Тәуелсіздік -ел тілегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік -ел тілегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қара қазанды көтеріп тұрған ошақтың үш ұстыны,яғни үш тұғыры бар. Отан ,Мәңгілік ел,Тәуелсіз Қазақстан үшін үш тұғырлы үштілділік те оты өшпейтін ошақ тәрізді қызмет етуі тиіс.үш тілді меңгеру отбасынан бастау алса қандай ғанибет?Үш тілділікті қалай дамытып жатырмыз деген ойға ой қосу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуілсіздік-ел тілегі

Тәуелсіздік тұғырың,

Біліктілік-жұлының.


Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіз! Яғни, дербес, егеменді мемлекет. Бүгінгі күндері осы тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма алты жыл уақыт та зымырап келіп қалды. Ал тарих үшін бұл уақыт қас-қағымдай-ақ. Өйткені қаншама ғасырларды аясына алып құшақтаған тарих қойнауы талай халықтардың, талай ұлы мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, бізге өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, ол бізге ата-баба рухын көтергені үшін, мемлекетіміздің сөнген отын жандырғаны үшін, елімізді әлемдік қауымға ендіргені үшін және «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін қымбат.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген ойдың авторы ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүріп,халқының болашағына зор үлес қосқан,өз замандастары «Шығыс аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі» деп баға берген- Шоқан Уалиханов еді.

Ұлтының ұлылығын танытқан ойшыл­-ғалым, зерттеуші,жазушының бұл сөздерін Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бабалар философиясынын алған «Егер алдағы бір жылды ойласаңыздар-астық өсірініздер,егер алдағы100 жылды ойласаңыздар-ағаш өсіріндер,егер мәңгілікті ойласаңыздар –Адам тәрбиелендер»деген сөзімен жалғастырар болсақ,білім мен тәрбиенің қоғамдығы бедері айқынданары даусыз.Білім мен тәрбие-Мәңгілік Ел атты ұлт отауына кірер есіктің қос босағысы

Білім беру жүйесінде соңғы кезеңде мектептерде физика,химия, биология, география пәндері ағылшынша оқытылатын болады. Назарбаев зияткерлік мектептерінде қазірдің өзінде жекелеген пәндер ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр. Оқуды ағылшынша жүргізу- өмірдің талабы. Қазіргі ғылымның дене,ғылми ақпараттар түгелге жуық ағылшын тілінде. Қазақ топырағынан даңқты ғалым шығу үшін үш тілді жетік меңгергендер ғана ұтысқа шығады..

Ол үшін балалардың қабілеттері мен дарынын дамытып,оларды әлемдік тілде еркін сөйлеуге үйрету балабақшадан ,мектепалды даярлық топтарынан, мектептегі бастауыш сыныптардан басталады. Осы кезеңдерде тілді сауатты талаппен үйренген бала-болашақтың белді де беделді иесі. Ағылшын тілін жетік меңгерген жастар әлемді танудың кілтін қолына алады. Ол –жаһанданудың кепілі.

Мектептерде қазіргі таңда 1-сыныптардан бастап ағылшын тілі оқытылуда. Ауыл мектептерінде ,әсіресе,таза қазақ тілді ортада өзге тілді үйрету күрделірек.Алайда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту –уақыт талабы. Функционалдық сауаттылық зияткерлік ,дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты әлемдік ,әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Басшылыққа алынатын мұндағы салалар:белсенділік,шығармашылық тұрғыда ойлау,шешім қабылдай алу,өз кәсібін таңдай білу,өмір бойы білім алуға дайын тұруы болады. Осының бәрі мектеп қабырғасында қалыптасады.

Өз сабағында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,жоспар жасап ,түрлі ойындарды жаңа технология элементтерін қалыптастырып, оқушының ауызекі сөйлеу қабілетін дамытатындай тапсырмалар беріп отырамын.

Үш тұғырлы үштілділік ұстанымының өзі ұлттық бітім –болмысысымыздың,тұрмыс –тіршілігіміздің өткенін,бүгін отбасылық күнделікті өмірден хабар,бейнебаян беретіндей .

Қара қазанды көтеріп тұрған ошақтың үш ұстыны,яғни үш тұғыры бар. Отан ,Мәңгілік ел,Тәуелсіз Қазақстан үшін үш тұғырлы үштілділік те оты өшпейтін ошақ тәрізді қызмет етуі тиіс.үш тілді меңгеру отбасынан бастау алса қандай ғанибет?

«Ұлт боламын десең ,бесігіңді түзе».Бұл – қазақ тілінің ұлттық деңгейде меңгерілу қажеттілігін үстем ету тәсілі.

Орыс тілін меңгеру- біздің мәдени байлығымыздың ажырамас бөлігі; әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым –қатынастарды нығайтудың кепілі.

«Ағылшын тілін меңгеру -әлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті», -деп Елбасымыздың айтқан сөзімен ойымды қортқым келеді және осы бағытта өткен сабақтың жоспарын ұсынып отырмын



Сабақтың тақырыбы: Егеменді елім-мақтанышым менің!


Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге талпындыру,адамгершілік, патриоттық сезімдерін арттыра отырып, үш тілділік білімдерін дамыту.Туған елінің әндері мен ұлттық аспаптарын білуге үйрету


Сабақтың түрі : Кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабақ


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпты екі топқа бөлу

  • Топ өздерін таныстыру

  • Ой қозғау

Сұрақтардың жауабын үш тілде оқушылар айтады.

Сұрақтар :

Тәуелсіздік күні

  • Сөз өнері

  • Ерліктің қос қарлығашы

  • Конституция күні

  • Сөздің көркі

  • Ағылшынша бесінші әріп

  • Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?

  • Заттың атын білдіретін сөз табы

  • Туымыздың түсі

  • Қар сияқты аппақ, өзі бірақ тәтті –ақ

  • Елтаңбада не бейнеленген?

  • Адам ұйықтап жатқанда не көреді?

  • Орыс тілінде неше септік бар?

  • Абайдың өлеңдері

  • Үш биді ата

  • Қолсыз, аяқсыз,есікті соғады

  • Қыс айларын ата

  • Жаз айларын ата

  • Ананың көңілі балада

Баланың көңілі-----

Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама

  • Әнұранның композиторы

  • Өзі қу,жүрген жері айқай шу.

  • Төрт түлікті ата

  • Үш арсыз

  • Жүз жыл

  • Төрт түлікті ата

Сергіту сәті

Ән

Әрқашан күн сөнбесін. (үш тілде орындайды)

Тапсырма


Мемлекеттік Елтаңба мен Туымызды сипаттау

  • Сөзжұмбақ шешу


  • Музыкалық тапсырма


  • Сахналық көрініс


  • 1 топ “Қыран”

Мен Астанадамын


2 топ “Жалын”

Менің туған жерім



Ыстық орындық

  • 1топ

  • Столица нашей Родины

  • Какие языки входят в трехязычие?

  • Name the sumbol of the Republic of Kazakhstan?

  • Capital of ouv Motheland?

  • 2 топ

  • Наша Родина какая?

  • Наш родной язык это?

  • Name the cities of the Republic of Kazakhstan?

  • How manu areas in Kazakhstan?


Қазақстан-Тәуелсіз республикам менің”эссе

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі