400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік -тірегім! Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – тірегім!


Мақсаты: баланың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отансүйгіштіккке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта , буклеттер, тақырыптар мен жинақталған суреттер, қанатты сөздер.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар , оқушылар Тәуелсіздікке орай ұйымдастырып отырған 1- сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер!

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мұғалім:

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 27 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Мұғалім:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам деп , сайысқа қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

«Тәуелсіздік-тірегем » атты сайысымызға 1-сынып оқушылары қатысқалы отыр.

Мұғалім: Құрметті оқушылар сайысымыздың әділ-қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Машанова Айнаш Орынбасаровна

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кайбуллаева Таниза Сайлаубаевна

1 «А» сынып Елемес Батанияз, Ержігіт Қайрат

1 «Ә» сынып Ибраева Анель

1 «Б» сынып Бақтыбайқызы Ақсезім

1 «В»сынып Жанқуат Нұрай

1 «Г» сынып Алимова Асель

1 «Ғ» сынып Табанияз Ерлан

1 «Д» Джолманова Барно

1 «Е»Аманжолов Даулеткерей,Алимбаева Айкерім

1 «Ж» сынып Джолманова Барно

1 «З» сынып Асқатқызы Айша

(Әр оқушы өзін таныстырып , өнерін көрсетеді)


Мұғалім:

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.

Мұғалім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп – қорытынды сөзді әділ-қазыларға береміз.

Қош сау болыңыздар!



















































Ақпарлама

2018-2019 оқу жылында «№14 жалпы білім беру орта мектебінің» КММ-де 1 -сыныптар арасында, мектепішілік 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік –тірегім!» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқушылар мәнерлеп оқу байқауда өз өлеңдерін ортаға салып, бірнеше өлең шумақтарын айтып өз өнерлерін көрсетті. Кеш өте жақсы ұйымдастырылып, оқушылар жоғарғы деңгейде дайындықпен қатысты. Байқауды саралай келе 1- сыныптар арасынан бас жүлдені 1 «А» сынып оқушысы Елемес Батанияз, І –орын 1 «Ә»сынып оқушысы Ибраева Анель,1 «Б» сынып оқушысы Бақтыбайқызы Ақсезім 1 «В» сынып Жанқуат Нурай .ІІ-орын 1 «В» сынып оқушысы Джолманова Барно, 1 «Е» сынып оқушысы Аманжолов Даулеткерей ,1 «З» сынып оқушысы Асқатқызы Айша ,1 «А»сынып оқушысы Ержігіт Қайрат , ІІІ –орын 1 «Г» сынып оқушысы Алимова Әсель, 1 «Ғ» сынып оқушысы Табанияз Ерлан ,1 «Е» сынып оқушысы Алимбаева Айкерім жеңіп алды.Оқушыларды ынталандырц мақсатында барлық оқушыларға орындар берілді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі