400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі ата- аналар және оқушылар!

Егеменді ел тәуелсіздігін алғанына 27 жыл толыпты. Осы үлкен мерейтойына арналаған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кешіне қош келдіңіздер!

Қазір алдарыңызға кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің өнерін, осы уақытқа дейін алған білімін ортаға салады. Қошемет көрсетіп балаларды қарсы алайық. (жылқының дауысымен екі бала шығады)

  1. Оқушы Динмухамед

-Ау достым, мына жерде не болып жатыр? Бәрі жиналып қалыптығой.

  1. Оқушы Ілияс

-Сен білмейсің ба, бүгін Қазақстанның Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына байланысты той өткелі жатыр.

  1. Оқушы Динмухамед

-Қыздар әдемі болып кетіпті ғой (қыздардың күлкісі шығады).Олар той бастағалы тұр.

  1. Оқушы Ілияс

-Олай болса, бізде қыздарға жауап беретін әнімізге дайындалайық.

  1. Оқушы Динмухамед

-Иә, бәрекелді (шығып кетеді.)

Тойбастар басталады

Қыздар хормен

Алма ағаштың гүліндей – ау,

Егемендік елім-ай- ау

Тәуелсіздікпен мақтан етем,

Арта берсін мерейің- ай

Жігіттер хормен

Бекзаттарым- ай, жегжаттарым – ай

Тәуелсіздік тойына келіп жатқаным-ай

1-жүргізуші: Т Жансая

Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 27 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды.

2-жүргізуші: Алмас

Бас аяғы 27 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

1-жүргізуші: Т Жансая

Қолын санап тұрады.

2-жүргізуші: Алмас

Сен не істеп тұрсың?

1-жүргізуші: Т Жансая

Тәуелсіздік сөзінің әріптері не мағына береді деп ойлап тұрмын.

2-жүргізуші: Алмас

Оны ойлап әуре болмай балалардан сұрайық.

Оқушы. Т Жансая

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын біл.

Он бір әріп не мағына береді.

(Балалар келеді, қолдарына әріптер ұстап шығады.Артынан флипчарттан жылдар шығып отырады. )

Т- білдіреді теңдікті Осман

Ә- әдептілік, әдемілік Алим

У- уайымсыз уақытты Аиша

Е- егемендік елдікті Дария

Л- лауазымды, лебізді С Ансар

С- сенімділік секілді ең Н Ансар

І- ілтипат пен ізет қой Сырым

З- зиялылық тілек қой Дамир

Д- шақырады достыққа Нұрислам

І-

К- дейді күн боп көктегі көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. Асия

1-жүргізуші: Т Жансая

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің, 27 жасың құтты болсын нұр елім.

2-жүргізуші: Алмас

27 жылда шықтың талай белеске, Қазақстан жасай берші гүл елім.

Ән . Асия

Жүргізуші:Жансая

Алмас біз казір оқыған әңгімелерді сахналауға үйрендік.

Алмас: Әрине Жансая сахналу біздің ең жақсы көретін ісіміз. Ендеше, «Үш би» көрінісіне кезек берейік.

Төле би: Тимур

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса, ер жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса,

Ержігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би: Нурали

Аты жаманның арманы кетер,

Баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке би: Ерасыл

Биікке шықсаң, көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.

Төле би: Тимур

Сөз танығыш жастарға айтатын 8 түрлі жұмбағым бар.

Әйтеке би: Ерасыл

Айтыңыз, ұлы аға.

Төле би: Тимур

Айтсам 8 түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз.

Дауыс: Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?

Қазыбек би: Нурали

Ұлы аға! Бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етсеңіз.

Төле би: Тимур

Рұқсат, қаз дауысты Қазбегім, рұқсат!

Нұрали

Қазыбек би: Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман

Үш дегеніңіз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман

Төрт дегеніңіз – тіл алмаған жас жаман

Бес дегеніңіз – белсеніп шапқан жау жаман

Алты дегеніңіз – асқынып кеткен дерт жаман

Жеті дегеніңіз – жетім қалған жас жаман

Сегіз дегеніңіз – серпілмеген қайғы жаман деген сөзіңіз, ұлы аға!

Тимур

Төле би: Рұқсат дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...

Ерасыл

Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ

Тамыры суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ...

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Тимур

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?

Нұрали

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма –

Кесепаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма –

Өшкеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма –

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдеммші бол асыға.

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа

Тимур

Төле би: Сөзің – асыл, қаз дауысты Қазыбек!

Уа халайық!

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген ерің бар,

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар

Сөз қадірін біліңдер!

Алмас

Жүргізуші: Енді, балалар, біз Отан туралы өлеңдер жолдарын тыңдайық.

1-оқушы Асия

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

2-оқушы Дария

Көк майсалы жерім менің,

Егеменді елім менің.

Бас имеймін ешкімге,

Тәуелсізбін мен бүгін

3-оқушы Аиша

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан

Келешегі кең өрісті, кемелді,

Жайна мәңгі Қазақстан –гүлстан!

4-оқушы Нұрислам

Сүйем сені қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін!

5-оқушы Әлихан

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте, достым,қазақ жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан-Республикам менің

6-оқушы Альмансур

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

7-оқушы Абай

Сүйем сені қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін!

Қазақ биі (қыздар) гимнастика

Жүргізуші: келесі тамашалайтын көрініс «Ақыл мен байлық»

Көрініс «Ақыл мен байлық»

Автор. Жансая А

Бір шалдың төр ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып былай депті:

Алим: Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрұайсыларыңмаған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.

Альмансүр:Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

-Міне, менің байлығым. Ал, кім бай болса, сол ақылды депті.

Автор:Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

Ансар С

-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді. Автор:

Екінші ұлы күмістен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

С Ансар

-Бұндай белдікті, -ешкім ешқашан буынып көрген жоқ.

Автор

Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді. Сонда кенжесі былай дейді: Алим

. Осман

- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар

Автор

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

Домбыра күй

Мақал-мәтел жарысы

1.Отан үшін еңбек етсең

...............................................................

(халқыңның сүйген ұлы боласың.)


2.Отан – елдің анасы

..................................................

(Ел – ердің анасы)


3.Отанды сүю – ..........................(от басынан басталады)


4.Отан үшін күрес,

.........................................

(Ерге тиген үлес.)


5.Туған жердей жер болмас,

..................................

(Туған елдей ел болмас.)


6.Туған жер – тұғырың,

...............................................

(Туған ел – қыдырың.)

7. Акқу көлін аңсайды,

........................................

(Адам туған жерін аңсайды.)
6-оқушы С Ансар

Егемен болмай ел болмас,

Етек - жеңі кем болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас.

7-оқушы Осман

Көк аспандай тулайтын,

Желтоқсанның күні бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

8-оқушы Алим

Мереке бүгін бақ күні,

Егеменді елімнің.

Желбірейді көк туы,

Түсіндей боп көгімнің.

9-оқушы Н.Ансар

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.

10-оқушы Нұрислам

Тәуелсіздік таңын сүйем.

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

11-оқушы Дамир

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

12-оқушы Сырым

. Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.

13-оқушы Тимур

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.

14-оқушы Т Жансая

Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді.
Біз тұрғанда шекарадан,
Ешқандай жау өтпейді

«Қазақстан картасы» Димаш

Картасына қарасаң.

Ұқсайды алып балыққа.

Өзі ірі ел санасаң,

Ол алғашқы ондықта.

Таулы, дені жазық та,

Ортасында алып құрлықтың.

Өзенді, көлді болса да,

Мұхиттан қашық алыс тым

Бұл қай ел? деп сұрасаң,

Жүздеген ұлт өкілі

Мал, егіс, ғылым мекені,

Өндіріс кәсіп етеді,

Ол-Қазақстан Республикасы.

Біздің мемлекетіміз 14 облысқа бөлінген. Елімізді ірі, әсем, жері пайдалы қазбаларға толы қалалар көп. Қазір сол қалаларымыз туралы айтайық

  1. Алматы-жері жайсаң қала әрі облыс Ілияс

  2. Ақтөбенің ақ тарысы мол ырыс Сырым

  3. Атырау- мол Қазақстан мұнайы Абай

  4. Тараз- жайлау, шұрайлы,қазыналы Алихан

  5. Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы Осман

  6. Көкшетаудың көп көгілдір аймағы Алим

  7. Қарағанды –қара алтынның қоймасы Димаш

  8. Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы Нұрислам

  9. Қызылорда –күрішті Сыр сағасы Ерасыл

  10. Өскемен –өз шығысты Алтайы Альмансұр

  11. Керекуім-қара Ертістің саясы Дамир

  12. Қызылжар-солтүстігім орманым С.Ансар

  13. Семей- аңыз Шыңғыстаудай қорғанды Нұрали

  14. Талдықорған- жер жаннаты,көп баяғы Н.Ансар

  15. Шымкент-ыстық оңтүстік мақталы Тимур

  16. Астана-ол Отанымның жүрегі, елімнің бас қаласы. Алмас

1-оқушы

Атамекенді сүйе білген адамның бойында отан сүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері дамиды. Атамекеннің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға байланысты. Асия

2-оқушы.

Жалпы қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипстпен қараған халық. «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. «Кіндік кесіп, кір жуған», «Кіндік қаны тамған»деген сөздер бар қазақта. А.Жансая

3-оқушы.

Менің атым Дария. Мен Қазақстанда тудым. Менің ұлтым қазақ. Кіндік қаным тамған жер Қазақстан.Менің атамекенім-Қазақстан. Мен өз туған жерімді қатты жақсы көремін. Ертең өскенде туған жеріме үлкен үлесімді қосамын.

4-оқушы.

Қазақстан елінде тұратын адамдардың отаны- Қазақстан Республикасы. Отан-адамның туып өскен жері, тұратын атамекені. Біздің өлкеміздің табиғаты бай өлке болып табылады.Мен мақтан етемін еліммен. Аиша

1-жүргізуші Алмас

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Викториналық сұрақтар

  1. Қазақстанның Конститутциясы қай жылы қабылданды? (30тамыз, 1995 ж)

  2. «Менің Қазақстаным» әнұранының сөзі мен әнін жазған кім?

(сөзін: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Әнін: Шәмші Қалдаяқов)

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Назарбаев)

  2. Елбасымыздың туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

  3. «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінде Елбасымыздың жастық шағын кім сомдайды? (Нұрлан Әлімжан)

  4. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 ел)

  5. Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

  6. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

2-жүргізуші Алмас

Қазақстан елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Отан адамның туып өскен жері, тұратын атамекені. Біздің еліміздің табиғаты таңғаларлықтай бай өлке болып табылады.

1-жүргізуші Т Жансая

Атамекенді сүйе білген адамның бойында отан сүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдылық қасиеттері дамиды. Атамекеннің көркеюі , гүлденуі, жаңғыруы сол жерде туыр өскен азаматтарға яғни бізге байланысты.

2-жүргізуші Алмас

Ендеше атамекенімізде қандай ұлт болсада бір шаңырақтың астында тату тұрайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар бәріміз орнымыздан тұрып, «Менің Отаным» әнін бірге шырқайық.

Хор «Менің Отаным»

1-жүргізуші Т Жансая

Құрметті қонақтар ! Бүгінгі ««Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.

Бірге:

Қош, сау болыңыздар!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі