұлан-ғайыр жеріміз әлем картасынан кім-кімді болса да алаңдатары сөзсіз. Дербестіктің нәтижесінде өзіндік дара да даңғыл жолымыз бар.  Бөрі бөрілігін танытпай қоймады. Алты құрлыққа атымыз мәлім. Жас та болса, бас болып әлем елдерімен тереземіз тең ойысып, түтіні түзу ұшқан, тұрмысы бақуатты елге айналдық.

Мен тәуелсіздіктен кейін дүниеге келсем де, Егемендіктің қаншама қиындықпен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Ата –бабаларымыздың аңсаған арманына біздер,яғни бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата – бабамыздың ежелден келе жатқан арманы, ендеше, біз де келешек ұрпаққа дәл солай жеткізейік. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт – азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан – сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Оның ішіндегі қазақтың қос жұлдызын айтпай кетпеуге бол­мас. Елі үшін, жері үшін Мәншүк пен Әлия тәрізді қазақ қыздарын айтсақ болады. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске де­ген қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Міне, осыдан– ақ, қазақ жастарының қандай екенін байқауға болады. Жерін қорғауға барлығы бірдей атсалысты. Бұл олардың отанын сүйетінін, ауызбіршілігіміз жарасқан ел екеніміздің айқын көрінісі ден білемін.

Ендігі жерде бабалар арманы болған, ащы термен келген тәтті жеңісімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау өз еншімізде. Сол себептен, көзіміздің ағы мен қарасындай болған ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, ата-баба қанымен келген  ұлған- ғайыр жеріміз бен ана сүтімен дарыған, кеше ғана Абай, Мұхтар сөйлеген қасиетті тілімізді сақтауымыз керек. Мемлекеттік рәміздеріміздің қашан да алатын орны төр болғай! Тәуелсіздік тұғыры әрқашан да биік болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12