жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік -тірегім
Тәуелсіздік-тірегім.
ШҚО Тарбағатай ауданы
(мектепалды даярлық) Кіндікті ауылы Ғ.Мұратбаев
атындағы орта мектебі КММ
Нұрғалиева Айнұр Жігітқайырқызы
Ашық
тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - тірегім
.
Мақсаты
: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік
сәзімдерін молайту,Тәуелсіздік тарихына
шолу жасау,туған жерін,елін сүюге
,рәміздерін құрметтеуге,патриоттық
сезімге тәрбиелеу. Сөздік
қорларын, тілін дамыту.
Көрнекілігі
: қанатты сөздер,
Н.Ә.Назарбаевтің
суреті,рәміздер,хандардың,билердің,батырлардың
суреттері, шарлар, буклет Астананың
суреттері,Қазақстанның картасы.
Барысы:
Мұғалім : Қазақстан
тәуелсіз азат елім,
Кең байтақ ,
қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып
бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен
айналдым асыл елім.
Армысыздар ,
қадірлі қауым !1-желтоқсан президент
күніне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік
– тірегім » атты тәрбие сағатымызға
қош келдіңіздер!
Әнұран
орындалады.
Мұғалім:Атыңнан
айналайын қазақ деген,
Қазағым
қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың
ерлігіңді сағың сынбай ,
Көреріңді
көрсең де азаппенен.
Кіріспе.
Қазақ халқының
тарихында ел мен жер үшін , тәуелсіздігі
үшін, Отан үшін өліспей беріспеген
күрестер аз болған жоқ.. Ұлан ғайыр
жерімізге тұс-тұстан көз алартып,
анталаған жаудан қазақ елінің қайсар
батырлары найзаның ұшымен , білектің
күшімен атамекенді азат етіп
отырды.
Жоңғарлардың шапқыншылығы
айрандай ұйып отырған қазақты тарыдай
шашты.
Қазақ халқының бастан кешкен
қасіретін сөзбен айтып жеткізу өте
қиын.
Алашты бір тудың астына
біріктірген Абылай хан, қазақтың тура
билері Төле, Әйтеке, Қазыбектердің,
ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай сынды батырлардың аңсаған
азаттығын алуды көксеген Алаш зиалылары
«халық жауы»аталып, атылып кете
барды..
Қазақ халқы Ресейдің қол
астында Одақтас он бес республикамен
тізе қосып,
Отан үшін қасық қандары
қалғанша Ұлы Отан соғысында ерлікпен
шайқасты.Сыр елінен майданға қатысқан
ерлеріміздің жиырмасы «Кеңес Одағының
батыры » атанды.
Бостандық,теңдік,тәуелсіздікте
өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан-елімнің
болашағы,бостандығы,егемендігі үшін
болған күрес.
Мұғалім:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып
келер ғасырға .
Азаттық дейтін
ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.
Желтоқсан құрбандары туралы суреттен көрсетіп аты-жөндеріне тоқталып өту.
Қайрат,Ербол,Сәбира,Ләззат .
Мұғалім:
Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз
жанады , бауырмал елдікпен.
Қазақтың
мерейі жұлдыздай жоғары ,
Мәңгілік
жасаймыз бірлікпен, елдікпен.
1991
жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы
армандаған ұлы күнге жеттік.Тәуелсіздігімізді
алдық. Өз туымызды биікке көтеріп,
әнұранымызды әуелеттік.Ата заңымыздың
аясында бейбіт күннің шапағатына
бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған
жасампаз бейбітшілік пен келісімнің
қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды.
Әдеби монтаж.
Меруерт:Тәуелсіздік,тәуелсіздік,жыр-әнім
Ел іргесі берік болсын-ұраным.
Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым.
Нұрхат: Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік ?
Тәуелсіздік ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас,бауыр туыс боп,
Ел-жұртының алма құнын түсіріп !
Шырын: Тәуелсіздік!Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіңМұхтар , Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік,сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік,сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік ақ батасы атаның.
Бибіажар:Тәуелсіздік,тәуелсіздік,жыр-әнім
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным,
Атыңнан айналайын,Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Нұрай: Желбіресе көк туым
Көтерілер шоқтығым...
Қазақты әлем таныды,
Егеменді ел бүгін.
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.
Тыныштықтың дәміндей
Туымдағы алтын күн.
Ән:« Көк тудың желбірегені ». Бибіажар,Нұрай.
Индира: Үлкен,өзен көлдері
Үлкен орман шөлдері,
Үлкен қала,тауы бар
Елді?-ендеше табыңдар,
Әрбір қазақ баласы,
«Өзім сонда тұрам!» дер ,
Бұл қазақтың даласы,
Ата-бабам туған жер.
Картадан Қазақстанды көрсетеді.
Айқын: Әйнегі-күн,шатыры-аспан.
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан Республикам менің.
Ақниет:Тәуелсіздік-билігі бұл санамның,
Тәуелсіздік-таза ауасы даламның.
Тәуелсіздік-бұл арманы бабамның,
Тәуелсіздік-бақ дәулеті баланың.
1998
жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми
тұсаукесері болды. Қазақ елінің елордасы
–Астана қаласы .Астана- күн санап өсіп
келеді ,еліміздің лүп-лүп соққан
жүрегі.Астананың қай жерін алып
қарамасақта,таңдай қағып сүйсінерліктей
әдемі ғимараттары көздің жауын алады.
Өз шекарамызды еншілеп , шет елдермен
байланыс орнаттық.. Алпауыт елдердей
ел экономикасы қарыштап дамып келеді.
Астананың
ғимараттарына тоқталып өту,буклетпен
жұмыс.
Мұғалім сөзі:Танытты қазақ бүгін қазақтығың.
Елім деп көш бастаған Елбасының,
Таныды әлем міне,алыптыгың...
О,шіркін,Қазақстан ғажап бүгін!-демекші қазақ елі қазіргі уақытта әлем назарында.Қазақстан еңсесін көтеріп,тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Н.Ә.Назарбаевтың маңдайына жазылды.Қазіргі уақытта Қазақстан әлем назарында болып, әлем таныған шаһар болып отыр.Бұның бәрі Президентіміздің арқасында деп білеміз.Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп,орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексізғӘрқашан аспанымыз ашық болып,күніміз жарқырап тұрсын.
Ән:«Әрқашан күн сөнбесін!» Балалар хормен орындайды.
Қорытынды: Елбасымыз саған мәңгі разымыз.
Үлкен-кіші ағайынбыз бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан.
Сіз біздердің
піріміз де,әніміз,дей отырып ашық тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.Келгендеріңізге
көп рахмет.Сау
болыңыздар!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген