Материалдар / «Тәуелсіздік -Ұлы дала ұрпақтарына аманат» сынып сағаты сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тәуелсіздік -Ұлы дала ұрпақтарына аманат» сынып сағаты сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2022
175
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 - ЖҮРГІЗУШІ

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

«Тәуелсіздік -Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!


2 - ЖҮРГІЗУШІ

Тамыры тереңге жайылған тарихымызға көз жіберсек, еліміздің ел болып қалыптасуына мыңдаған жылдар кеткенін білеміз.

Жерімізге көз тіккен жоңғарлармен 100 жылға жуық шайқасып, ата- бабамыз қасықтай қаны қалғанша жерімізді қорғап қалды емес пе? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Богенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты батырларымыз «Жерімізді қайтсек те жауға бермейміз!» деген ұранмен қолбастап, жауынгерлеріміздің рухын көтерген, Отанына деген махаббатын оятқаны бәрімізге аян.


1 ЖҮРГІЗУШІ

Көрініске назар аударайық


1 - КӨРІНІС

Шапан киген бала шығып

«Уа, халайық, елімнің тізгінін ұстаған Керей мен Жәнібек келеді!»

Ортаға екі бала шығады батырлар киімін киген


Керей сөзі

-Уа, әлеумет,

Теңдіктің тезі теңселмей,

Еркіндік жолы елесті.

Бақыттың жолы бәсеке,

Ырыстың жолы бейнетті.

Азаттық жолы азапты,

Төземісің әлеумет!


-Уа әлеумет,

Қазақтың қайран даласын.

Жабағы жайлау ел қыламын,

Қара сирақ баласын

Басқалармен тең қыламын.

Кеткен теңін қайтарып,

Іргесі тыныш төрінде,

Мерейі ұстем бағы зор,

Ырысын шалқар көл қылам.

Осы жолда әлеумет.

Қайсалаң болса маған сен,

Саған сен.

Ендеше халқым атқа қон ,

Туыңды ұста шалқайма.

Құдайым бізді бастасын,

Арманы биік ақ жолға!


2 - ЖҮРГІЗУШІ

XVII ғасырдың 20 жылдары жоңғар басқыншылары елімізге шабуыл жасады. Қазақ халқы жүз жылдан астам уақыт бойы жоңғарлармен күрес жұргізді.Бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы, тәуелсіздігі жолында бүкіл халықтың күресіне айналды.Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды. Ал қорғансыз халықтың шығыны бүдан да әлдеқайда көп болды. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние мүлік, мал, жанына қарай алмай босып кетті . Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.


КӨРІНІС 2


Қарт кісі


«Оу, ел жұртым, бұл қандай заман болды? Көш кетіп барады, ел аштан қырылуда, елімнің тоз-тозы шықты .

Әйел

«Ия, елім көшкен қаңбақтай қайда барады? Апам айтушы еді жер өртенсе сумен сөндіреміз, ал ел өртенсе немен сөндіреміз?

Бұл өртті сөндіретін бір ақ күш бар - ол халқымның бірлігі. Оу құдайым ендігі ұрпақтарымды аман сақтап, ешкімге қор қылмай, береке бірлікте болса екен.

Қарт кісі:

«Адам баласы өмірдегі жақсылық пен жамандықты да ұмытпауы керек»

Бала сөзі

Осы күнгі қиындықты қалай атасақ болады ?

Қарт кісі:

Бұл Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама – бұның мағынасы ата-мекен, мал мүліктен айырылып аш-жалаңаш, шұбыра-шұбыра табаны тозып ағарған елдің қайғы-қасіреті.

Бала сөзі:

Ия дұрыс айтасыз қария, шаршадым, шалдықтым, қалжырадым...



2 ЖҮРГІЗҮШІ


Ата бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені - тәуелсіз ел болу. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында қазақ халқына әйгілі билеріміздің орны ерекше болған. Олар Төле би, Қазыбек би , Әйтеке би.


Төле би-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі болған .


Қазыбек би-асқан шешен, ел басқарған, елші мәмілегер болған.


Әйтеке би- Кіші жүздің атақты шешені.


Қазақ халқының үш биі үш жүздің бірлігін сақтап қалды

Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ бірлігі ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен. Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы деп білеміз.


2 ЖҮРГІЗҮШІ


«Алашорда үкіметі»1917 жылы Орынборда 3-15 -желтоқсан аралығында 2 ші Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру.Төрағасы Әлихан Бөкейханов. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Алаш Орда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған --жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласу еді.Жер мәселесінің шешілмеу.

Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дұлатұлы бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті.


3 КӨРІНІС


1 – ЖУРГІЗУШІ


Адамзат тарихында дүниені сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих.

«1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді»

Солардың ішінде МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН, МӘНШҮК МАМЕТОВА, ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА, БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ, ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ сынды батыр аға апаларымызды ешқашан естен шығармаймыз

2 ЖҮРГІЗҮШІ


1986 жыл 16 желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.


Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.



1 ЖҮРГІЗУШІ

4 Көрініске назар аударайық


КӨРІНІС


Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді ,

Бізге оны ешкім аяп бермеді .

Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАН БОЗДАҚТАРЫМЫЗДЫ БІР СӘТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛУ ҮШІН, ОРЫНДАРЫҢЫЗДАН ТҰРУДЫ СҰРАЙМЫН


2 БӨЛІМ

1 ЖҮРГІЗУШІ


Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Оны бізге ешкім тегін бермеді

Желтоқсанның ызғарында қиналып

Қазақ елі Тәуелсіз боп өрледі


Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын



2 ЖҮРГІЗҮШІ


1991 ЖЫЛЫ 16 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТҰРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ


«Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші! Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет!


Құтты болсын мерей тойым мерейлі ,

Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді

Байрағымыз желбірейді биіктен,

Мен қазақпын ,қазақ атым өлмейді .

Егеменмін, тәуелсізбін, еркінмін,

Өсе берсін ұландары елімнің.

Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,

Атамекен қастер тұтар киелім!


1 ЖҮРГІЗҮШІ

8 сынып оқушыларының орындауында флешмоб


1 - ЖҮРГІЗУШІ


Тарихы таңғажайып – дастан аңыз,

Арқада – алтын орда Астанамыз.

Керемет сәнді үйімен, ән – күйімен,

Құлпырып көз тартады, бас қаламыз.


Ән «Астана» орындайтын 8 Ә сынып оқушысы Тілеумухамед

Асия

2 - ЖҮРГІЗУШІ


Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,

Ұлы достық, Нұрлы досық, Күн достық.

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты


8 «Ә» сыныбының қыздарының орындауында Шаттық биі


1 - ЖҮРГІЗУШІ


Қасиетті Қазақстан мекенім, І

Ақиқаттың алтын бесігі екенсін,

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер – білім, өркенім.


8 «Ә» сынып ұлдарының орындауында би «Жұмыр қылыш»


2 - ЖҮРГІЗУШІ

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


1 - ЖҮРГІЗУШІ

Ән «Туған жер» орындайтын 8 Ә сынып оқушылары


2 - ЖҮРГІЗУШІ

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.


Ән «Қазақтай ел қайда» орындайтын 8Ә сынып оқушылары


1 - ЖҮРГІЗУШІ

Жарғырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным1


6 Ә сынып оқушысы Кенжекей Інжудің орындауында «Ұлы Отаным-ай» әні. Қабыл алыңыздар!


2 - ЖҮРГІЗУШІ


Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.


Осымен бүгінгі «ТӘУЕЛСІЗДІК - ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫНА АМАНАТ» атты мерекелік кешіміз аяқталды.


Сөз кезегі мектебіміздің директоры Қасым Айгерім Теміржанқызына беріледі.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!