"Тәуелсіздік -тірегім" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік -тірегім" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік деген сөздің қадірі ерекше. Қасиетті де қастерлі ұғымға тұнып тұрған киелі атау екенін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік - тірегім

Меніңше, Тәуелсіздік деген сөздің қадірі ерекше. Қасиетті де қастерлі ұғымға тұнып тұрған киелі атауды ата-бабаларымыз қаншама жылдар тіпті ғасырлар бойы аңсады десеңізші!...

Тәуелсіздік - әрбір адамның басты байлығы. Туған елің, ана тілің, әлем елдерімен терезесі тең өз мемлекетің болғанына не жетсін?! Еліміздің еркіндігі үшін халқымыз қаншама қиындықты, қиян-кескі соғыс  пен ашаршылықты, неше түрлі ауыртпалықтарды бастан өткеріп, жеңіп шығып бүгінгі күнге қол жеткізген еліміздің ерлігіне сүйсінемін. Осындай елдің перзенті екенімді сезінген сайын бойымды мақтаныш сезімі билейді.

1991 жылы Кеңес Одағының құрамынан бөлініп, өз шаңырағымызды көтергенімізге биыл 30 жыл болды. Осы азғантай ғана жылдардың ішінде еліміз еңсесін тіктеп, жеке мемлекет болып қалыптасты. Даму жолына түсті. Бұл жолда Елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың еңбегі мен салиқалы саясаты өте көп. Өйткені тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне, әлемге танылуына аянбай тер төкті. Еліміздің ортасында сұлулығы көз тартатын, әсем астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді. Өзіміздің төл теңгеміз айналымға шықты. Елтаңбамыз бен көкте желбіреген туымыз бойымызға рух береді. Ұлан- ғайыр үлкен атамекенімізге бөтен адамды заңсыз кіргізбейтін берік шекарамыз бен айбынды әскеріміз бар.  Осы жетістіктердің бәріне Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Жыл сайын қасиетті мерекеміз Тәуелсіздік күнінде елінің азаттығы жолында жанын қиған бабаларымызды еске алып, олардың ерлік істерін өзіме үлгі етемін. Жақсы оқып, болашақта білімді азамат болып қалыптасып, еліміздің дамуына үлес қоссақ деп армандаймын. Болашақта әлем елдерінің алдында ұлтымыздың беделі асқақтай түсу үшін, біз жақсы оқуымыз керек. Сонда ғана еліміздің мақтанышы мен тірегі болған Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, ұлы даланың төсінде өркендеп жайқала береді.



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Г. Мырзабекова

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2021
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі