«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік
ертеңгілігі
(ҚР
тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс –
шара сценарий конспекті)
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі,
жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге,
ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін
арттыра отырып, өнерге баулу.
Залдың іші мерекеге лайық
безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар
залға қолдарына көк туларын желбіретіп
кіреді.
Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз
егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып
қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз.
Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты
бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт
шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді
бастаймыз.
1.Жүргізуші
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге
тойлайық!
2.
Жүргізуші
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны
орындалады.
1.Жүргізуші.
Тәуелсіздік күніне арналған
мерекелік әнді қабыл алыңыздар:
«Елбасы» әні орындайтын
Замира мен
Інжу
Би. «Батырлар биі» Қыздар
тобы
2.
Жүргізуші.
Тәуелсіздік күніне арналған
мерекелік жылы лебіздерді қабыл
алыңыздар:
Перизат.
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп Ананың
Он
алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
1.
Жүргізуші.
Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы
дала
Шуақ болып шашылмай жылына
ма
Сүй
отанды шынымен сүйіп өт те
Гүл
боп қадал ойына, қырына да
2.
Жүргізуші.
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп,
болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ
халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл
қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан
көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытуға деген
қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы
үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары
Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира
Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың
аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір
ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың
кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре
алмауы
Егемендік.
Бейсенбек.
Мұз жастанып азаттықтын
жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Би «Қазақ биі» орындайтын
қыздар тобы
(Ақсындар, Замира, Аружан,
Мөлдір, Диана, Перизат)
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей
Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы
17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен
өрнектейміз.
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан
елі тұңғыш рет
Н.Ә.Назарбаевты президент етіп
сайлады
1992 жылы Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.1993 жылы 30 тамызда
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл
теңгеміз алғаш реет айналымға
түсті.
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері
Т.Мұсабев көк байрақты
желбіретті.
1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл
толды.
1996 жыл Жамбыл
жылы. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
1997
жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу
жылы.
1998 жылы
халық білігі мен ұлттық тарих
жылы.
Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз
салынды.
1999жыл
ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
болды
2000жылы – Мәдениетті қолдау
жылы.
2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің
көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға
әкелді.
2002 жылы – Денсаулық
жылы.
2003-
2004-2005 жылдары Ауыл
жылдары
2006жылы - Сыр елі өнер
ордасы
2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға
түсті.
2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға
10 жылдығы тойланды.
2009
жыл қарамастан Қазақстан жан-жақты
даму саясаты бойынша алға басты. Республикада ислам банкинг жүйесін
енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданып, тиімді қаржы
құралдарын қолдануға шарттар
жасалынды.
2010 жыл Қазақстанның Европалық
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімен
басталды.
2011
жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының
басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау
комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын
Нұрсұлтан Назарбаевқа
берді.
2012
жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен
жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы
7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша
Қазақстан өз рекордын
жаңартты.
2013
ж ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы
бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорын»
құрды.
2014
жылыАстана күні қарсаңында елордада жаңадан
салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан
Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық
ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап
өтті.
1.
Жүргізуші
2015 жылы Жеңістің 70
жылдығын тойладық және ассембляға 20, Қазақ хандығының 550 жылдығын
тойладық.
2.
жүргізуші.
2016 жылы яғни осы жылы
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап
отырмыз.
Мархабат.
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін.
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!
Зеңгір аспан, көгілдір
Алтын күні төрінде
Тамылжытып, төгіп нұр
Шаттық сыйлар көңілге
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр
Жылдарыңыз жайдары.
Жайнагүл
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілді, -
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Ән «Маңғыстау»
Замира
1.Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана
тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды.
Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары
сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол.
Енді Отанымыз жайында тақпақтар
тыңдайық.
Жұмажан
Інжу.
Шұғылалы
таңымыз,
Қазақ жері –
бағымыз
Қайнарынан
мөп-мөлдір
Сусындайды
жанымыз.
Қазақ жері –
сәніміз
Мәуесі мол
бағымыз
Саясында
жетілер
Балдай бала шағымыз
Диана
Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды әркім
анасындай,
Қастерлейді
бағалап
Өйткені Отан
баласындай
Бізді өсірер
аялап.
Даражат
Динара
Отан деген –
атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Ашық болсын десек елдің аспаны
Мөлдір судай тұнық болсын жастары
Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен
Балабақша тәрбиенің бастауы
Ән: «Алтын
бесік» Асылбек
Інжу
Қуан, қазақ!
Шолпан
Қуан, қазақ, күн туды
қуанатын!
Ендіктерді аралап еркін
дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді
нұр.
Алақайлап аспанға атып
тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді
бір...
Қуан,
қазақ!
Күн туды
қуанатын!
Қазақ елі
азат,
Қазақ жері
азат,
Қазақ ері
азат,
Бұдан нұрлы шақ бар
ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
«Тәуелсіздік» Таңат
Аян
Би «Қазақ биі»
(наурыз)
«25 жыл» Ермекқызы
Аружан
Ән «Маңғыстау» Назарбаева
Замира
Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз
еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз
ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сіздерсіздер!
Сіздерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір
таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін
деп ертеңгілігімізді «Атамекен» әнімен
аяқтаймыз.