400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік ата- бабам аңсаған

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылы,

«Зере» жеке балабақшасы





Shape1

мерекелік ертеңгілік





Тәрбиеші: Сатыбалдиева Гульфайруз Амангельдиевна



13.12.2019 жыл


Күні: 13.12.2019 жыл

«Зере» жеке балабақшасының «Балапан» ересектер тобында өткізілген

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

мерекелік ертеңгіліктің сценарийі

Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту, ҚР Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру;

«Тәуелсіздік» ұғымы, ҚР қоғам қайраткерлері жөнінде әңгімелеу, балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.


Көрнекілігі: ҚР рәміздері, ҚР президенті суреті, Нұр-сұлтан қаласының әдемі ғимараттарының суреттері мен макеті, желтоқсан құрбандарының суреттері, жалаушалар, шарлар т.б.


Әуенмен балалар залға кіреді.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балалар, апайлар! Бүгінгі тәуелсіздік күніміз құтты болсын!

- Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп , өркениетті елдердің қатарына жетуіне аяқ басты.Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер. Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

- Балалар айта қойыңдаршы, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

  • Отан дегеніміз еліміз, жеріміз, бауырым, табиғатым

  • Балалар, біз қай елде тұрамыз?

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан біздің еліміз, онда көп ұлттар мекен етеді.

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

  • Нұр-сұлтан қаласы.

  • Нұр-сұлтан қаласында қандай әдемі ғимараттар бар?

  • Біздің еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне биыл Астана қаласының атауы Нұр-сұлтан боп өзгертілді.

  • Қазіргі еліміздің президенті кім?

  • Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

  • Біз тәуелсіз мемлекет ұрпағымыз. Әр елдің өз әнұраны, мемлекеттік туы, Елтаңбасы бар. (түсінік берем)


Тәрбиеші: Ал, балалар Отанға, тәуелсіздігіміздің құрметіне арналған тақпақтарымызды айтайық.


Тақпақтар:


Қыздардың «Біз өнерпаз баламыз» әнін бірге тыңдайық.


Тәрбиеші: Отан, туған жер туралы ,ел жайлы кім мақал –мәтел біледі екен?


1бала: Отан елдің анасы,

Ел - ердің анасы.


2 бала: Отан оттан да ыстық.


3 бала: Туған жердің күні де ыстық,

Үні де ыстық

4бала: Отан – отбасынан басталады.


Тәрбиеші: Менің сендерге мықты батыр жайлы аңыз айтқым келіп тұр.Бұрынғы заманда аты аңызға айналған ұлы батыр болған екен. Ол отанын аса алғырлықпен қорғап, жаулардан еш қаймықпай шайқастарда жеңіп отырған екен. Ол осы қасиетті жердің ұлы! Оны халқымыз «Алтын адам» деп атап кеткен. Себебі оның алтынмен қапталған қорғандары бар.

Мен де осы жерден болашақ қырандарымызды, батыр ұлдарымызды көріп тұрмын.Ал,қанеки батырларымыздың әнін тыңдайық.

Ән «Қазақстан»

Тәрбиеші: Бәрекелді, Қазақстанды жақсы көреді екенсіңдер. Ал, оны қорғай аласыңдар ма?

  • Иә

  • Жарайсыңдар, батырларым. Елді қорғау үшін күшпен бірге сендерге не қажет?

  • Ақыл-білім.

  • Адамдар соғыспай, тату-тәтті өмір сүру үшін бізге не қажет?

  • Достық, бірлік, татулық.

  • Тамаша!

  • Ендеше, біз «Бір шаңырақ астында» ойынын ойнаймыз.

Ойын

Тәрбиеші: БАРЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕЛІК ШЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.

Жалаулармен құрылатын әуенді құрылыс компазициясы.

Өз сөздерін үш тілде айтады Біз тәуелсіз елдің бүлдіршіндеріміз! Мы дети незовисимой страны! We are childring independent country!


Ж.Қаракөздің «Мен қазақтың қызымын» әнін бірге тыңдайық.

Тәрбиеші: Ракмет, Қаракөз!

  • Балалар, бізге тәуелсіздік оп оңай келген жоқ. Тәуелсіздік жолында қаншама жастар құрбан болды. Жер жерлерде ірі көтерілістер болды. Көптеген аға әпкелерді түрмеге жапты, енді біреулері ату жазасына кесілді. Сондай -ақ тәуелсіздіктің құрбандарының бірі Сабира Мұхамеджанова Ләззат Асанова, Тұрар Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев аға-әпкелеріміз мәңгі жадымызда ұстап, оларға деген құрмет-қошеметізді аямайық. Осылайша бізге сыйлаған тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің қадірін біле жүрейік, балалар!

Тәрбиеші: Қыздар «Қамажай» биімен көңілімізді көтереді, ал сендер қошеметтеп отырыңдар.

Тәрбиеші : Көркейген, гүлденген туған ел ,

Тәуелсіздік күнің келеді , келе бер.

Мерейің құтты болсын , Тәуелсіздік !

Ғасырлар тойы болшы, келе бер !

Тәрбиеші : Әрқашанда аспандарын ашық болсын және біздерді тек қана адал достар қоршасын! Өмірлерің қуаныш пен шаттыққа бөленіп, әрқашанда көңілдеріңіз көтеріңкі болып, бақытты болыңдар, балалар!

Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

«Алға, Қазақстан!» әнімен балалар сахнадан шығып кетеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі