400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік -тірегім! 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік -тірегім!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік -тірегім!



Мақсаты: Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу;

Көрнекілігі:Слайд,бейне көріністер,плакаттар.



Жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін, міне Тәуелсіздік ағайын!

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған « Тәуелсіздік тірегім! » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!



Гимн

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.



Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Жүргізуші: 1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен

қасірет мидай араласқан қаралы да қасіретті күн.

« Желтоқсан желі» әніне жазылған бейне көріністі көреміз.



Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға.

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.







Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін.

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін



Жүргізуші: Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1990 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, 1991 жылы Тәуелсіз ел дүниеге келді.



Слайд: Тәуелсіздікке 25жыл!





Егемендік-иесі мен деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

« Тәуелсіз, егемендік ел » деген сөз



Егемендік –ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

« Егемендік» деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.



Жүргізуші: 1991 желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш

1992 жылы 4 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.



Жүргізуші:



Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

ӘнҚазақ елі осындай!

Орындатын:Аманкаирова Асел,Нұржанқызы Дильназ,Мақсым Молдір.



Туды міне , алтын күн

Енді қазақ жыламас.

Өз алдына халқымның

Тіккен туы құламас!



Тәуелсіздік –ұраным

Құсқа ұқсатам- қыраным

Біз бақытты боламыз

Тұғырлы етсек тұрағын.



Тәуелсіздік - бағымыз,

Ең бақытты шағымыз.

Азаттық деп үн қатып

Қуанамыз әлі біз



Тәуелсіздік –рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды ,бодан болған азат күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем

Өйткені, мен –тәуелсізбін , азатпын.



Жүргізуші:

Ән: Мереке. Орындайтын Танатдурды Фарида

Жүргізуші:

Күмбірлей күй естілсін домбырадан,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойы балбыраған.

Күй: «Көріғұл» орындайтын Махсат Қанат

Көркем сөз.Сайын.Назарбек «Тәуелсіздік-арманы бар қазақтың!»

Оқитын: Болат Тоғжан



Қазақстан-байтақ ел,нұр мекенім,

Қазақстан құдіретті,жыр мекенім

Қазақстан-байлығы мол,туған жерім

Қазақстан-ыстық маған



Әрқашанда да мақтанамын жеріме

Қазыналы,дархан,байтак еліме

Ешбір теңеу тең келмейді өзіңе

Тілеймін мен бейбітшілік өзіңе







Мен қазақпын,биікпін,байтак елмін

Қайта тудым,өмірге кайта келдім

Мен мыңда тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді айта бергім



Мен қазақпын деп мақтанамын

Ұранга Алаш деген атты аламын

Суйгенім казак өмірі,өзім казак ,

Мен неге қазақтыктан сақтанамын



Жиырма екі жыл,жиырма екі жыл азаттық

Өзімізді кұрсаудан да босаттык

Ақтадық біз ата-баба умітін ,

Колда казір көк ту менен бостандык



Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мыкты болсын елімнін керегесі.

Тату–тәтті боп халқымыз әркашан

Кетпесін туған жердің берекесі



Қазақ биі:Айгөлек. Билейтін бишіміз

Айтбайқызы Аделина



Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Хор:Бала тілегі







Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!



Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын !

















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі