400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік – қастерлі ұғым – ең қымбат қазынамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда тәуелсіздігіміздің аса құнды қазынамыз екендігі туралы эссе жазылған. эссе жас ұрпаққа тәуелсіздіктің бағасын ұғындыру мақсатында жазылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – қастерлі ұғым – ең қымбат қазынамыз


Адам баласы қашан да қастер тұтқан нәрсесін, өзіне қымбат қазынасын жанкештілікпен, асқан ерлікпен қорғауға бақилы. Біздің ата-бабаларымыз мал, дүние, байлықты емес, елдің бірлігін, бостандығын, азаттығын басты қазына санады. Сондықтан да болашақ ұрпағы үшін шыбын жаны, қасық қаны қалғанша жерді көздерінің қарашығындай сақтап қалды. Осыншама қасіретті тарих беттерін жапқаннан кейін, қазіргі қазақ жастары үшін қымбат қазына – Тәуелсіздік екені баршамызға аян. Басқаша болуы мүмкін емес. Сол себепті, Тәуелсіздік – еркіндікті сүйетін, Ұлы даланың еркін ұрпағы атанған қазақ халқы үшін басты құндылық.

Алдымен, «Тәуелсіздік» сөзі тілімнің ұшына оралса, талайды зар еңіреткен қанды тарих көз алдыма көлбең ете қалады. Ұлы далада емін-еркін көшіп-қонған көшпенділер мен халық басына азаттық тілеп, қайғымен күн кешкен хандарымыз, би-батырларымыздың бейнесі кино лентасындай сырғи жөнеледі. Қаншама боздақтардың осы Тәуелсіздік жолында өмірлерін қиғаны еріксіз көзге жас үйіреді. Қарусыз, қолы қысқа болса да, жүрек түбіндегі елге, жерге деген махаббаттары оларды адастырмады. Бүгінде осы ащы тарихты түйсіну арқылы азаттығымыздың қадірін білдік. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» демекші, өз тәжірибемде ата-бабаларымыздың аманатын келесі буынға эстафета таяқшасындай бүтіндей тапсыруымыз керегін шәкірттерге барымша түсіндіріп келемін.

Екіншіден, бостандықтың біз үшін басты байлық екенін көрсететін дәлел – 86-жылдары қазақ жастарының жазықсыз төгілген жасы мен қаны. «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тек тезек теріп қалады» деп алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов өз заманында барша халықты Тәуелсіздік жолында бірігуге шақырған. Ал ар-намыс пен елдікті ту еткен қазақ жастары осы секілді аға буынның арманын іске асырар жаңа толқын еді. Ұлт тәуелсіздігі үшін жұмыла көтерілген желтоқсаншылардың бұл ісін ұрпаққа үлгі етпеу мұғалімдік атымызға сын деп есептеймін. Сынып жетекші ретінде 1 қыркүйектегі Білім сабағында, «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағатында қазақ зиялыларының, Ербол, Ләззат, Сәбира сынды патриот жастардың қайсарлықпен қаза тапқанын оқушыларыма қынжыла да, мақтана да айтамын. Қынжылатыным – кінәсіз «елім, жерім» деген жастардың оққа ұшқаны. Мақтанатыным – оқушыларға олардың бойындағы қайсарлығын, өнегелі тәрбиесін үлгі етемін. Алайда, «Егер солар тірі болса ғой...» деген өкінішті ойлар көңіл түбінде маза бермей, бұлқынатыны өтірік емес. Менің бұл сезімімді оқушылар да түсініп, «Еліміз әлдеқашан дамып кетер еді» деп қоштап қояды. Әттең-ай...

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп, еңселері көтерілді. Оны әке-шешеміздің «Жарықтық, бостандық деген керемет екен. Осы кезге дейін тиісті еңбекақымызды ала алмай, ішер асқа зар болып, бір нанды екі отбасы бөліп алатын едік» деп қиын күндерін еске алып отырған сөздерінен аңғаратынбыз. Саңлақ жазушымыз Әбіш Кекілбаев: «Мынау өліп-талып келген тәуелсіздікті ақымақ иттің алдына қойған ас сияқты төгіп алатын болсақ, ертең біздің күніміз не болатыны әлі белгісіз» деп айтқанындай, қиын-қыстау күндерде өлместің күнін кешкен әке-шешелеріміз үшін Тәуелсіздіктің құны жоғары. Сондықтан да олар азаттықтың бағасын біледі, ұрпақтарының болашағының жарқын болуын тілеп жүреді.

Алғаш тұсауын кесіп, қалт-құлт қадамын басқан еліміз бар-жоғы 30 жылда көп жетістіктерге жетті. Еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Қан сорғалаған тарих та ұлы дала ұрпақтарының азаттығын алып, көк туын асқақтатуына кедергі бола алмады. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көшбасшылық қабілетін атап өту қажет. Тек саяси тұрғыда ғана емес, халқының жүрегіне жол табу мақсатында «Тәуелсіздік толғауы» эссесі, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қалың көпшілікке рух беріп, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті. Бүгінде ғасырлар бойы арман болған егемендік – қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге әбден негіз бар.

Сөзімді қорытындылай келе, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан – тарих сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – ата-бабамыздың орындалған шұғылалы арманы, сарғайған сағынышы. «...Саған жету қиын болса қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да!...» деп ақын Қалқаман Сарин жырлағандай, еркіндіктің құнын шерлі қазақтан артық білмес. Сол себепті, қазіргі жас ұрпақ өткен бабаларымыз алдындағы қасиетті борыш пен келешек толқынның алдындағы зор жауапкершілікті сезінуі тиіс. Жас буын сезінуі үшін біздер, педагогтер қауымы, аянбай тер төгуіміз керек.




582 сөз







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
3026
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі