"Тәуелсіздік айтар әнім"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік айтар әнім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік мерекісене арналған сыныптан тыс іс-шара сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік - айтар әнім!.....

Кештің мақсаты:

1.Егемендіктің мәнін түсіндіру.

2.Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу.

3.Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Кештің көрнекіліктері:

Желтоқсан жұлдыздары – Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанованың суреттері.

Кештің жоспары:

2.Сахынада Құрманғазының «Адай» атты күйі орындалады

барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 70 жыл бойы құлдырауға айналған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.Жанар таулар бұғып жатып бір күнде атылды.Сол сияқты 1986 жылы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді.Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып халықтың ар – намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да қайырлы болсын!сайысқа қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық (орындарынан тұрады).

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік алғанымызға мінекей 30 жыл болды. «Тәуелсіздік» - деген тәтті ұғым, қастерлі сөз.

Желтоқсан - жеңіс желтоқсан - ұлы жаңалық,

Нохат деп оны нәубетке қойған саналық

Жәнібек, Бұхар, Абылайдан қалған бар болсын.

Азаттық! Елдік! Даналық!

Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға,

Шындық үшін «Тар жол тайғақ кешуге»

Біз Отанды қаралауға бармадық.

Сол үшін де қолға қару алмадық

Қайта қолда қаруымыз сөз болып,

Біз Отанды әділетті қорғадық.

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.



ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ «КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ КҮЙІ»

1-жүргізуші:

Бүгінгі Тәуелсіздіккке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Алғашқы қатысушымыз АЛЕКСАНДРОВА ДИНА «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ» әнімен



Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанованың өздері өлсе де, олардың отансүйгіштігі, ерен ерлігі ешқашанда өлмек емес, бізбен, біздің ұрпағымызбен мәңгі сақталмақ.

ӘН «БАЛДЫРҒАНДАР ӘНІ» МҰХАНБЕТЖАН АЙЖАН







1-жүргізуші:

Қолымызда Тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбамыз да бар, халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз бар. Көк байрақтың астында көпұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған тұңғыш елбасмыз Н.Ә.Назарбаев «Нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» - деді.

30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.



ТРИО «Балдәурен әні»

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

ИБАДІЛДА А «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРБАНДАРЫ» ӘНІ.



1-жүргізуші:

Осыменен, Тәуелсіздік МЕРЕКЕСІНЕ арналған ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР САЙЫСЫ аяқталды.Сау-саламатта болыңыздар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2023
375
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі