жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік -ел тірегі
Тәуелсіздік ел-тірегі Жүргізуші:Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,қонақтар. « Тәуелсіздік ел –тірегі» атты салтанатты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. -Бүгін біз еліміздің тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз.Бәрімізге мереке құтты болсын! Ортаға «Еркетай» тобының бүлдіршіндерін қошаметпен вальс биімен қарсы алайық. Жүргізуші: Көк байрағын көтеріп. Желбіреткен қазақпыз. Түбі бірге бауырды. Елжіреткен қазақпыз. Бостандықты сағынып. Егеменді ел болып. Жолы болған қазақпыз. Жүргізуші:Балалардың орындауында Қазақстан Республикасының Гимні. Жүргізуші:Балалар,біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді.1986 жылы 16 желтоқсанда Алматынының бас алаңында жастар жаман оймен барған жоқ,олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қатысқан.Енді міне, осы ағаларымыбен, апаларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.Құрметті қонақтар, балалар,Желтоқсан желіне арналған бейне таспамызды, тамашалаңыздар. Жүргізуші:Ал енді, бүлдіршіндеріміз Отан туралы жылы лебіздерін білдіреді.
Лашын: Отан- деген ұлы ана Отан -деген ғұлама Мен ғана емес атамда Перзенті екен Отанға Батырхан: Отан сенің ата-анаң Отан- досың бауырым Отан- өлкем астанам Отан- туған ауылым Абдрахим: Отан тарих отан -тіл Туған- өлкең өз халқың Отан- өлең, Отан- жыр Көтерген көкке ел даңқын Бердіәлі: Отан- деген атамекен Отан- деген туған жер Отан- ана
Қазақстан -туған ел Інжу: Жерің Самал, ескен майда Тасқындаған егін жайда Далам, менің анам менің Туған елім- қазақстан
Әбдірәлі: Қазақстан -туған ел Мөлдіреген ашық аспан Алыс кетсем сағынам Отаным сен Қазақстан Жүргізуші:Балалар бір дыбыс естіліп жатыр, бұл не дыбыс?Бізге аспаннан ұшатын табақша қонғалы жатыр. Балалар бұл кім екен?
Томпақ :Мен Томпақпын,мен өзге ғаламшардан келдім.Мен қайда келдім? Бұл қай мемлекет? Бұл жер менің ғаламшарыма ұқсамайды. Мен адасып келіп қалдым. Қандай әдемі балалар.Мені мен көп жұлдыздар түсіп қалды.
Жүргізуші:Олай болса біздің балалармен «Жұлдыздарды жина» ойынын ойнайық. Жүргізуші:Ендеше Томпақ біздің қонағымыз болыңыз,балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарымен, әсем әндерін тамашалаңыз.
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын Тату әтті тірлік болсын қашанда Тату- тәтті тірлік болсын қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар. Қуаныш Тәуелсіздік жолында Талай -талай тер тамған Билігім өз қолында Еркіндігім ел таңбам Нұрлан: Өзіңдікі еліңде Өзіңдікі жеріңде Жаса, Қазақстан Тәуелсіздік төрінде Ардақ: Желтоқсан айы естесің Дауыл боп бұрқап ескенсің Азаттық күйі қашаннан Көкейін елдің тескенсің Муса: Көк байрақ көк аспан Алтын күн нұр шашқан Әлемге танылған Тәуелсіз Қазақстан
Рухия: Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Казақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан Кірліғұл: Естісін ел үніңді Дүние түгел естісін Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан Жүргізуші:Балаларымыздың орындауында «Туған жер» әні. О,Туған жер,барымның сәттілері сенікі Балы болса шаңымның тәттілері сенікі Жүрегімде жыр болса наздылары сенікі көкейімде күй болса саздылары сенікі Менің тұла бойымның бұлаң күші сенікі Қияға ұшқан ойымның қыран күші сенікі Томпақ:Балалар сіздердің ғаламшарыңызда бәрі керемет екен.Сіздер ақылды екенсіздер.Тақпақ, ән айта алады екесіздер, менің өз ғаламшарыма кететін уақытым болды сау болыңыздар. Жүргізуші:Біздің ел тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Гимны,Елтаңбасы өзінің мемлекеттік туы бар.Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Шұғыла.М: Ақ ниеті алтынкүн Асқақ арман қыраны Жалауы бұл халқымның Мәртебесі Ту, ары
Муса: Көк байрақ, көк аспан Алтын күн нұр шашқан Әлемге танылған Тәуелсіз Қазақстан Аружан: Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы Оны халық қашанда Биікке іліп қояды Ақжол: Әділеттің ұраны Ақиқаттың жолында Тыныштықтың туы боп Зор салтанат құрады Айкөркем: Аялап ару анасы Өсірген еркін баланы Бесігім болып тербеткен Отаным Қазақстаным Сырым: Тәуелсіздік мақтанышым Бізге бақыт сыйлаған Бейбіт күнде мен тынышпын Әрбір таңым нұр маған Жүргізуші:Балаларымыз «Шалқан» ертегісін сахналайды қабыл алыңыздар! Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады. Жүргізуші:Ал балалар енді ойын ойнайық қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» Жүргізуші:Балаларымыз тек қазақ тілінде емес ағылшын тіліндеде тақпак біледі. Айзере,Шұғыла,Қайрат, Асылай. Жүргізуші:Ата аналалармен ойын «Интеллектуалды танымды ойын» Жүргізуші: Балаларымыздың орындауында «Отан» әні. Отан- сенің ата- анаң Отан- досың бауырың Отан- өлкең астанаң Отан- аудан ауылың Отан –тарих, отан -тіл Жасаған елің ер- халқың Отан- өлең отан- жыр, Көтерген көкке ел даңқың Жүргізуші: Дүбірлетсін өңірді, Дүбірлесін дүлділі. Қазақ деген елімнің! Құтты болсын бұл күні!!! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.Осымен «Еркетай» тобының «Тәуелсіз ел- тірегі» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!!!
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
«Бекітемін»
МКҚК «Болашақ» балабақшасының
әдіскері: Утенова А _________
«____» ______________2018ж
«Тәуелсіз ел – тірегі»
Тәрбиешілер:Кенжебаева А.
Куатова Н. О.
Әдіскер:Утенова А.
Құрық ауылы 2018 жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген