Тақырыбы:
Тәуелсіз –аңсаған арман.
Мақсаты:
Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымақ
, бірлігі жараса шалқыған елдің ,көптеген
ұлт өкілдеріне алтын бесік болған
мемлекетінің ұланы екендігін мақтаныш
сезіне білуге тәрбиелеу: тәуелсіздікті
аңсаған ата-баба аманатына адал болуға
, ерлігін үлгі алуға ,ұлтының салт-дәстүрін
,діні мен ділін, тілін сүйе білуге баулу.
1-жүр:
Құрметті ұстаздар қауымы, ата-аналар
,оқушылар .Бүгін Отанымыз Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік күні. Олай
болса еңсесі биік еліміздің құдіретті
де қасиетті қазақ деген халқының
сіздердей азаматтары мен азаматшаларын
мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.
2-жүр:
Бүгін сіздердің алдарыңызда осы
мектептің 6-сынып оқушылары , болашағынан
зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары
,менің кішкентай жас достарым өздерінің
әсем әндерін ,тамаша өлеңдерін ,мың
бұралып би билейді.
1-жүр:
Ғасырлар қойнауында жатқан сырлар көп,
Ақындардың
қаламынан туған жырлар көп.
Тарихтың
парағынан талғап оқып,
Тәуелсіздік
Отан жайлы жырлады деп.
2-жүр
: Қырмызы қыздар
Қызғалдақ
қыздар құлпырған
Өздерін
жайлы кеуде де біздің жыр тұнған
Қазақтың
биін билендер кәне майысып
Отырған
халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан
Қыздар
тобы : қазақ биі
1-жүр:
Құдірет бар батырлықта ,ерлікте,
Тіршілік
бар бұзылмаған елдікте
Жауларменен
жағаласып сынға түскен сәттерде
Елімізді,
жерімізді сірә қолдан бердікпе?
Елін,
жерін ,халқын қорғаған халық батырлары
Жайлы
жыр жолдарына кезек береміз.
Жауқазын
2-жүр
: Қайран ,қазақ елі ,Жас ұрпаққа айта
алмаған ,жеткізе алмаған ,жан дүниеңді
дір еткізетін сырға ,мұңға толы тарихи
парақтарың қаншама әлі!
1-жүр:
1991 жылы 16-желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта
біздің еліміздің Тәуелсіздігі
жарияланды.Біз жаңа өмірдің есігін
аштық.
2-жүр
:Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы
құрылса,арада 545 жыл өткеннен кейін
Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет
екендігі қайтадан жарияланды.
1-жүр:
Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына қол қойды.Қазақ халқының ғасырлар
бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
2-жүр:
Айтып кеткен ақылдылар
Өз
Отанын сүйерін.
Жазып
кеткен жазушылар
Тілге
арнаған тілегін дей келе жер бетіндегі
мемлекет атаулының қай-қайсысында да
мемлекеттіліктің белгісі-рәміздер,Елтаңба
туралы сыр шертейік.
Жұлдыз-Бекзат.
Шаңырақ-Эльвира
Уық-
Мелена
Кереге
–Бекзада
Пырақ
–Айкен
Қазақстан
–Айару
1-жүр:
Өнер деп соққан жүрегі,
Өнерлі
өрге жүзеді.
Қазақтың
әнін айтатын
Өнерпаз
ұлан біз едік
Орындайтын
: Сарсенбай Мелена ,әні: Қазақ елі
2-жүр:
Бізді әлемге әйгілі еткен-Тәуелсіздігіміз.
1-жүр:
Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген
Тәуелсіз елдің ұлы істерінің бірі-Еуразияның
жүрегінде еліміздің байтағы Астанамыз
салынып, Ақордамыздың тігілуі.
2-жүр:
Бірлігі жарасқанг елдің ұландары
бірлесе отырып ,тәуелсіздік пирамидасының
соңғы шыңын орналастырды.
Ақерке
Мен
сенің сарқылмайтын ақ бұлағың,
Мен
сенің секілдімін бақ-құрағың.
Кең
байтақ өлкем маған қуат берер,
Келеді
құлының боп шапқылағым. Деп келесі
кезетті биге береміз ,орындайтындар
қыздар тобы :қазақ биі Саржайлау
1-жүр:
Жер жүзінде мәңгілік рәмізі деп танылатын
ежелгі пирамида кейпінде адамзат баласын
бірлікпен татулыққа шақырған Бейбітшілік
пен келісім сарайының тұғыры берік
еңсесі
биік болсын!
2-жүр:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,қызы
қайратты,қаһарман.
1-жүр:
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді,асқақ
бола түсін.
2-жүр:
Еліміздің аспан түстес туы әрқашан
желбірей берсін!
1-жүр:
Біздер бүгін Отан жайлы жырлаймыз,
Мерекенің
қарсаңында текке қарап тұрмаймыз
Бәріңізді,
бәріңізді құттықтап
Атамекен
әнін сыйлаймыз орындайтындар: ұлдар
тобы
2-жүр:
Арман орындалды.Еліміздің көк байрағы
Астанамызда желбіреп тұр.Өз әнұранымыз
бар.Енді Қазақстан ешкімнің бодауында
бола алмайды.Тәуелсіздігіміз ұзағынан
болғай!
1-жүр:
Тәуелсіздігіміздің мерейтойы құтты
болсын,ағайын!
2жүр:
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған
« Тәуелсіздік-аңсаған
арман»
атты салтанатты өнеге сағатымыз
аяқталды.Дендеріңізге саулық Аспанымыз
ашық ,күніміз бейбіт болсын,сіздерге
амандық тілейміз.
Сау-
саламат болыңыздар,көрермен қауым!
Күтілетін
нәтиже :
Тәуелсіз
елін шексіз сүюге баулу, ынтымақ , бірлігі
жараса шалқыған елдің , көптеген ұлт
өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің
ұланы екендігін мақтаныш сезіне білуге
тәрбиелеу.