жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.
Құндылықтар: бірлік және ынтымақ
Апта дәйек сөзі: Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді
Көрініс
(Әжесі жұн тутіп отырады Немересі далада ойнап жүреді)
Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...
Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен қонақтардан, ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын.
Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!
1-Жүргізуші: Шашу, шашу!
Ей Аллаһ, Шашу етіп шаттығымды,
Бұйырттың пешенеме сәтті күнді,
Өзіңнің есіміңмен қатар қоям.
Тәуелсіздік деген бұл тәтті ұғымды!
-
Жүргізуші: Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары.
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты!
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.
-
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және қонақтар! 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!
«Әнұран» орындалады.
1-оқушы: Құдярова Гүлайым
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Жаңарды заман, жасампаз елміз жайнаған.
Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты жайлаған.
Мұнай мен газы атқылап көкке алтын боп,
Еңбекші жұртпен жадырап кетті бай далам!
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгінде,
Айбарлы менің Алашым!
-
Оқушы: Әл-Кәрім
Тәуелсіздік
Ата баба мұраты орындалып,
«Қазақстан» құжаты қолында нық.
Келер күнге құшағым айқара ашық
Қаймықпадық, қайтпадық, қорынбадық
Көгілдір ту шырқау шың шаңырағым,
Әлдилеп тұр әуелеп Әнұраным.
Босағада талай бір боздап қалған.
Төрге шық Елтаңбам, Әнұраным.
3-оқушы: Кенкозов Ернар
Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін
Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,
Күмбірлейді күй болып шертілді үнің.
Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,
Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін
Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз,
Бүгінімен басталды ертеңіміз.
Аспаныма арайлап нұр қаптады,
Өзіңдікі өзге емес өз төріміз.
Т- білдіреді теңдейді
Ә- әдептілік ерлікті
У- уайымсыз, уақытты
Е- егеменді, елдікті.
Л- дейді лағып, лепірме.
С- сенімділік, секілді ең.
І- ілтипатпен ізет қой.
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа.
І- ілкімді бол сақтыққа.
К- дейді күн боп көктегі!
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,
Көреріңді көрсеңде азаппеннен.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
-
Жүргізуші: Ән: «Қазақтың ұлымын» Орындайтын: Абылхаир Нұрасыл мен Мырзахан Мақсат
-
Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
-
Жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1995 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» қабылданды.
Би: Қазақ биі
-
Оқушы: Пернебаев Жасұлан
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке
ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей
алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
(Қалқаман
Сарин)
2-оқушы: Өмірбек Інжу
Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
Ендіктерді аралап еркін
дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!
Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!
Төрт түліктен майысып арқа,
белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ! Күн туды
қуанатын! (Базарбай
Исаев)
-
Жүргізуші:
Ән : «Қазақ осы» орындайтын Бектемір Інжу -
Жүргізуші: Енді бүгінгі іс-шараға қатысып отырған желтоқсан оқиғасы куәгерлері аға-әпкелерімізге сөз кезегін берейік.
Хор: Қазақстаным – Отаным
1-жүргізуші: Енді қорытынды сөзін мектебіміздің директоры: Мусаханова Ұлбала апайға, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары: Диметова Диля апайға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ахмедова Бибигул апайға береміз.
-
Жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» - атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген