«Тәуелсіздік
- ел тірегі »
Мақсаты
: Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы
түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге
үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың
әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап,
әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа,
достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .
Тәрбиеші
: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16
желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет болды . Ол
бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен
достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем
таныған елге айналды. Біз өзіміздің
Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен
басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Барша
халық таныған,
Біздің
үміт тілекті .
Шырқалғанда
әнұран,
Шаттық
кернеп жүректі .
Қазақстан
Республикасының Әнұраны орындалады.
Бәрі
де сенің Отаның
Бойыңды
биіктететін.
Рухына
балап атаның
Өлгенше
сүйіп өтетін.
Балалар,
осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын
естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не?
Балалардың жауабы.
-Отан
дегеніміз – адамың туып – өскен жері,
туған – туыстарымен, жақындарымен бірге
тұратын ата мекені .
Отан
туралы тақпақтар :
Әмина
: Отан деген - атамекен,
Отан
деген – туған жер
Әбу
Е. Отан – ана, Отан үлкен ,
Қазақстан
– туған ел !
Қ.Айару.
Отан ұран ,Отан – туым ,
Отан
мәңгі гүлденеді
Асанәлі
: Отан жерім , Отан – суым ,
Отан
қуат, нәр береді
Ән
: Астана .
-Балалар
, ал еліміздің туралы не білеміз.
Тәрбиеші:Туды
көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың
түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық
аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы
сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық
пен байлықтың белгісі , астындағы қыран
бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.
Республикамыздың
елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен
салынған пырақ бейнесінен тұрады.
Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар
тарайды . Шаңырақ пен уық біздің
Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін
көрсетеді Балалардың тақпағы :
Айша
: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік
алған күн
Ерекше
боп мәңгілік
Ел
жадында қалған күн
Ақниет
: Отанымның төрінде .
Сарқаның
өрінде
Ту
ұстаған астанам,
Әсем
қалам, бас қалам .
Димош:
Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,
Қазақ
елін, қазақ жерін, Қазақстан.
Тәрбиеші
:Осы періште балалардың тілегі қабыл
болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің
орындауында
Ән
: «Отан -ана»
Тазша
бала: Балалар сендер мені таныдыңдар
ма? Мен кіммін ?
Балалар
: Тазша бала
Тазша
бала: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай
аталады?
Балалар
: Қазақстан Республикасында
Тазша
бала : Қай қалада тұрасыңдар ?
Балалар
: Арқалық қаласында
Тазша
бала : Сендер Отан Туралы тақпақтар
білесіңдер ме ?
Ариза:
Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі
– жеріңде,
Өзіңді
өзің еткен бақ
Тәуелсіздік
төріңде .
Дания
: Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз
бәріміз
Дильназ
:Мен –қазақпын мың , өліп ,мың тірілген
,
Жөргегімде
таныстым мұң тілімен .
Жылағанда
жүрегім күн тұтылып.
Қуанғанда
күлкіммен күн тірілген.
Мен
қазақпын ,биікпін байтақ елмін.
Қайта
тудым , өмірге қайта келдім .
Мен
мың да бір тірілдім ,мәнгі ,өлмеске.
Айта
бергім келеді , айта бергім.
Тәрбиеші
: Қазақ халқы өнерге бай халық, соның
ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала
би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың
биін тамашалаңыздар
Би
: «Бомбыра»
Тәрбиеші
:Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық
.
Ұлттық
ойын: Күш сынасу.
Тәрбиеші
: Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған
жер туралы тақпақтарды өте көп біледі
екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал –
мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?»
ойыны арқылы байқап көрейік . Мен
мақалдардың басын айтам , сендер
жалғастырып айтыңдар .
Отан
–оттан да ыстық
Туған
жердей жер болмас,
Туған
елдей ел болмас
Өз
елің – алтын бесігің
Отан
– елдің анасы ,
Ел
– ердің анасы.
Тәрбиеші
Жарайсыңдар !Енді әнге кезек берейік
Ән
. Біз кішкентай салдатпыз
Ойын
: Мерген .
Тәрбиеші
: Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің
ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелер мен
аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге,
қорғауға міндеттісіңдер . Саналы ,
білімді азамат болу үшін не істеу керек
?
Балалар
. Еңбек етуіміз керек .
-Біздің
қазіргі еңбегіміз не ?
Балалар.
Оқу!
Ән
: Әрқашан күн сөнбесін .
Би
: «Қаражорға!»
Тәрбиеші
Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің
ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын
болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз
. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер
! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе
шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың
арайлы да шуақты болсын , күннің нұры
сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз
аяқталды . Сау болыңыздар !