Материалдар / Тәуелсіздік-асқақ арман,қол жеткен мұрат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік-асқақ арман,қол жеткен мұрат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне орай ересектер тобы балалары мен ата-аналарының қатысуымен дайындалған ертеңгілік сахналық қойылым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Балбөбек"бөбекжай-бақшасы










"Тәуелсіздік-асқақ арман,

қол жеткен мұрат"


Ересектер тобында ұйымдастырылған ертеңгілік


(Ата-анамен біріккен жұмыс)







Тәрбиеші:Курбанбаева.К.Р



Залға әжесімен немересі шығады.Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтің құлыптасына келіп тағзым етіп гүл шоғын қояды.

Немересі:Әже,әже бұл кім сіз неге жылайсыз.

Әжесі: Еее құлыным ай осы тәуелсіз күнді аңсап,қазақтың ұлдары ешкімге құл,кыздары ешкімге күң болмасын деп жанын қиған батыр аға-апаларың жарығым.Алматыға келген сайын осы жерге келіп тағзым етіп кетемін.

Немересі:Сонда не болған әже маған айтып бересің бе?

Әже:Әрине құлыным сендер білулерің керек,күннің ызғары жаман боран соққалы тұрған сияқты ,жүр үйге барып шәй ішіп ыңғайланып отырып әңгімелеп берейін.

Екеуі шығып кетеді

Сахна; Бесік,Қайраттың ата-анасы

Анасы:Әкесі ұлымыздың есімін кім деп қоямыз?

Әкесі:Мен өмір бойы ауылдың малын бағып,көргенім тек бейнет болды.Арманым ұлым кайсар,кайратты,оқыған көзі ашық азамат болса деймін.

Қайрат болсын есімі,Қайрат деп қойдым атын.(сенің атың Қайрат,сенің атың Қайрат)

Анасы:Қайрат болса ,Қайрат болсын әкесі.Елі үшін еңбек ететін қайратты ұл болсын, құлыным менің ,ботам менің Қайратым.

Әкесі:Шәйің дайын ба, ішіп алып малға шығайын

Анасы:Дайын әкесі мен ысыта қояйын сен бесікті қасымызға ала жүр.

(екеуі шығып кетеді)

Сахнаға анасы шығады:Қайратжан тұр құлыным ана әкеңе көмектес,жалғыз өзі шаршап жүр

Қайрат:Қәзір апа бара жатырмын.

Апа неге ертерек оятпадыңыз,әкеме барайын

Анасы ботам-ау оразаңды ашып алсайшы

Қайрат:Әкеммен бірге ішем ғой анашым.

Анасы;Мә балам ыстықтай аузыңа сала қойшы мына бәлішті

Қайрат:Дәмі қандай тәтті еді анашым.

Анасы:Ау,жарығым сол апталдай азамат болды деген осы,әкесінің қолқанаты,бауырларының қамқоршысы.

Е Алла өзің жарылқай көр,Ұрпағымызды аман,дендерін сау ете көр (аумин)

Қайрат:Әке,Ана мені құттықтап қойсаңыздар болады

Оқуда үздік,қоғамдық жұмыста белсенділік танытқаны үшін Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы марапатталады.

Анасы:Ботам-ау құтты болсын, жаным сол әкең бір марқайып қалатын болды

Інісі: Апа газет келіпті (арасынан бір кағаз түсіп қалады,Кайрат алып оқиды)

Қайрат:Анашым мені әскер қатарына шақырып жатыр екен

Анасы:Ботам-ау не дейді мектепті бітіргенің кеше ғана ғой әскері несі.

Қайрат:Ой апа несіне уайымдайсыз,екі жыл екі айдай болмайды барам да келем.Оның үстіне әскерге бару еразаматтың борышы емес пе?Отан алдындағы міндетіміз

Інісі:Апаммен әкеме өзім қараймын аға,

Қайрат:Ой азамат жәрайсың!

Анасы: Әрине балам,борышыңа адал бол.Қайда жүрсеңде аман жур.

Інісі:Аға мен сені шығарып салсам болама(бәрі шығып кетеді)

Автор: 1984-1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласыңда әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретіңде бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986-жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға келіп, тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматы сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.

Студент қыз:Қайрат сенің тәп-тәуір өлең жазатын қабілетің бар гой неге осы талапты жастардың басын қосып,ақындар мүшайрасын өткізбеске.

Қайрат: Несі бар жақсы ой екен,уйымдастыруға болады.

Жатахана жастар өлең оқып жарысып отырады

Сендер неге жайбарақат отырсыңдар,естімедіңдер ме?Қонаевті түсіріп орнына Колбин деген біреу отырады дейді.

Бәрі;Бұл недеген сөз,бұл қалай болғаны,бұған жол бермейміз

Қайрат:Қазақты даладан келген біреу басқаратындай қазақ әлі өлген жок жүріңдер достар,біз мұны тоқтатуымыз керек(бәрі шығып кетеді)

Слайд желтоқсан оқиғасы (ортаны кок матамен бөліп төрт жағынан адам ұстап тұрады)

Сахнада қолында кесесі бар Қайраттың анасы отырады

Радиодан хабарлама:Алаңда әліде жағдай шиеленісіп тұр.Шеруге шыққан студенттер анықталып,шара қолданылып жатыр.Тергеуші Савицкидің өліміне айыпты деп танылған Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы тұтқындауға бұйрық берілді.

Анасы:Не дейді құдай-ау бұл мүмкін емес,бұл жалған Қайратым,құлыным сенбеймін,жалған,жалған.Бұлай болуы мүмкін емес(шығып кетеді)

(Зал қараңғы стол,үстінде май шам жағында отырып хат жазгандай әрекет жасайды

ортаны кок матамен бөліп төрт жағынан адам ұстап тұрады)


Қайраттың түрмедегі жазған хаты:


Қаймана қазақ қамы үшін

Қарусыз шықтық Алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда. 

«Ақтық сөзің не?» деген

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма:

Жоқ пиғыл менде жасырмақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін. 


Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан

Бірлік пен бақ таймасын.


Осы айтылған ақтық сөз

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.


Бас-аяғы сол болсын

Басыңа түскен қатердің.

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын:


Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,


Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең, атыңдар!

Автор:

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Қайрат:

Бар қазақтың осындай бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Автор:

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

( алыстан естіледі)

Қайрат деген атым бар,21-де жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

жерге құлайды

Қайрат: аға,аға мына хатты анама жеткізуге көмектесіңізші

түрме сыпырушысы:Жо-жоқ атама ұстап алса басым бәлеге қалады ғой.

Қайрат:Аға қанымыз бір қазақпыз ғой,аманатымды анама жеткізе көріңіз

Түрме сып:Жәрайды тез әкел деп хатты алып жылдам шығып кетеді.

Сахаға қолында хаты бар Қайратың анасы шығады

(Қайраттын анасына жазған соңғы хаты оқылады)

Амансыңдар ма, ардақты асыл анашым, бауыр-ет бауырларым, қадірлі қарындастарым

Сендердің бұл дүниеде де, о дүниеде де ақ таза жүрегіммен бар тілейтінім — өздеріңнің әрқашан да аман-сау,болуларың.

Өздеріңізге белгілі,мен сорлының жазықсыздан-жазықсыз,темір торға торланғаным, одан қала берді кісі өлтірді деген нақақ жала жабумен ақыры, ату жазасын алғаным.

Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы көпшілікпен бірге алаңға бардым.Ол жерге барғандағы бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не қойып жатқанын өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр, дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, тұл бол» деп отыруға еркектік ар-намысым жібермеді. Ер қатарында , саны бар сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін гой анашым,құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.

Оның үстіне «қыздың жолы жіңішке» деген.Қаракөз қарындастарымды ақ қардың үстінде шашынан сүйреп жатқанда,оларды арашалап — қорғау үшін барғаным рас Анашым.Ол үшін еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, бір құдай өзі куә Анашым , адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасау менің қолымнан келмейтінін сіз жақсы білесіз гой анашым.. Еш уақытта, ешқашанда...

Қыздарға айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып-соққаным рас. Ол адам, күні бүгінге дейін аман-есен,шауып жүр.Менің қолыммен жасаған бар қылмысым осы ғана.

Ал, маған «жығылғанға жұдырық» деп зұлымдықпен мойныма ілген «адам өлімі» — менің ісім емесИә, мен сорлылы жазықсыздан-жазықсыз ату жазасын алдым. Өйткені, өзімнің кінәлі емес екенімді, адалдығымды, қолымның қан емес екенін қанша зар еңіреп айтқаныммен өзімді еш ақтай алмадым.

Дүниеде, кінәсіз бола тұра адам баласының өз-өзін ақтауы, неге өте қиын екен.

Міне, өздеріңіз естігендей «ату жазасын» 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге жұбаныш, ал біреуге азап. Өз басым, бұл үшін еш қуанғаным жоқ. Өйткені, асыл анашым! Түсініңізші мен сорлыны, ешуақытта, ешқашанда бұл тас зынданда жазықсыздан-жазықсыз би минутта отырғым келмейді.

Ардақты анашым! Ақ сүтіңізді ақтай алмай көз жұмып бара жатқаным үшін сорлы балаңызды кешіріңіз!

Бауырларым, сендер де кешіріңдер! Түсініңдер мені және кешіріңдер!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген, қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат!

Қош болыңдар Анашым! Қош бол, жарық дүние!

Қайрат жерге құлайды

(матаның ат жағындағылар көтеріп,алды төмен отырады тұрады)

Анасы: Жоқққ құлыным ау,Бұл қайткенің ,мені кімге тастап кеттің ,жарығым-ау,Құлыным-ау,ботам-ау неге,неге.Алламай баламның қандай күнасы бар еді өмірін осыншама қысқа болардай.Қайратым -ау сен ақсың ғой,сен пәксің гой сенің еш жазығың жоқ еді гой ботам-ау.Мен сорлыны неге осыншама зарлатып кеттің жарығым-ау.

Құлыным-ау,Қайратым-ау (жерге құлайды)


Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәтті үміт пен күдік жаланың.

Желтоқсан – Сөбира Қайрат, Ләззаттар

Құрбаны болған өтірікпенен,жаланың.


Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.


Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

матаның ортасын көтеріп шаңырақ жасау

Жүргізуші:

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған,талай жас қыршыныныан қиылып,дүниені дүр сілкіндірген 1986- жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң араға 5-жыл салып 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алды.Міне биыл Тәуелсіздіктің тұғырына отырғанымызға 27-жыл болыпты.Талай қиын қыстау күндерді басымыздан өткерсекте ,бүгінгіде қанатын кеңге жайған,келбеті келіскен елдің ұланы болғанымызға мақтанамыз.

(шаңырақтың астынан балалар шығады )


Рамиль:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.


Ақбаян:

Тәуелсіздік таңын сүйем .

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.




Өміржан:

Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.


Инабат:

Болашаққа серпін нық,

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік –ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.

Гүлден:

Егемендік-бұл елімнің елдігі,

Егемендік-барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік елін,жерін қорғаған,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!