400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты концертінің сценарийі колледж студенттеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші»

атты концертінің сценарийі


1-жүргізуші:

Арысын ардақтап намыс еткен,
Намысын бойына ту еткен.
Ұлысын ұлықтаған,
Баба жолын ұмытпаған.
Қазақ елі, армысыздар
!

Алтын ұя отан қымбат
Құт береке атаң қымбат
Кіндік қан тамған жерің қымбат
Туып өскен елің қымбат –деп ұрандаған барыс елім бармысыздар!

Ән: « Тәуелсіз ел бақытты » 10 топ студенті Арыстанов Даниярдың орындауында.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс.

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақытты, ертеңі
О, халайық Құтты болсын қуаныш!

Құттықтау сөз колледж директоры Серікбай Ермекұлы Жумагуловқа беріледі. 

Колледжішілік Алғыс хат ж\е дипломдармен марапаттау,

Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан мәңгілік ел- Тәуелсіздік күні құтты болсын.

Тура 27 жыл бұрын Қазақстанның Тәуелсіздігін бүкіл әлем мойындады. Қазақ төрінде азаттық туы желбіреді.

(көрініс)

2-жүргізуші:

Бәріміздің киелі атамекеніміз бар. Ол қазақтың ұлы даласы Тәуелсіз Қазақстан. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықтыда қайыспай қарсы алуға лайық өз рухына азат ойлы жасампаз халық бар. Ол елжүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты.

1-жүргізуші:

Ол ұлы дала төсінде өзі құрған мемлекеттен мәңгілік ел жасау. Тәуелсіздік Қазақстанымыз мәңгілік елге айналсын. Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан ұлы дала деп, ал бабаларымызды ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз солардың жалғасымыз Ұлы даланың мұрагеріміз. Осынау кең байтақ ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып 27 жыл бұрын жаңа Қазақстан дүниеге келді.Мерекелеріңіз құтты болсын! Алдарыңызда колледжіміздің мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында «Түрік» биі

2-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім. 

Ән: « Атамекен » Нұрланқызы Гүлнұрдың орындауында.

1-жүргізуші:

Ән: « Мен Қазақпы » орындайтын колледж саз жетекшісі Султангалиев Сансызбай Аскарович

2-жүргізуші:

Осылайша бүгін желтоқсан оқиғасына арналған ««Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тарихи әдеби кешімізді қорытындылай келе, жолдарың ашық , жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұрпақтары!



















Бекітемін _____________

Шыңғырлау колледжі директоры

С.Жумагулов





«Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші»









Жетекшісі: С.Сұлтанғалиев









2018 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі