Материалдар / «Тәуелсіздік – ел тілегі» мерекелік ертеңгілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіздік – ел тілегі» мерекелік ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алға, қазақстан (бастау) ҚР әнұраны «Менің Отаным» - әні «Қамажай» биі «Туған жер» биі «Қазақтың бақыты» әні «Әрқашан күн сөнбесін»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіздік – ел тілегі» мерекелік ертеңгілігі

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Әуен репертуары:

Алға, қазақстан (бастау)

ҚР әнұраны

«Менің Отаным» - әні

«Қамажай» биі

«Туған жер» биі

«Қазақтың бақыты» әні

«Әрқашан күн сөнбесін»


Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.


Балалар мерекені «Алға, Қазақстан» биімен бастайды.

Шаттық шеңберге тұрып, айтады:

Армысың, Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар,

Аман болсын балалар!

Жүргізуші: 

-Құрметті  қонақтар, балалар! Бүгін  бізде  үлкен  мейрам -отанымыздың тәуелсіздік күні. «Өз  халқыммен  бірге  ғұмыр  кешу - ол  мереке» деген  қазақ  халқының  нақыл сөзі бар. 1991 жылы  16  желтоқсанда қазақ халқы өзінің егемендігін жариялап, дербестікке талпынды. Биыл  қазақстандықтар  егеменді  еліміздің  мерей  тойын  атап  өтуде. Мерекелеріңіз  құтты  болсын!

Әнұран  орындалады. (Слайд)

Балалар орындарына жайғасады.

-Балалар біздің еліміз отанымыз қалай аталады?

-Ал Қазақстанның Президенті кім?

-Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

-Қазақстанның рәміздерін білеміз ба? (мемлекетті әнұран, мемелекеттік ту, мемлекеттік елтаңба).

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әр азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеп сыйлау керек.

Жүргізуші: Отан - ең басты, ең қымбатты және барша жақсы көретін сөз. Әр адамның өз Отаны бар. Отан деп біз мектепті, балабақшаны, өз отбасымызды, өз қаламызды, және үлкен туған жерімізді Қазақстан Республикамызды атаймыз. Әр адамның өз туған күні болады. Сол сияқты Отанымыздың да туған күні бар. Құрметті қонақтар! Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар:

1 бала: Он алтыншы желтоқсан

               Тәуелсіздік алған күн

               Ерекше боп мәңгілік

               Ел жадында қалған күн

2 бала:  Жасай берсін ұлы күн

              Үміті боп елінің.

              Ақ күн боп баланың

             Шаттығы боп шалдардың

3 бала: Он алтыншы желтоқсан

               Елдің ұлы мейрамы

               Жаңа шыққан көктемдей

               Жаз күніндей жайдары

4 бала: Арымыздай тап-таза

               Жанымыздай шуақты

                Көтерілді биікке

                Қазақстан байрағы

5 бала Он алтыншы желтоқсан

               Ел мерейі тасыған

               Қазақ деген қалың жұрт

               Бәрін кешті басынан


Ән «Менің Отаным».

-Балалар, тәуелсіздік дегеніміз не?(еркіндік). Дұрыс айтасыңдар. Біз өз Елімізді мақтан тұтамыз. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің үлкен отбасымыз. Сол үлкен шаңырақ астында бәріміз де бақытты да, тату – тәтті өмір сүруіміз керек.


Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.


Көрініс: «Алдар көсе  мен Шығыбай»

Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен шауып залға Алдар көсе келеді.

Алдар:  Мен Алдармын, Алдармын

               Бәріңді мен алдаймын

   Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді естіп, тойға келдім,құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой, мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып тұр. Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер айтып қоймаңдар.

Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм,баеке!

Шығыбай:  Уағалейкум-ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?

Алдар: Мен жоғалған қойларымды іздеп жүрмін.

Бай: Сенде қой бар ма?

Алдар: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1 түн қонсам қалай көресіңдер?

Бай: Қонсаң, қон. Әй кемпір, қонаққа төсек сал.

Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда, Алдар көсе тұрып, қазандағы етті жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді,орнына балта тастап. Таңертең бай мен кемпір тұрады.

Бай:  Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар жеп алайық. Кеше кешке де сол үшін тамақ ішпей ұйықтап қалдық – деп, ішін сипалап отырады. Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен, ойбайлап: Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! – деп айғалайды.

Бай: Тез жүр, қуып жетейік, алыс кеткен жоқ шығар – деп, екеуі шығып кетеді.

Алдар көсе оралып келеді: Балалар, Шығыбай кетті ме? Ойын ойнамай, ән салмай, өсер бала бола ма? Демекші,келесі кезекті ойынға берейік.

1ойын «Теңге алу»

2ойын «Киіз үй»

Алдар көсе: Жарайсыңдар, балалар. Ойынды жақсы ойнайды екеңсіңдер. Мен кеттім, Шығайбайға көрініп келейін! Сау болыңдар!


«Туған жер» биі


Ойыннан кейін балалар қонақтарға тақпақ айтып береді:

6 бала: Естісін ел үніңді,                             

              Дүние түгел естісін.

              Тәуелсіздік туыңды

              Биік көтер, жас ұлан!

7 бала: Зеңгір аспан, көгілдір

              Алтын күні төрінде

              Тамылжытып, төгіп нұр

               Шаттық сыйлар көңілге

8 бала:  Көк аспандай көгілдір

               Қазақстан байрағы

               Тұрса күндей төгіп нұр

               Жылдарыңыз жайдары.


Ән «Қазақстан бақыты».


9 бала: Көк байрақтың бетінде

           Қыран бүркіт қанатты

           Сол қырандай еркіндеп,

           Бала өседі талапты

10 бала: Елтаңбасы елімнің

                Неткен әйбат, әдемі

                Тұнығындай көңілді, -

                Ортада – аспан әлемі.

11бала: Құт, береке, шаңырақ,

               Орын алған ол төрден

                Қанатты қос арғымақ

                Екі жақтан көмкерген.


Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

              Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.


Би: Қамажай / 7топтың қыздары


Жүргізуші: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.

12 бала:  Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері – бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

13 бала: Қазақ жері – сәніміз

                   Мәуесі мол бағымыз

                   Саясында жетілер

                Балдай бала шағымыз

14 бала: Отанды біз атамекен

               Деп аялап айтамыз.

               Өйткені оны мекен еткен

                Бабамыз бен атамыз

15 бала:  Отанды әркім анасындай,

                 Қастерлейді бағалап

                Өйткені Отан баласындай

                Бізді өсірер аялап.

16 бала:  Отан деген – атамекен,                          

                 Отан деген – туған жер.

                 Отан – ана, Отан – үлкен,

                 Қазақстан – туған ел.

17 бала: Ашық болсын десек елдің аспаны

                Мөлдір судай тұнық болсын жастары

                Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

                Балабақша тәрбиенің бастауы


Аспаптар оркестрі (Асылбек Енсеповтың «Концерт» әуеніне)

«Қазақтың қаны» әні


Жүргізуші:  Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарды тыңдайық.                                                                                                                  18 бала: Барлық елдің бөбегі

               Бір-бірімен туысқан.

              Бәрімізге төгеді,

             Өз шуағын күміс таң.

19 бала:Бейбітшілік әніміз

               Бауырласпыз бәріміз,

               Қазақстан даласында

               Жарасады сәніміз.

              Ұлы Отанның аясында

             Жадырайды жанымыз.

20 бала: Бізбен бірге бар әлем,

              Қуанады балаша.

             Қуанышқа бөленген,

             Өмір қандай тамаша

Жүргізуші: Балалар, енді «Жүректен жүрекке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын! Бақшамыз бақты болсын!

Жеріміз гүлдене берсін!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Ынтымағы жарасқан ел болайық!

Қазақстан гүлдене берсін!

Отбасымыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Жеріміз бай болсын!

Әрқашан күн сөнбесін!

«Әрқашан күн сөнбесін» әні

Жүргізуші: Қазақтарда жақсы бір ырым бар. Әрбір мерекелік жағдай мерекелік «шашумен» аяқталады. Сондықтан баршаңызға( «Денсаулық зор, бақыт, достық, елімізге тыныштық тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар достар.

Шашу шашылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!