400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына аманат 


Кештің басы «Мәңгілік ел» биімен ашылады

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –адамзаттың бақыты!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосыла алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (гимн орындалады)

Салтанатты жиынымызды ашу үшін және ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай құттықтау сөз кезегі мектебіміздің басшысы Қанат Ғайса Мақсотұлына беріледі


Жүргізуші: Тәуелсіздіктің мерекесі дегеніміз – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері. Осы жетістіктерге біз маңдай терімізбен қол жеткіздік. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Осы 26 жыл әр адамда өз естелігімен жадында қалары сөзсіз.


Жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


10 сынып оқушылары Сағатжан Айсәуле мен Егінбай Айарудың мерекелік тартуы:

Ән:



Жүргізуші: Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы еске алмақпыз.

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы тұрған, алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз бен қыздарымызды ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

:              Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

                               Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін.

                               Ерлерім елдік үшін атой салып,

                               Еншілерін қайтарған бәйгілі күн.


            Желтоқсан – тағдырларға азалы күн,

                               Қайраған намыстарын мазалы мұң.

                               Қыршынынан қиылған боздақтары

                              Қалар мәңгі есінде Қазағымның.


Келесі сөз кезегі біздің ұжымның мүшесі, желтоқсан оқиғасының куәгері Қайыңбай Бағдагүлге беріледі

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесі мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрдық. Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында. Олай болса бүгінгі ұрпақ кім? (қолдарындағы әріп жазылған суреттермен « Қазақстан» сөзін құрастырады)

«Біз кімбіз?»( таңбалау)


Қ – Біз тәуелсіз елдің жастарымыз

А -Біз ел қорғаушымыз

З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз

Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын

С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз

Т-Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген,

А- Біз білімге, адамгершілікке құштар

Н- Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз


Жүргізуші: Тәуелсіздік күні - қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл-еліміз үшін үлкен мәртебе.

Келесі орындалатын ән , мектебіміздің жас әншісі Керей Әлиханның орындауында «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші:

Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. 
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Енді Тәуелсіздік ұландарының құттықтауына кезек берейік

(ортада «Жас ұлан» ұйымының сәлемдемесі)

Жүргізуші:

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.

Келесі кезекте ардагер ұстаздардың атынан құттықтау сөз _________________ беріледі


Жүргізуші: Мерекелік тарту ән: «Самға, самға», орындайтын 11 сынып оқушысы Сүлеймен Бекзада

Жүргізуші:

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.



Елім бар да мен бақытты  ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Ортада мектебіміздің жас әншісі Сағатжан Ерасыл, «Елім менің» әнімен



Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алған деп, қолындағы Т әрпі жазылған шарын ұшырады; 
Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген деп, Ә әрпі жазылған шарын ұшырады; 
Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі деп, У әрпін ұшырады; 
Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу деп, Е әрпін ұшырады; 
Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың деп, Л әрпін ұшырады; 
Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді деп, С әрпін ұшырады; 
Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға деп, І әрпін ұшырады; 
Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын деп, З әрпін ұшырады; 
Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын деп, Д әрпін ұшырады; 
Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына деп, І әрпін ұшырады; 
Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі деп, К әрпін ұшырады. 
Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. 

Жүргізуші:

Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
 

 Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!












 

 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі