400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев).
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев).

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Қазақсатан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін  ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы.

Қазақстан  Республикам мақтанышым,

Бір өзіңмен мақтанам,ақ таң үшін.

Жалындаған жас жігер бақта құсың

Тәуелсіздік тұғырың жастар үшін.

Тәуелсіздік асыл мұра ұрпаққа,

Мойымастан жете білген мұратқа.

Бабамыздан дарыған бұл қасиет,

Жеңіс деген қанға сіңген тұраққа - дегендей,Тәуелсіздік-арман! Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.Бабаларымыздың отымен,жастардың жалынымен ел үмітін ақтап, төбемізден көк жарқырады. Намысын бермеген, жасқанып көрмеген ата-бабамыз оқпен-оттың ортасында ұрандап отан үшін жан берісіп,жан алған.Тәуелсіздік - ол көк байрағымыз желбіреп, күніміз мейірім шуағын шашып, көздегі мөлдір жадырап, кең өлке сары далада қанатын кеңге жайып, қырандай ұшу.

Тәуелсіздік - ол әрбір қазақтың жеңісі,сансыз байлығы, асыл мұрасы. 1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.

Биыл, міне Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық ,саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және экономикамыздың  жедел қарқынмен даму –қазіргі  таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Аталмыш мереке біздің №5 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында өталынып өтті.Оқушыларға  еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата -бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өткізілді.


Shape1


Көптеген сынақтар мен қиындықтарды басынан кешірген Қазақстан, бүгінде аяғынан нық тұрып, болашаққа сеніммен қарайды. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес,ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған отыз жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!



Маукебаева А.Ж. №5 мектеп-гимназияның

қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі