Тәуелсіздік -деп соғады жүрегіміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік -деп соғады жүрегіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 30 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйым атауы

Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаyлы лицейi

Педагогтің аты жөні:

Тулеметова К.А.

Сабақ тақырыбы:

«Тәуелсіздік -деп соғады жүрегіміз»

Сабақ мақсаты

1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту;

2. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру;

3. Туған жерін,елін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

































Оқушылармен амандасу

Психологиялық ахуал туғызу.

Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл.

Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 30 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын!

Балалар, тәрбие сағатымызды жалғастыру үшін жүргізушілер Али мен Адемаға сөз кезегін берейін.

1-жүргізуші: Ал енді бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсатына тоқталсақ.

2 жүргізуші: Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту;

2. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру;

3. Туған жерін,елін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу

1-жүргізуші: ҚР ның «Мемлекеттік әнұраны» орындалады.




Презентация

































ҚР Мемлекеттік Әнұраны


Ортасы





































































































Тыңдалым














2. Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі.

1 оқушы: XXI ғасыр –білім ғасыры.Біздің сыныптың ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы -білімде.Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

1 жүргізуші: Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.

2-жүргізуші: Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.

2 оқушы: 1986жылы16-желтоқсан ызғары қазағымның басына ауыр соққы болғаны барлығымызға мәлім.

Талай жалындаған жастар сол жолда жанын қиды. Өз елі, жері үшін күресті. Тәуелсіздік туын аспанға көтеру үшін шеруге шықты.



3 оқушы: Желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шахановтың мәліметі бойынша 8500 адам ұсталып,1720 адам жарақат алған, 1200 адам жұмыстан қуылған, 246 студент оқудан шығарылып, 99 адам сотталып,оны 2-і өлім жазасына кесілді.

4 оқушы: Сабира Мұхамеджанова  Алматыдағы жастар көрсетілген қысымға қарамастан шеруге шықты. Әрине, жастарды ешкім елемей, тұтқындады, өлім жазасына кесті. Бұл қорлыққа шыдамаған Сабира Мұхамеджанова жатақхананың терезесінен секіріп қаза тапты. Қандай қасірет, қандай қилы заман.

5 оқушы: Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінің студенті Ләззат Асанова да алаңға шығып, өз қарсылығын танытты. Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Бірақ ол да тәуесіздік жолында қаза болды. 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді.

6 оқушы:

19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі жаралған Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.

7 оқушы:

Қайрат Рысқұлбеков желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» зорлық-зомбылық көрсетті. Небары 21 жас ғұмыр кешті.

1-жүргізуші:

«…Уақыт қарқыны зымыран. Кешегі күн – бүгінгі тарих. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жилдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деп Елбасымыз Н.Назарбаев Әбішұлы атамыз айтқандай, сол жолдағы жастардың еңбегін қадірлеп, тәуелсіздік туын жоғары ұстау – біздің міндетіміз.

2 Жүргізуші: Оқушылар, ендігі кезекте «Білгенге маржан» айдарында видео ақпарат арқылы Тәуелсіздік жайындағы өздік білімімізді жетілдіре отырып, сұрақтарға жауап берейік.

2 Жүргізуші: Бейнероликтен алған ақпарат негізінде білімімізді тексеріп көрейік, ол үшін Jeopardy Game тақтасына назар аудаырыңыздар! Тақтада сұрақтар беріледі, сіздер 3 команда болып, ұяшық таңдай отырып, ұпай жинайсыздар. Сәттілік!!!



1 Жүргізуші: Осындай салтанатты көңілде Тәуелсіздігімізге арналған өлең жолдарын арнайық:

2 Жүргізуші: Ал енді балалар сөзжұмбақты шешейік.

1) Шәкен Ниязбеков ненің авторы?

2) Желтоқсан көтерілісінің құрбаны?

3) Жер жәннаты?

4) Н.Ә.Назарбаев кім?

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бірін ата?

6) Елордамыздан өтіп жатырған өзен?

7) "Тәуелсіздік" сөзінің синонимі?

8) Бес мемлекетпен шекаралас,мұхитқа тікелей шыға алмайтын ел?

9) Мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы қалай аталады?

10) Балқаш көлі алабындағы өзен?

11) Тудың түсі қандай?

2 Жүргізуші: Қазақстан менің көзіммен танымдық кезеңі

- Бүгінгі біздің жас ұрпақ Қазақстанның керемет болашағын қалай суреттейді? Сендер патриот ретінде өз отаныңа қалай қызмет етесіңдер?

- Болашақта Қазақстанның елу елдің қатарына қосылып, дамыған елдермен терезесі тең өмір сүруіне септігін тигізу үшін қандай жас ұрпақ өсіп жетілу керек деп ойлайсыңдар?

1-жүргізуші: Жақсы, тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетейін деп қалды, иә Әдемі?

2-жүргізуші: Келісемін, Әли. Ендеше сабағымызды қорытындылайық.

Қорытынды: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп, Әлихан Бөкейханов айтқандай біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін! Егемендігіміз мәңгілік болғай!

1-жүргізуші: Бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл» атты тәрбие сағатымызға қатысқандарыңызға, қонақ болғандарыңызға рақмет айтамыз. Тәуелсіз еліміз көркейе берсін ! Аман-сау болыңыздар!

Қосымша 1





























Презентация







































Презентация
































Бейне

Материал

https://www.youtube.com/watch?v=uzidxHVp3vg

https://jeopardylabs.com/pla10326291a8


















































Презентация















Соңы


РЕФЛЕКСИЯ.

  • Мен бұрын ... ойлайтынмын, қазір мен ... түсіндім.

  • ... болғаны мені қатты қуантты.

  • Егер мен сол кезде болсам ...

  • Келесі жолы мен ... есте сақтаймын.


Презентация


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2022
646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі