400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тәуелсіздік- ерлік жолы елімнің

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

Тәуелсіз Отанын шексіз сүюге баулу, ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу; Тәуелсіздікті аңсаған ата- баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт – дәстүрін, діні мен ділін, тілін сүйе білуге баулу.


Көрнекілігі: слайдтар, видеолар, үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет, альбом.

Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:(Оқушылар шеңбер болып тұрып бір-біріне тілек айтады)

Мұғалім:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.Биыл тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отыр,осы уақыт ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып жүреміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің де тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады).

Гимн орындалып болған соң, 3 жүргізуші сахнаға шығады.

Балым: Қайырлы күн, тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік ерлік жолы елімнің!» атты ашық тәрбие сағатымызға

3 жүргізуші бірге: қош келдіңіздер.

Дәриға:Добрый день, дорогие преподаватели, гости, дети наши независимый Казахстана. Сегодняшний открытий урок на тему «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!» посвяшается День Независимый Казахстана!

Дарига: гун афтенун деар тичер, гуестс, чилдрен а ауа индепдент Казакстан.Тудей лессон тем «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!из дедикатед ту зе дей оф зе Президент.

Мұғалім:Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
А
ғалардың ұмытылмас ерлігі.

Қазақстан өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін ұзак та қиын қыстау күрес жолдарынан өту аркылы кол жеткізді. Осы күрестің жаркын бір көрінісі 1986 жылғы" Желтоқсан оқиғасы" болды. Біз Желтоқсан окиғаларынан ұмытылмас тағылым алып, оны еліміздің болашағын нығайта түсу үшін пайдалана беруіміз керек. Олай болса осы алапат құйынның шығуына не себеп болды екен. Соған үңілейік.

"Желтоқсан оқиғасы"(Видео көрсету)

Балым: Жас арудың жанарында – желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – желтоқсан.
Қарасы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – желтоқсан,
Жауыздықты жасқаған да – желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – желтоқсан
Желтоқсанды өте алмаймыз айналып
Тәуелсіздік алдың соны қорғайсың
Желтоқсанда тұңғыш рет тарихта
Жеке ел боп президентті сайладың.

Мұғалім:Ауыр күнді артымызға тастауы – 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Әзиза:Кең байтақ қой, Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі - Елбасының арқасы.

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

(Н:Ә.Назарбаев туралы слайд көрсету)

Дарига:Қуанышты қалай кеуде кермесін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны міне, жарылд
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін
26жыл, тәуелсізбін, дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір міне, артта қалды, келмес күн

Ән:"Отаным-Қазақстаным!"

Толғанай:М.Шаханов:"Төрт ана"

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқадан

Болу керек құдыретті төрт ана

(Астананың суреттерін көрсету)

Дәриға:Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Хор:Тәуелсіз-Қазақстаным!"

Нұрасылдың батасы:

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел жұртымыз табысты болсын.

Малымыз төлдеп, егініміз көктеп,

Дастарханымызға ырыс толсын.

Қыздарымыз сұлу, ұлдарымыз намысты болсын,

Көршілеріміз тыныш болсын.

Таңдағанымыз жұмыс болсын.

Нарық қалтаны қақпайтын болсын,

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.

Қазақстанның барлық азаматтары,

Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын.

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айтта, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын.

Әумин!

Мұғалім:(Құрметті 3-4сыныптың білім алушылары өткен сабақтарын пайдалана отырып постерь қорғайды.Бүгінгі тәрбие сағатымыз неліктен «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!»леп аталды?)

Балым: Мерекелік құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Абенова Светлана Кусайыновнаға беріледі.

Дәриға: Поздравительное слово предоставляется директор наши школы Абенова Светлана Кусайыновне

Дарига: Зе уорлд из деливерид директор оф ауа скул Абенова Светлана Кусайыновна



Балым: Аяулы қонақтар, бүгінгі Тәуедсіздік күніне арналған«Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!» атты ашық тәрбие сағатымызды тәмамдау үшін, сөз кезегі сынып жетекшіміз Ризагүл Қоқанқызына беріледі.

Дәриға: Дорогие гости, завершение открытого урока «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!» слово предоставляется нашей класной руководительнице Ризагуль Кокановне

Дарига: Деар гуестс, уи а глад ту аннонс «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!»зе уорлд из репресентед бай ауа класмейт Ақниет Маратқызы.

Мұғалім:(Оқушылар өткен сабақтарын пайдалана отырып постерь қорғайды.Бүгінгі тәрбие сағатымыз неліктен «Тәуелсіздік-ерлік жолы елімнің!»леп аталды?)

Қорытынды.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен қорытындылайтын болсақ«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» – деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

           Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! деп тілей отырып, мына өлең жолдарымен аяқтайық:

                           Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

                            Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!

                            Ғасырларға жалғастырып елдікті,

                            Дақ түсірме ата – баба рухына.

                            Үлгі бізге аталардың ерлігі,

                            Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

                            Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

                            Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.































Жас арудың жанарында – желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – желтоқсан.

Қарасы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – желтоқсан,

Жауыздықты жасқаған да – желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – желтоқсан.

Желтоқсанды өте алмаймыз айналып,

Тәуелсіздік алдың соны қорғайсың.

Желтоқсанда тұңғыш рет тарихты,

Жеке ел боп президентті сайладың.



Қуанышты қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны міне, жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

26жыл, тәуелсізбін, дербеспін,

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.

Бодандығым ғасырларға жалғасқан,

Қазір міне, артта қалды, келмес күн.







































Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін - ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 - жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары

2 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі