жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік ата-баба арманы ұрпақтарға аманат
ТС-ТБ-ТҰ-75/05
№ 16
КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА
МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ТЖЖО
____________ Г.Шертаева
«_____» _______________ 20 ___ ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК АТА-БАБА АРМАНЫ, ҰРПАҚТАРҒА АМАНАТ
ТС-ТБ-Ф-40/01
Данасы:________________________________________
Енгізілген мерзімі:_______________________________
Пайдалану мерзімі: ______________________________
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара
АЛҒЫ СӨЗ
1 Әзірлегендер: Ф-40 топ жетекшісі ................................................................ М. Тұңғышбаева
Ф-40 топ шебері .......................................................................А. Волков.
2 Бірінші рет енгізілді
Осы тәрбие сағатын №16 кәсіптік лицейдің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды
МАЗМҰНЫ
1 Мақсаты...........................................................................................................................................4
2 Көрнекілігі.......................................................................................................................................4
3 Сабақтың барысы............................................................................................................................4
4.Кіріспе сөз.....................................................................................................................................4
5 Қорытынды......................................................................................................................................9
6 Пайданылған әдебиеттер................................................................................................................9
1 МАҚСАТЫ
1.Білім алушыларға қазақ халқының басынан өткен сан қилы күрестер мен қиындықтарды айта отырып, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін мақтан ету.Тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерлігін жырлай отырып, патриоттық сезімдерін дамыту. Елін, жерін сүйетін, ата-баба тарихын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу
2 КӨРНЕКІЛІКТЕР
Безендірілген зал , Жылдар шежіресі слайдтар.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Кіріспе сөз
Жүргізуші:
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар, студенттер және
қонақтар!
Жүргізуші:
Бүгінгі
тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік ата-баба арманы,ұрпақтарға
аманат" атты тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
Бабадан
қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік
жастығында өлең өрдік.
Арқалап
аманатын келіп жеткен,
28 жыл! Құтты
болсын егемендік!
Жүргізуші:
Иә,
тарих толқынында толқып отырып, телегей
теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік
тәуелсіздікке 28 жыл толды. Мереке құтты
болсын!
Жүргізуші:
Иә, Тәуелсіздік мерекесін тойлату бізге
оңайлықпен келмеген.Тарихқа көз
жүгіртсек, қазақ халқы талай-талай
оқиғаларды бастан өткерген. «тарихын
білмеген ел-жетесіз» деген ұлағатты
сөздерге сүйене отырып, біз де бүгінгі
"Тәуелсіздік ата-баба арманы,
ұрпақтарға аманат » атты тәрбие сағатын
осы тәуелсіздігімізге арнамақпыз.
Жүргізуші: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны
Жүргізуші:Толғау би
Жүргізуші:
Пай,
пай, шірікін!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Т ұлпарлар дүбірлеп төккен
тер.
Ғашықтар бір-бірін
өпкен жер,
Сарылып
сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық
ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті
колледж студенттеріне берсек. Шабыттарына
от тиіп, жалын түссін.
Жүргізуші:Поэзия"Тәуелсіздік таңы"
Жүргізуші: Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
Жүргізуш:Ән:Жаса, Қазақ тілім орындайтын Клименко Зарина
Ата
мен немере
Ақырын
басып қария отырып жайғасады. Терең
ойға шомады. Артынан немересі жүгіріп
келеді.
Немересі:
Ата, ата, не ойлап отырсыз?
Атасы:
Ә, балам, не ойлап отыр дейсің? Сенің
болашағыңды, еліміздің болашағын, өткен
өмір жайлы ойлап отырмын.
Немересі:
Өткен өмір деген не, ата?
Атасы:
Балам, өткен өмір деген сонау ежелгі
ата-бабамыздың ерте кезден бері өткен
өмір жолы, тарихы ғой.
Немересі:
Ата, сонда біздің өткен тарихымыз қалай
болған?
Атасы:
Ендеше, тыңда, балам. Атаң бір сөйлесін
Болмаса
да оқыған тарихшы атым,
Жинадым
ескілердің тарих хатын.
Мақсатым
кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған
аталардың аманатын.
Сондықтан балам,
сен де өз тарихыңды білуге тиіссің. Ал,
балам, тарихты тыңдайық.
Жүргізуші: Салықбай мерген көрініс
Жүргізуші:
Еліміздің
Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың
сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы
күресінің, сол жолдағы көрген азаптары
мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып,
25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты
көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл
күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың
азапкерлері мен қаһармандары ойға
оралатыны сөзсіз.
. Жүргізуші:
Азаттық
қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат
үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық
үшін күресте айрықша қылыш сермеді,
талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ,
ешқашан да мойымады, күресе білді,
азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
.
Жүргізуші:
Иә,
қазақ халқының басынан небір қилы заман
өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие
болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы
қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы
оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да
басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан
соң қайта келерін білген жоқ.
1
Жүргізуші:
1925-1933
жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі
революция болмаған деп «Кіші октябрь»
саясатын жүргізді, елді аштық пен
қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда
тұратын 2 миллион қазақ аштықтан
қырылды.
1
Жүргізуші:
1937
жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ
әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас
теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім,
Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек,
Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де
аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ
әрқашан бас иеміз.
1
Жүргізуші:
1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге
тарта қазақ қаһармандарына Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді. Олар
Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,
Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин,
Төлеген Тоқтаров, т.б.
. Жүргізуші:
1986
жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан
Алатауға дейінгі байтақ жерімізге
Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең
жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының
мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік
үшін бой көтерген жас боздақтардың
маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан
оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар
қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол
Сыпатаев бар.
Жүргізуші:
Озбырлық
күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына тапай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан
күш.
Енді қайтіп
келмесін,
Сол бір
қарғыс атқан күн!
. Жүргізуші:
Қазақстан
ғасырларға теңесетін ғажайып жолды
жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды:
бұрыннан қалыптасқан шаруашылық
байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін
өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар,
алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала
алмай, егемендіктің елең-алаңындағы
еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт,
кеңбалақ егемендіктің елең-алаңындағы
еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт,
кеңбалақ қазақтың базар психологиясына
бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық
арқалап, отбасын асыраған әйелдер,
жекешелендіру жанталасы, реформалардың
алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік
саланың еңсе тіктеуі, халықтың
көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің
ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың
келе бастауы алғашқы онжылдықтың
жемістері.
. Жүргізуші:
Республика!
Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,
армандатып,
Торды
бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен айғақпын, ұстамын
ертегіге,
Мен басымды
иемін бүгінге, ертеңіме.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік!
Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша
тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан,
қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік,
азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда
бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына
келуде.
Тәуелсіздік – ең басты
құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен,
қазақ халқының бостандыққа ұмтылған
асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші
– ең қадірлі күш.
Еліміз тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында,
өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін,
жері, халқы бай ел.
Жүргізуші:
1991
жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл
халықтық Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Президенті болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Республика
тарихында халық саналы түрде өзінің
тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын
сайлады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев –
сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем,
саңлақ шыққан сарабдал саясаткер,
әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен
тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері
Слайд
көрсету
:
Жүргізуші:
Сәулесі бар нұрыңда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан
ғұрыптың.
Даңқың артсын,
егеменді елім менің
Серігіне айналшы Мәңгіліктің!
Жүргізуші:Ән
орындайтын Серікқызы Салтанат "Туған
жер"
Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді. Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
Жүргізуші:Қазақ
жері-қонақжай төрдің жері
Қазақ елі-Қас сақтай ердің елі.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Еділ ердей,Бабырдай шерлер
ері.
Қазақ жері көп шеккен
қасіретті
Қазақ ері-өнерлі
,өсиетті.
Египетті билеген
Бейбарыстың
Елі –текті,
киелі, қасиетті.
Жүргізуші:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
«Нашақор» деп, «Ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Поэзия:
Желтоқсан. Слайд.
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында
жатқан жұрттар
Таныды
тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың
бәрінде айтам.
Жүргізуші:Ән. орындайтын Ф-40 топ студенті Клименко Зарина "Мой Казакстан"
Жүргізуші: Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде
Жүргізуші: Би Сарбаздар.
Жүргізуші: Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
Жүргізуші:Поэзия
Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.
Жүргізуші: Қазақ биі орындайтын "Қыздар тобы"
Жүргізуші:"Тәуелсіздік шыңы" слайдына назар аударайық.
Жүргізуші:
Бойымда
әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір
ғана
Ырыс, бақыт, татулық
пен ынтымақ
Жүргізуші:Ән орындайтын Оралов Шерхан
Жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны
Соған шөлдеп шөліркеп тамсанады
Өкініш пе білмеймін қуанышпа
Өз-өзімнен жүрегім ән салады.
Жүргізуші:Ән."Алаш
ұлдары" Есенгелді Қажымұқан
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық
ұста
Ғасырларға
жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің
ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік
ата-баба арманы ұрпақтарға аманат» атты
мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік
құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,
халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз
баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі
кездескенше сау саламатта болыңыздар.
5 ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ
елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың
жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік
құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің
құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің
тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын.
6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Сыныптан тыс жұмыстар
- Интернеттегі материалдар
- Ұстаз жаршысы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген