жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік- тұғырым




Тақырыбы «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз »
Мақсаты: Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру. Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Патриоттық сезімге баулу.Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу. Балалардың құм терапиясында шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Көрнекі-құралдар: Слайд, құм терапиясына арналған столдар
Тәрбиеші: Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернеп жүректі .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Отан дегеніміз не екен?
Балалар: Отан дегеніміз – біздің туып өскен жеріміз, туған – туыстарымызбен бірге тұратын жерді Отан деп атаймыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар
Слайд көрсетіледі
Тәрбиеші: Балалар 1986- жылғы желтоқсан жастар көтерілісі ешкімді аямады. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат, Ербол, Ляззат, Сәбираның аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды.
Жалғыз Отан-адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.
Аялина : Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Тәрбиеші: Мінекей, балалар, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама аға-апаларымыз өз өмірлерін тәуелсіздік үшін қиды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет болғанын жариялады. . Халқымыздың арманы орындалып, елімізді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарды. Еліміз бүгінде бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен,Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Сергіту сәті: Слайд арқылы
Тәрбиеші: Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді, еркіндіктің бейнесі.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді
Би: «Домбыра»
Тәрбиеші: Енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық
Нұрсая: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Жасмин: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Айюб: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Нұриман: Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
«Құм терапиясы»
Тәрбиеші: Балалар алдымызда тұрған құмға саусақ арқылы әдемі гүлдердің суретін салайық. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Ән: «Тәуелсіз ел ұраны»
Қазақстаным Отаным,
Шалқыған шаттық ордасы.
Тәуілсіздіктің ұраны,
Шалқыған жырдын арнасы.
Қ-сы:
Елім де тыныш, жерім де тыныш,
Бейбіттің әні шырқалсын.
Бақытты жерім, жақұтты жерім,
Тіл-көзден сені сақтасын.
Тәуелсіз елдің ұраны,
Қырандай көкке самғасын.
Көк туым менің желбіреп,
Тұғыры мәңгі таймасын.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз егеменді тәуелсіз еліміз туралы білдік . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп тілейміз .
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген