400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік алған күн. Тұманбай Молдағалиев (1935-2011).

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің маңыздылығын ұғындыру. Педагогтармен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік алған күн. Тұманбай Молдағалиев (1935-2011).

Мақсаты:

2.1Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік терін кеңейту;

2.2 Он алтыншы желтоқсан өлеңінің мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау, оқушылардың шапшаң, дұрыс оқу дағдыларын, ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

2.3 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру, өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Алтын ереже»

Мақсаты: Оқушылар шаттық шеңберін жасайды да, барлығы хормен «Алтын ережені» еске алады.

  • Сәлеметсіз бе, нұрлы Күн?!

  • Сәлеметсіз бе, достарым?!

  • Сәлеметсіз бе, Сіз?!

Сәлеметсіз бе, Біз?!

Топқа бөлу 2 минут


Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады.

Білу және түсіну 10 минут

Миға шабуыл. Сөзжұмбақты шеш.

Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.

– Тәуелсіздікті – 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық

– Биыл біз тәуелсіздіктің 23 жылдығын тойлаймыз

– Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.

– Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.

Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ

– Біздің осы аға-апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті. – Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты. Біздің көптеген аға – апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды. Олар: Қайрат Рұсқұлбеков , Ербол Спатаев , Сабира Мұхамбетжанова , Ләззат болды. Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамыздың абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.

2. Топтық жұмыс:

1 – топ, 2 – топ, 3 – топ, 4-топ. Әр топтан бір оқушыдан шығып. Интерактивті тақтадағы сұрақтарға ойланбастан жылдам жауап береді.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

  2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің? (тәуелсіз – дербес, егемен).

  3. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991)

  4. Қазақстанның тәуелсіздік жариялаған күні? (16 желтоқсан)

Үш тілде қайталау:

  1. 16- желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күні.

  2. 16 декабря – День Независимости Казахстана

  3. 16 th of December – Independence day Republic of Kazakhstan

Сергіту сәті: «Мен - Қазақпын!»

Қосымша тапсырма:

Оқушыларға интерактивті тақтадан:

«Желтоқсан оқиғасы» бейнеклип көрсетіледі.

2-тапсырма. Криптограмманы шешу.

Нұсқау: төмендегі әріптерден бір сөйлем шығару.


Н О Л А Н Ы Т Ы Ш Е Л Ж О Т Қ А С Н

2 1 4 5 2 3 6 3 7 8 4 9 1 6 10 5 11 2

Шешімі: «Он алтыншы желтоқсан»

Дәптермен жұмыс.

– Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңімен танысамыз.

3-тапсырма. Он алтыншы желтоқсан

Он алтыншы желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше болып мәңгілік

Ел жадында қалған күн.


Әр топтан бір оқушыдан оқып, бір – біріне сұрақ қояды. Оқыған өлеңді толық түсіну үшін.

  1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталды?

  2. Бұл күні қандай мереке аталып өтіледі?

  3. Өлеңнің авторы кім?

  4. Тұманбай Молдағалиев кім?


5- тапсырма. Сызбаға сүйеніп автор туралы әңгімеле.


Төрт топтан бір – бір оқушыдан шығып Т. Молдағалиев жайында сызбаға сүйеніп әңгімелеп береді.


6-тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі.

Нұсқау: Интерактивті тақтада күн мен бұлт бейнеленген. Күннің көзін бұлт жауып тұр. Күннің көзін ашу үшін, бұлттың артында қойылған сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

  1. Мына сурет қандай ескерткіш?

  2. Суретте не бейнеленген?

  3. Қандай металдан жасалған?

  4. Суретте бейнеленген адамның қолында нені байқадыңыздар?

  5. Суреттегі адам кімге ұқсайды?

  6. Қанатты барыс ненің белгісі?

  7. Батыр бабамыз нені қорғап тұрғандай?


Үйге тапсырма: «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау.

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Қорытынды:

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі