І. Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық
ахуал туғызу:
Тәрбиеші: Армысыздар, тәуелсіз
еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі
жоқ байлығым».
Тәуелсіздік – еліміздің баға
жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы уақыт аралығында
Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің
белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен
ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз
зайырлы елге айналды.
Сөз кезегі "Алатау"
шаңырағының тәрбиеленушілеріне
беріледі.
1-оқушы:
Туған халқымыз
тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жылы алтын әріппермен
жазылды.
1991 жылғы 16 желтоқсан
Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі
туралы» Заң қабылдаған тарихи күн. «Уақыт-зымыран. Күні кеше өткен
оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл- жаңа
мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен
бір мезгілде, ғаламат сәті. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең
қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда
қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне
сенемін» деді тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы.
2-оқушы:
Осы жылдар аралығында Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасты: шекарасы бекіді, экономикасы өсіп, әскері жасақталды,
нарықтың қиын өткелдері мен дәуір сынақтарынан аман өтті, жаһандағы
алпауыт мемлекеттерге танылды. Танылып қана қоймай санасатын,
сыйласатын биік дәрежеге жетті. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесінде мүмкін
болды.
3-оқушы: День государственной Независимости Республики
Казахстан — главный государственный праздник, который ежегодно
отмечается 16 декабря. 16 декабря 1991
года – Президент Республики Казахстан
Н.А.Назарбаев подписал Конституционный Закон РК "О государственной
независимости Республики Казахстан". Вот уже 30 лет наша страна –
независимое государство.
-Что значит независимое государство?
(ассоциации)
свободное
· полнота власти на
своей территории;
· самостоятельное
определение и проведение внутренней и внешней
политики;
«Ой ашар» сұрақ – жауап
әдісі – Отан дегеніміз не? Оны
қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап
шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
4 -оқушы:
Қазақстан Республикасының Гимні – бірлікке,
ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа,
еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
5-оқушы:
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның
астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір
мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
6-оқушы:
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз,
сондай – ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар.
Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды
білдіреді.
7-оқушы:
День рождения государственной
символики 4 июня
1992 года. Символом независимости стал
голубой флаг с золотистым национальным орнаментом
слева, золотистым солнцем и парящим силуэтом орла в центре. Ныне он
воспринимается всеми, как символ свободы, независимости нашей
республики. Автором его является Шакен Ниязбеков. Автор доказал,
что одноцветие флага является символом единства Казахстана. Солнце
– символ богатства и изобилия. Силуэт орла – государственная
власть, широта, прозорливость.
8-оқушы:
1986 жылы 16 –
желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға
жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған»,
«Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген
ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп,
көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан
әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап
етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар»,
«Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге
қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары
сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік
көрсетіп құрбан болды.
9- оқушы:
Қайрат:
Күнәдан таза басым
бар,
21-де жасым
бар,
Қасқалдақтай қаным
бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Дүниені дүр сілкіндірген 1986
желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 – ақ жыл ғұмыр
кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін
күресті.
Қайраттың
рухына.
(Желтоқсан құрбаны Қайрат
Рысқұлбековке)
10-
оқушы:
Азаматтық айбарымен
еркіңнің,
Желтоқсанда намыс үшін
желпіндің.
Алаңдағы әділетсіз
дауылға
Қайсарлықпен қарсы келіп сен
тұрдың.
Жапа шегіп жатсаңдағы
жаладын,
Жарамады арашаға жан
адам.
Желтоқсанның желбіретті
жалауын,
Төрт жылдан соң мұхтар атты
жан ағам.
11-
оқушы:
Желтоқсан деп жүрегім сыздар
әлі,
Шырқалады Қайрат деп қыздар
әні.
Көк байрағым сені еске сап
тұрады,
Желтоқсанның жеңілмес
мұзбалағы.
Жиырма бір жасың жатыр
пешенеңде,
Айналар атың әлі неше өлеңге.
Жастар жүрер рухыңа тағзым
етіп,
Рысқұлбеков атты бақ пен
көшелерде!
12-
оқушы:
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 – желтоқсан Қайрат
Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша
ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат,
Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан
қаһарманы» атағы берілді.
Сол желтоқсан оқиғасы қанша
ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып
келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел
болдық.
13- оқушы:
Қазақстан – Тәуелсіздік
бесігі
Отан деген от басынан
басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
Отансыздар мына өмірде бос
қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ
жасқанар.
Отанымды күзетеді адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас
қағар.
14-
оқушы:
О, Казахстан!
О, Родина моя!
Смотрю на степи и не вижу им
конца,
Любуюсь я красотами
природы
И нет на Родине моей плохой
погоды.
Как ты прекрасен,
Казахстан, весной:
Цветущие сады и степи
Покрыты и луга травой
И блеск на талом
снеге!.
15-
оқушы:
Современный Казахстан
Сегодня Казахстан - независимое, демократическое
и правовое государство.
По данным комитета по статистике Минфина на 1 октября 2020 года,
население республики превышает 18,8 миллиона человек. Казахстан
занимает девятое место в мире по территории.
Страной руководит президент, правительство возглавляет
премьер-министр. В парламенте Казахстана две палаты: верхняя –
сенат, нижняя – мажилис.
Судебную власть осуществляют Верховный суд, областные, военные,
городские, районные и специализированные суды. В состав Казахстана
входят 14 областей, 87 городов (в том числе три города
республиканского значения: Нур-Султан, Алматы, Шымкент. Также здесь
38 городов областного значения и 47 городов районного значения.
Каждый регион и город возглавляет аким, которого назначает
президент страны.
Национальная валюта – тенге.
16- оқушы:
Достижения
В 2015 г.
Казахстан вступил во Всемирную торговую
организацию.
Казахстан считается страной
с лучшим инвестиционным климатом в регионе, занимая 25-е
место согласно Докладу группы Всемирного банка «Ведение
бизнеса»
Казахстан - глобальный лидер
движения за обеспечение ядерной безопасности
Казахстан
провел Международную специализированную выставку
«ЭКСПО-2017» в Нур-Султане на тему «Энергия
будущего»
17- оқушы: 10
интересных фактов о Казахстане
1. Один из мировых лидеров по добыче металлов
2. Второе место по мировым запасам
урана
3. Самая длинная сухопутная граница в
мире (Казахстан и Россия)
4. На территории страны были одомашнены
первые лошади
5. Байконур – первый и крупнейший в мире
космодром
6. Перепады температур в течение года
могут составлять до 100 градусов
7. Самый большой в мире высокогорный
каток «Медео»
8. «Кок-Тобе» - самая высокая телебашня в
мире
9. «Хан-Шатыр» - самый большой шатер в
мире
10. В озере Балхаш половина воды пресная,
другая – соленая
18-оқушы
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы
Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз
бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс
болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш
болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Ән: "Тәуелсіз қазақтың
қызымын" Совхозбек Айым, Сәрсен
Асылай.
Қорытынды:
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас
Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан
бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған
арманы. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында
жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы
саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты
жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының
алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата
білді.
Отанымыз әрқашанда тыныш
болсын! – деп «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.
|