400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік, баға жетпес байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты, тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады.Жамбыл ауылының ЖОБМ.4 сыныпта өткізілген. Тәрбие сағатында өлеңдер оқылды, әндер айтылып бейнеролик тамашалады.Жоғары дәрежеде өтті. Бастауыш сынып мұғалімдерге пайдасы зор деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ






Тәрбие сағаты



«Тәуелсіздік, баға жетпес байлығым!»

4 сынып


Өткізген: Құлмағамбетова Перизат Орынбайқызы



IMG_20210426_133717.jpg





Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым»

Мақсаты:

  1. Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.

  2. Дұрыс, мәнерлі, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту,

  3. Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, видеороликтер, тәуелсіздікке байланысты плакаттар

І бөлім: Кіріспе сөз

1-жүргізуші: Армысыздар! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің – Жас өрендері.

ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи күнге көз жүгіртіп өтейік.

-Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпікке қатқан мұздары-ай

«Елім-ай »,-деп егілген,Қаһарман ұл қыздар-ай

Ән : «Желтоқсан желі» хор, артынан видео көрсетіліп тұрады

Соңғы өліп-тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсандағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.

1-оқушы: Дастан:Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

2-оқушы:Нұрсауле: Иә,тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сонау дүбірлі батырлар заманыннан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

Желтоқсан- майдан, жанжалы деме көшенің,

Желтоқсан- зары боздағын көмген шешенің.

Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара,

Бүгінгі мен кешенің.

Тәуелсізідік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік

Дербестікке құн сұрамақ басқа кім?

-Ендеше экранға назар аударайық.

«Желтоқсан ызғары» видеоролигі көрсетіледі.

1-жүргізуші: Иә,балалар, 1986 жылғы 16 желтоқсандағы оқиға бәріміздің жүрегімізді тебірентті. (күй)

Көрініс..

Оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді.Ұзақ кінәлап,жала жауып,

«Қызыңыз тентек»деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.Күтпеген жерден:«Бәріне кінәлі мен,жазалаңдар мені.Оларды оқу орнынан қумаңдар!Шеруді де мен ұйымдастырдым.Бәріне мен жауап беремін»,-деп кесіп айтқан сөзінен сілтідей тыңдады.Сабира жиналысты тастай,сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол бойымен намысшыл қыз жатақханысының 5-ші қабатынан секіріп кетті.Оның өмірі ерте үзілді.Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай,оқуынан қудырмай,жалал жапқызбай сақтап қалды.

Еңлік: -Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Тәуелсіздік жолында, құрбан болған Ербол Сыпатайұлы, Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Сабира Мұхамеджанқызы сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұнды жүрек түндігін

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.

-Жүргізуші: Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16-желтоқсан бүкіл халықтық мереке. Желтоқсанда мерт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

-Арлан: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.

Тәуелсіздікке қолымыз жетті,әлемдегі басқа елдермен тереземіз тең болды.

Нұрсауле: Жатыр бұлттың ішінде, тауларымыз биік-тау.

Дастан: Тәуелсіздікке 30жыл толды ғой

Бұл дегеніміз бостандықтың жыры ғой.

Еңлік:Бабамның да арманы, осы еді ғой аңсаған

Ән: «Тәуелсіз ел ұраны»

Нарқыз: Тәуелсіз қазақ үшін азат құт,азат құтқа жүрмейді енді мазақ түк.

Темірлан: Туыспыз біз бәріміз, бір отанды сүйеміз.

Бақытты боп тұрған соң, бақытты өмір сүреміз.

Нұрасыл: Жасай бер елім қазағым, 30жыл құтты болсын

Ән «Қазақстан бақытты»

Жадыра: тақпақ

(Барлығы хормен)

«Атамекен» әні.

Қорытынды бөлім

Құрметті қонақтар және оқушылар бүгінгі «Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым» атты тәрбие сағатымызға келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі