Тәуелсіздік баға жетпес байлығым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік баға жетпес байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуезсіздігін жариялады. Қазақстанның тәуелсіздігі мемлекет үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл халық үшін де маңызды мерекелердің бірі болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні

«Тәуелсіздік баға жетпес байлығым»


Сабақтың мақсаты:

Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Өзгелерге мейірімділік,жанашырлық таныта білу


Апта дәйексөзі:


«ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді».


Көрнекілігі

Слайд,презентация, интерактивті тақта



Тәрбие сағатының кезеңі/ уақыт

Тәрбиешінің әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші оқушылармен амандасады,түгендейді,бүгінгі болатын әңгіме сағатының тақырыбымен таныстырады



Басы












Тәрбиешінің сөзі Отанды сүю - ерекше бақыт,ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние.Оның жолында оза шапсаң да,шоқтай жансаңда,жанып жатып арманда қаласаң да жарасады. Бұл ата- бабаларымыздың асыл арманы. Біз тәуелсіздікті бабаларымыздың нақылымен, халқымыздың парасатылығымен алдық. Тәуелсіздік- тарихтың толқыны, уақыттың соққысын байқамай өз бетінше тұратын тұғыр ғана емес, оны қолда ұстап тұратын тек шарболаттай шыңдалған рух,наркескен жаңашыл мінез, арайлы ақ таң үшін күрес. Міне мәңгілік жасайтын елдің өмірлік ұстанатын кепілі- осы.Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып,бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрдық. Баршаңызды тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату - тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі дей келе Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

1-жүргізуші: 

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

1жүргізуші: 

Бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн, себебі, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика

болып жарияланды. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр.

2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ.

(1 минут еске алу)

1 жүргізуші

Расында да, тарихқа көз жіберсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Осындай рухы күшті елдің ұрпағы болу – үлкен бақыт. Осындай маңызы бар тарихи күнге көз жүгіртіп өтейік кәнекей.

«Тәуелсіздік шежіресі» видеороллик

2-жүргізуші: 

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- деп,

1 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім дей келе оқушыларымыздың өлең шумақтарына кезек берейік. Алдыларыңызда

Інжу

Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.

Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,
Күмбірледі күй болып шертілді үнің.
Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,
Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.

Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз,
Бүгінімен басталды ертеңіміз.
Аспаныма арайлап нұр қаптады,
Өзіңдікі өзге емес өз төріміз.

Айару

Өткен күндер өгейсіп көп тілеген,
Аласармас арманым көк тіреген.
Тілім, дінім, ділім де қайта оралған,
Өмірімнің өзегі деп білемін.

Ата баба мұртаы орындалып,
«Қазақстан» құжаты қолында нық.
Келер күнге құшағым айқара ашық,
Қаймықпадық, қайтпадық, қорынбадық.

Көгілдір Ту шырқау шың шаңырағым,
Әлдилеп тұр әуелеп Әнұраным.
Босағада талай бір боздап қалған.
Төрге шықты Елтаңбам, Әнұраным.

Жақсылық

Алатаудай салмақ тұр иығыңда,
Аз емес қой ыстығың, суығың да.
Алтын толы қазақтың қара жері,
Қалдың-ау сен талайдың көз қиығында.

Көңілге ыстық, көзге нұр атың қандай,
Адамзатты аялап шақырғандай,
«2030» атты болашағың
Келе жатыр  қол бұлғап батырлардай.

Айбек

Тауелсіздік бізге онай келген жок
Аталарым оны колдан берген жок
Отан ушін құрбан болган боздактар
Ел есінде деймиз олар өлген жок

Шуак шашкан ашык аспан куніміз
Татти уйкы,тыныш болсын туніміз
Кеше гана бодан болсак баска елге
Бугін міне ірілердің біріміз!

Шекарага кадамыз да кағылды
Полигоны Семеймнін жабылды
Бар байлыгы казагымнын жоғалған,
Тауелсіздік алганнан сон табылды.

Алауым бар ешкім оны сондірмес
Бул ғаламда Казак елін кім білмес
Конакжайлы,казыналы,аукатты,

Казакстан еліне ешкім тең келмес!

Нұрәлі

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл. 

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі. 

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында
!

2 - жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүю регім ән салады дей келе кезекті бүлдіршіндерге берейік

Хор «Тауелсіз ел ұраны»











Слайд,

презентация, интерактивті тақта


1 - жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда талантылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Сұрақ жауап айдары

2 - жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Ән «Қазақ елім Байтағым» орындайтын Алмасұлы Мадияр

1- жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Мақал мәтелді табу

1. Отан оттанда ыстық или отан үшін отқа түс күймеймің депте қолдануға болады.
2. Отан отбасынан басталады
3. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне
4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
5. Ер елінде, гүл жерінде
6. Елдің қадірін ер түсінеді
7. Отан елдің анасы, ел ердің анасы
8. Ел іші алтын бесік
9. Туған жерге туың тік
10. Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер немесе
11. Отбасы, шағын мемлекет

2-жүргізуші Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Хор «Атамекен»







Қорытынды














Қауіпсіздік ережесі

5мин

1- жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

Оқушыларға жол ережесін сақтауға кеңес беру:

  1. Мектепке келіп,кетер жолда үнемі сақ бол!

  2. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтпе!

  3. Топтап тұрған көліктің арасынан өтпе!

  4. Көлікпен бірге жарыспа,жүгірме!

  5. Жол жиегімен жүр!

  6. Жол ортасында ойнама!

  7. Көш қиылыстарында абай бол!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2024
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі