400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік – ұрпаққа берген үлкен бақыт»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік – ұрпаққа берген үлкен бақыт» тақырыбында қызықты және мазмұнды сабақ өткізіңіз! Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігінің маңыздылығын тереңірек түсінеді, ойлануға арналған сұрақтар мен қызықты кроссворд шешеді, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар арқылы өз ойларын жеткізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Бірлік болмай – тірлік болмас

Күні


Класс жетекші:


Класс: 9 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Тәуелсіздік – ұрпаққа берген үлкен бақыт»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігінің маңыздылығын түсіндіру.

Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар мен тарихи оқиғалар жайлы ақпарат беру.

Тәуелсіздіктің құндылығын ұғындырып, елге, жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Сабақта оқушыларға бірлік пен ынтымақ құндылықтарын түсіндіріп, оларды бір-бірімен сыйластықта және түсіністікте жұмыс істеуге бағыттау.

Тақырыптық көрмелермен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.



1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)

2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)

3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)

4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)

5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)

6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)

7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)

8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)

9) ШҚО әкімі (Даниал Ахметов)

10) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

11) Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)

- Қандай сөз шықты? (тәуелсіздік)

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.




Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы сабақ тақырыбын табады және өз білімдерін белсенді қолданады.

Слайд














Сабақ басы (13 мин)











Ой түрткі

  1. Тәуелсіздік дегеніміз не?

  2. Тәуелсіздік үшін күрескен қандай тұлғаларды білесіздер?

  3. Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (33 жыл)

  4. Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Тәуелсіздік – ұрпаққа берген үлкен бақыт» атты тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

Оқушылар «Тәуелсіздік» ұғымы, тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар туралы өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады.



слайд

 










Ортасы (20 мин)

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең .

Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.



Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 33 жыл!



Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың рухына тағзым етіп , еске алу парыз деп санаймын...

Жерімізді азат етіп, жоңғар әскерін оңалмастай жеңу- Абылай ханның туының астында біріккен бірлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы. Болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін, ең алдымен, бірілігімізге бекем болып, бабалардан қалған аманатты естен шығармауымыз керек...

Тәуелсіздіктің бізге артар міндеті мол.Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Кең - байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді...

Жастарымыз, өскелең ұрпағымыз достыққа адал,бауырмашыл, кеңпейіл болса деп тілейік.

Ендеше, ішкі ынтымақтастығымызды,сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету-баршамыздың парызымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мәңгілік болсын!



Тапсырма. Мәтінде кездесетін мына тіркестерді қандай сөздермен ауыстыруға болады?



Сәйкестендіріңіздер

дербес мемлекет - дамыған, өркендеген мемлекет

еңселі ел – еркін, тәуелсіз ел

келешегіміз жарқын – болашағымыз баянды

сабырсыздық, төзімсіздік - ұстамсыздық

құрмет көрсету - тағзым ету.



Тапсырма :

« Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбына жинақы мәтін жазыңыздар .

Мұғалімнің мәтінін тыңдап, тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы мағлұмат алады. Тәуелсіздік үшін күрестің маңыздылығын түсінеді.
















































Оқушылар берілген тіркестерді синонимдермен сәйкестендіреді, сөз байлығын арттырады.










«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбында шағын мәтін жазады.

Слайд

Соңы





- Балалар, осымен біздің тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды. Енді сабақ соңында айтындаршы, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің рөлдерін қаншалықты болды деп ойлайсыңдар бүгінгі сабақта?



- «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқығ үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз дегім келеді сабақ соңында.

Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы өз ойларын, алған әсерлерін бөліседі.

слайд






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі