400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік- бақытым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік –бақытым!

Мақсаты:  Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау. Желтоқсан оқиғасы жайлы мағлұмат беру.

Көрнекіліктер: ҚР-ның рәміздерінің суреттері, «Желтоқсан құрбандары» порттреттері.

Ұйымдастыру барысы:
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке,-дей келе бүгінгі «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық

(қолдарына жалауша ұстаған балалар топ ішіне кіреді).

Тәрбиеші: Керемет , балалар! Балалар көріп тұрсыіздар бүгін қонаққа апайларымыз келіпті ендеше «Сәлем сөздің патшасы» демекші амандасып алайық. Жарайысздар,балалар! Балалар бүгін бізде айтулы мереке. Бұл күн еліміз үшін нұрлы да жарық күн. Сол себепті мерекелік іс-шарамызды бастамас бұрын балабақша меңгерушісі Шаки апайға сөз кезегін береміз. Балалар,кәне бәріміз тұрып еліміздің Гимнін орындайық.

ҚР-ның Мемлекеттік Гимні

Тәрбиеші: Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілін орыс тілінде -зима деп айтамыз. Қыс айының 3 баласы бар. Олар желтоқсан,қаңтар,ақпан. Осы үш қонағымызды жақсы етіп шығарып салу біздің қолымызда. Желтоқсан айы өте мерекелі ай. Күні кеше ғана 1-желтоқсан тұңғыш Президент күнін тойладық. Енді бүгін 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін тойлағалы отырмыз. Балалар тәуелсіздік деген сөз,яғни ешкімге біз бодан емеспіз. Біз Қазақстан деген ел екенімізді көрсетеді. Балалар, теледидарға зер салып қарайықшы.

- Бұл кім?

- Қасым-Жомарт Тоқаев.

-Иә,бұл біздің президент. Ал,мынау не?

-Ту,Елтаңба

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері. Рәміздерге қысқаша тоқталу.

-Ал,балалар мына суреттегі адамдар. Олар 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасындағы» аға-апаларымыз. Қ.Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев т.б Ендеше осы апа-ағаларымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық. ( видеоролик көрсету).

Есік қағылып қолына дорба ұстаған Тазша бала қонаққа келеді.

Тазша бала: Бұл не жиын,бұл не той! Сәлеметсіздер ме ,балалар! Сендердің дауыстарыңды естіп келіп қалдым. Мен ертегі кейіпкері Тазша баламын.

Тәрбиеші: Қош келдің, Тазша бала! Төрлет! Біз бүгін 16- желтоқсан «Тәуелсіздік » мерекесін тойлағалы жатырмыз. Бұл күнді қанша күткен едік. Міне,ақыр соңы тәтті жеңіске қол жеткіздік. Сен, біздің балдардың өнерлерін тамашал,сыйлы қонақ бол!

Тазша бала: Ой,бәрекелді. Көптен той тойламап ем. Кәне, ендеше өнерлеріңді паш етіңдер!

Тәрбиеші: Ендеше кезекті балаларымыздың тақпақтарына берелік.

Исламхан: Тәуелсіздік елдеміз

Қуанамыз күнде біз

Нұрислам: 16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Кемал: Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз!

Сабина: Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы.

Тәрбиеші: Керемет,балалар! Балалар, біздің әніміз бар еді, солайма?! Ендеше Тазша балаға арнап орындап берейікші.

Ән: «Қошақан»

Тәрбиеші: Тазша бала, қалай бүгінгі мереке ұнап жатырма?

Тазша бала: Әрине, менде құр келегенім жоқ. Өзіммен бірге достарыммен бірге ойнап жүрген асықтарымды ала келдім. Сендермен бірге асық ату ойынын ойнасам.

Ойын: «Асық ату»

Тәрбиеші: Тазша бала жарайсың,ойынын арқылы бала бойына рухани тәрбие беріп жатырсың. Ұлттық ойын түрін үйретіп кеттің. Рахмет,саған.

Тазша бала: сіздерге де көп рахмет! Ал, мен енді жолға шығайын. Достарым күтіп қалған болар. Ал,мынау менің сендерге арнаған сыйлығым.

Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар,Тазша балаға көп рахмет айтамыз. Бүгін әдемі биде дайындап едік. Соны келген қонақатарымызға арнайық.

Патриоттық би: «Жаса,Қазақстан»

Орындайтындар: (Әлинұр, Исламхан, Кемал, Нұрислам, Дінмұхаммед, Даниал)

Тәрбиеші: Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде. Балалар, ұмытып барады екем, Тазша баланың берген сыйлығын үлестіріп шығайын. Міне, тәуелсізддіке арналған мерекелік іс-шарамыз осымен аяқталды. Еліміз тұғырлы, абыройымыз асқақтап, мәртебеміз жоғары,бейбіт заманда өмір сүрейік.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі