400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік -тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда 16-желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК күніне арналған ашық тәрбие сағаты жарияланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы
Еңбекші ауданы
№126 «Айнатас» негізгі орта мектебі







Тәуелсіздік –тірегім















2018-2019оқу жылы


Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.

Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Сабақ барысы

1­­-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар! Әдемі

Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.


2-жүргізуші: Ердәулет
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттттықтаймыз. Қанша жыл, ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.


1-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды, үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

1 Оқушы Қыдырбек

М. Шаханов, «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!


2-жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.



1-жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.


2 -жүргізуші:1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.


1-жүргізуші:Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.



2 Оқушы: Толғанай

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

3 Оқушы
: Ұлар

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.


4 Оқушы:
Ақдидар

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.


5
Оқушы: Бекзат

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.


6
Оқушы:Дархан

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.



1-жүргізуші:

Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар. Желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі.

2-жүргізуші:

Көрініс.

Ортаға бір топ қыз -жігіттер шығады.

- Қыздар, мен газет әкелдім!

- Қане, не жаңалық бар екен?

- Пленум болыпты.

- Қонаевты орнынан алды дейді.

- Онысы несі?

- Орнына кім болыпты?

- Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

- Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

Жастар шуласып кетеді.

1-жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атындағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар « Менің Қазақстаным» әнін айтып шығады.

- Пленум шешіміне қарсымыз!

- Әр ұлтқа өз басшысы!

- Колбинді әкетсін!

- Қонаевтің өзі сөйлесін!

Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамды ұстап алады.

- Қайрат!

- Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.

Қайратты тергеуге әкетеді. «Сот залы»

Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Сот:

- Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сот залына әкелінсін!

- Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сіз өзіңізге тағылған кінәні мойындайсыз ба? Қайрат Рысқұлбеков:

- Жоқ! Мен емес, мойындамаймын!

Сот:

- Куәгер кірсін!

Куәгер:

- Мен Анна Светлановна сағат 10-дар шамасында Қайрат Рысқұлбеков Свицкийді өлтіргенін көрдім!

- Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот үкім шығарды!

Сот:

- КСРО Жоғарғы кеңесінің заңдарының 173-бабына сай Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілсін.

2-жүргізуші:

КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Алайда бұл хабар Қайратты қуантқан жоқ.

  1. Жүргізуші : Ән: «Мен Қазақ»

Ердәулет 7- Оқушы: Ербол, Қайрат, Ләззатсынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

8 Оқушы: Айгерім

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

1-жүргізуші: Би: «Қыздар биі».

2-жүргізуші: 1991-2011 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік?

9 Оқушы:ГҮЛСЕЗІМ

1991 жыл – Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып,

Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

10 Оқушы:ЖАНСАЯ 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы. Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға болып кірді.

11Оқушы: БЕКАСЫЛ 1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалы суреттер басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

12 Оқушы: КӘУСАР 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат МҰСАбаев ғарыш кемесімен көкке самғады.

13 Оқушы: АЯНАТ 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.

14 Оқушы: ӘСЕМ 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының 1 сессиясы болып өтті.

15 Оқушы:ӘСЕМАЙ 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

16 Оқушы: ЖЕҢІСБЕК 1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейтіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналып жатыр.

17 Оқушы: АРНАТ 1999 жылы 10 қаңтар Призидент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

18 Оқушы: БАҚДӘУЛЕТ 2000 жылы «мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

19 Оқушы:МИРАТ 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

20 Оқушы: ДОСЖАН 2002 жылы. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

21 Оқушы: ДАНИЯР 2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» деп жарияланды.

22 Оқушы: ӘЛИНҰР 2004 жылы «Қазақстан-Рессей» жылы болды.

23 Оқушы: АРУЖАН 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

24 Оқушы: НҰРАЙ 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

25 Оқушы: ДИНА 2007 жыл – «Қазақ тілін қолдау» жылы.

26 Оқушы: НҰРСЕЗІМ 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада ынтымақ пен бірліктің символы ретінде Самит өткізілді.

27 Оқушы: НҰРБОЛАТ 2011 жылы 30 қаңтар және 6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қаласында 7 қысқы Азиада ойыны өтті.

28 Оқушы: БАУЫРЖАН 2011 жылы 3-сәуірде Н.Ә. Назарбаев қайта сайланды.

«Алға, Қазақстан!». Хормен, 3 рет.

Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.

  1. Жүргізуші: Тәуелсіздік туралы өлең-жырларға кезек берейік

Мұғалім: Міне, егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқына жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жолдауда еліміз жаңа серпіліспен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.


2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті, хош, сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі