Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ
байлығым»
Мақсаты:
оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған
жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс -
бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды
патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Мұғалім:
- Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым»атты сабағымызды бастаймыз.
Сабағымызды елбасымыздың мына бір сөзімен бастағанды жөн көріп
отырмын: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл
дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан».
25 жыл. Ширек ғасыр, сен менің
Жүрегімді тыныштық боп тербедің.
Нәтижесі бейбіт күн мен бейнеттің,
50 елдің қатарына енгенім.
Күллі әлемді құшақ жайып қарсы алдың,
Қала салдық қараса жұрт тамсанған.
Айналдырған аз уақытта осы бір,
Орындалды қанша тілек, қанша арман.
Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па?
1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
«Қоржын - сұрақ» викториналық сұрақтар:
1.Мемлекеттік рәміздерді ата
(ту, елтаңба, әнұран)
2. Егемен Қазақстанның ордендері мен медальдарын атаңдар («Халық
қаһарманы», «Алтын жұлдыз», «Отан» ордені, «Даңқ», «Парасат»,
«Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат»
медальдары).
3. Тәуелсіздік Монументі қай қалада, қай алаңда, қай жылы ашылды?
(1996 жылы 18 желтоқсан күні Республика алаңы).
4. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш.
Уәлиханов)
5. Ұлттық валюта (теңге)
6. Мемлекеттік тудың авторы
7. Туған жердей жер
болмас,
............................................( Туған елдей ел
болмас)
8. Қазақ жеріндегі ғарыш айлағы (Байқоңыр)
9. Әнұран авторлары (Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев)
10. Жаңа Ата заңымыз қабылданған жыл (1995 жылы, 30 тамыз).
Енді оқушылар ,жылдар хронологиясна тоқталып
өтейік.
- 1991 жылы 29 – тамызда Семей
полигоны жабылды.
- 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
- 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т. О. Әубәкіров ғарышқа
ұшты.
- 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
- 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ - на мүше болып
қабылданды.
- 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері
бекітілді.
- 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы
қабылданды.
- 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді, 2006 жылы 15
қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге
келді.
- 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
- 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
- 1998 жылы 6 шілде – Астана күні.
- 1999 жылы 10 қаңтарда президент сайлауы.
- 2001 жылы – тәуелсіздігімізге 10 жыл.
Шығармашылық
тапсырма:
І қатар: «Тәуелсіздік
маған.... қымбат» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді
аяқтаңдар.
ІІ қатар: Тәуелсіздікке тартуым.
І І І қатар:сурет
салу
Қорытынды:
Ән: Атамекен әнін орындау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

шағым қалдыра аласыз