400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге және жас мамандарға, әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау обл Жаңаөзен қ №8 мектеп



Сынып жетекшісі: Кащанова К.К

Тақырыбы: «Тәуелсіздік –баға жетпес байлығым»


Мақсаты: Оқушылырдың Отаншылдыққа,ұлтжандылыққа,ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып,ой өрісін кеңейтіп, өз елінің тарихын білуге үйрету. Сөздік қорын молайтып ,көркемдік тіл байлығын дамыта отырып болашақ мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылырды ата-баба аманатын адал сақтай отырып ,тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтай білуге,патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шарлар,жалаушалар, банер,кітапхана сөресін жасақтау,интерактивті тақта т.б.

Керекті құралдар: гүл шоғы, тәуелсіздік жолындығы құбандардың портреттері.



Жүргізілу барысы:

Маңғыстау телеарнасының жүргізушісінің сөзімен басталады.

Құрметті көрермендер,Сәлеметсіздер ме?

Сіздермен тікелей эфирде жүздескеніме қуаныштымын. Тәуелсіздік тұғырым демекші мен осы тәуелсіздік қарсаңында мерекелік репортаж дайындауға шығып едім .

Әнеее алыстан мектеп оқушылыры көрінеді соларға жақынырақ барып танысайын.

Оқушылардың қолында жалаушалар.

Тілші:Қош келдіңіздер оқушылар !

Сіздер нешінші сыныптың оқушыларысыздар?

Оқушы: Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мекткбінің 8Ә сынып оқушылырымыз.

Тілші: Бәрекелді.

Қайда келе жатырсыздар?

Оқушы:

Мектебіздің концерт залында Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымыз бар еді,

Соған дайындықпен келе жатырмыз.

Тілші: жарайсыңыздар оқушылар менде Маңғыстау теле арнасының тілшісі едім,осы мерекеге байланысты тікелей репортаж түсіруге шығып едім қандай сәті түскен күн болды.

Тілші. Құрметті көрермендер оқушылыр мен сіздермен бірге отырып осы сыныптың мерекелік концертін тамашалаймын сіздермен бірге болатын телеарна жүргізушісі Нұрғали Нұрай Әділбекқызы

Көрермендер :Ду қол соғып қошеметтеу.

Сөз кезегі жүргізушілерге беріледі.

Жасұлан: Ассалаумағалейкум, армысыздар құрметті Ұстаздар,ата-аналар. Оқушылыр

Бүгін біздің мектебімізде 8 ә сыныбының « Тәуелсіздік –баға жетпес байлығым»атты ашық тәрбие сағаты басталады.

Оқушылыр көңіл күйлеріңіз қалаай қол шапалақтап көрсетіңіздерші кәне .

Айй бәрекелді!!! олай болса жалғастырымыз.

Үміт артып үміттерге Айдан ақ,

Үсіп кеткен ымырттарға тайғанап.

Желтоқсанның үстіменен жүгіріп,

Азаттықты жеңіп алдық Ай-Қанат.

Дей отырып ,сіздердің алдарыңызда Меңдібаев Алтынбектің орындауынды Қуандық Рақымның әні «Мен қазақпын»

(Ән айтып болғаннан кейін, сіздердің алдарыңызда рухты билерімен қолдап тұрған сыныбымыздың жігіттері Мейірбек,Нұрсұлтан, Ахмет,)

Жүргізуші сөзі:Ақбота

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Еліме Тәуелсіздік келіп жетті,

Мың жылдық күрестердің арқасында.

Келесі кезекте Ғарифолла Құрманғалиевтың әні :Сәлем Қазақстан!

Орындайтын сынып жетекшіміз Қалдыгул Кадиқызы,қыздарымыз Тамирис пен Дана

Қария саябақта демалып,газет оқып отырады, ұлдар қариямен амандасып алады да ,сөйлесіп келе жатырып сол орындыққа жайғасып отырып,өздерінің ұялы телефондарымен ойын ойнап отырады ,соны байқаған қария көзілдірігін алып ұлдарға сұрақ қоя бастайды.

Балаларым, алдымызда қандай есте ұмытылмайтын күн келе жатыр білесіздер ма ?

Иә ата білеміз ?

Тәуелсіздікті алған 16 желтоқсан күні болады.

Бәрекелді, жарайсыңдар!

Ал мен мына газет ,журналдардан күнде осы саябаққа шығып ақпараттар, әңгімелер ,естеліктер,тарихи тақырыптар оқимын.

Сіздер мектептен,үйде ата-аналарыңнан қандай естелік әңгімелер,тарихи шежірелер білесіңдер?

Алмаздың өлеңі:Тәуелсіздік сыймай шіркін қойынға,

Атап өттік Тәуелсіздік тойын да!

Азаттықты қанмен саған әперген,

Батыр баба ұрпағысың мойында.

Көк аспанға көк жалауы желбіреп,

Күлімдейді бейбіт ұрпқ елжіреп.

Қабанбайлар тыныстаған ауадан,

Азат елге салқын самал келді леп..........

Дидардың өлеңі:

Шуақ шашып жердің барлық осіне,

Уақыттың жүгін артқан көшіне.

Көк түсімен кеңдігімді меңзеген.

Көк байрағым күн қондырған төсіне.

Жалғаныңды кеп тұратын жеңгісі,

Қазақ деген-даласындай кең кісі.

Егемендік мұратымды айқындар

Өз туым бұл өрлігімнің белгісі..........

Ахметтің өлеңі:

Егеменді Тәуелсіз ел болуды.,

Еркіндікті, өз алдына ел болуды.

Аңсаған талай ғасыр қазақ елі,

Тілегің Ұлы арманың орындалды.

Келмеді Тәуелсіздік бізге оңай,

«Мың өліп мың тірілген халық талай,

Келгенше қол жеткізіп осы күнге,

Қаншама қиын асу өткен талай........

Қария ұлдардың арқасынан қағып ЕЕЕЕ балаларым менің бұл күнді қастерлеңдер,ұмытпаңдар

Ата-бабалардың арманының орындалған күні. Аманатты ақтай біліңіздер- деп кетіп қалады.

Жүргізуші сөзі : Олжас Абайдың әні «Алға» орындайтын Жігіттер тобы

( сіздердің алдарыңызда жігерлі әнімен самғаған Азамат, Нұрбол,Нұрасыл,Әлихан)

Мұражайға мектеп оқушылары келеді, Банерден «Тамыры терең тарихы бар қазағым» демекші өз білгендерін қарап бір-біріне айтып тұрады,сол кезде мұражай қызметкері келеді,(Лаура) оқушылыр амандасып білмегендерін көрсетіп сұрайды.(Сақтар дәуірі,түркілер кезеңі,қыпышақтар,Монғол шапқыншылығы, Ақорда,Қазақ хандығы,Ресей патшалағы,Кеңес дәуірі,Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Астана ,Нұр-сұлтан бас қаламыздың бой көтеруі туралы қысқаша қазақ тарихының сатыларын кезең –кезеңімен оқушылырға мұржай мұрағатынан баяндап береді.

------------------- әні: «Арайлап таңым»орындайтын Алтынбек Меңдібаев



(Оқушы Ақбота мектебіміздің «үздік оқырманы» кітапханасында сөреден кітап қарап жүреді ,

Сол кезде мектебімізге хабар теле арнасынан Тәуелсіздік тақырыбына хабар дайындауға жас журналист келеді. Сөзі: Өлең сөздің патшасы тақырыбына оқушыларға шағын түсірілім дайындауға келіп едім, менің аты- жөнім Болатұлы Ғабит Алматы қаласынан келіп отырмын деп өзін таныстырады.Кітапханашы жылы амандасып Сәті түскен сұхбат болатын болды, міне біздің Үздік оқырманымыз Дусен Ақбота ------------------------------------------------------------------------------

Әлиханның Америкадан ағылшынша Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтау Видеосы

Мейірбектің Мәскеуден орысша мерекелік құттықтауы

Ақнұрдың Нұр-Сұлтаннан қазақша құттықтауын интерактивті тақтадан көрсетілімі жіберіледі.

Жүргізуші сөзі:

Тәуелсіздік көптен күткен бақытым

Әзер жеткен баға жетпе жақұтым.

Өркендей бер,пейілі кең қазағым

Қалықтасын көк аспанда бақ құсым,-деп жасыл ,ақ шарларды ұшыру,жалаушаларды ұстап «Қазақтай ел қайда» әнін хормен орындау

Желтоқсанда қыршын кеткен жастардың ,қаһарман аға,апалардың суреттеріне гүл шоғын қою

Ешкімде ,ешқашанда ұмытылмайды деп бәрі хормен айтып кешіміз аяқталады.

Қатысып отырған мектеп басшылырынан «Тәуелсіздік –баға жетпес байлығым атты тақырыбымызға келіп қатысып отырған мектебіміздің басшысы Күрең Кітабайқызы және ұстаздар-----------------

Мен журналис Мырзабекова Лаура Нұрымбиқызы Қазақстан теле арнасының Дара жол бағдарламасынан келіп отырмын өйткені ұстаздар өмірде сіздердің орныңызда ,жолыңызда дара сіздер осы кештен алған әсеріңізді ,өз ой пікірлеріңізді ортаға салып бір –екі ауыз сұхбат берсеңіздер екен деймін.

Мектеп басшысымен ұстаздардың сөзі айтылыды

Енді Жаңаөзен халқына,тұрғындарға ,дәрігерлерге өз ұжымдастарыңызға ,мұнайшылыр тағы да басқа еңбек адамдарына, мерекелік қандай тілек жолдайсыздар.

Сұхбат бергеніңізге көп-көп рахмет,рахмет! сіздерге де, шығармашылық шабыт,мықты денсаулық ,мол несібе тілейміз!. Құрметті көрермендер хабар арнасынан сіздерге сұхбат дайындаған Мырзабекова Лаура Нұрымбиқызы келесі жүздескенше күн нұрлы болғай.



Тәуелсіздік туы желбірей берсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі