Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Болашақ» балабақшасы



Бекітемін:

«Болашақ» балабақшасының

әдіскер ________

«___»____________ 2017 ж.







1 «Балапан» ІІ-кіші тобында

Тұңғыш Елбасы күніне арналған

«Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы!»

атты ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі





Тәрбиеші: Утенова А. О.

Бұсұрманова М. Б.

Әдіскер: Утенова А.О.














Құрық ауылы

2017 жыл.



«Тәуелсіз елім-Қазақстан»


Жүргізуші:

Тойла бүгін тауларым мен кең далам,

Тойла бүгін қартарым мен боз балам,

Қайта оралған ерлікпенен теңдігім.

Көтер биік тәуелсіздік көк туым.

Қайырлы күн құрметті ата-аналар мен балалар сіздерді кележатқан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Тәуелсіз елім-Қазақстан атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.


Гимн-айтылады.


1-Акнұр

Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым.


2 Ерназар

Тәуелсіздік ел бірлігі

Асқақ арман таласқан


3 Кемелхан

Тәуелсіздік достығымыз

Ынтымағы жарасқан.


4. Малика

Отан сенің ата-анаң

Отан жақын бауырың.


5. Сабина

Отан өлкем астанам

Отан аудан ауылым.


Саз әуенмен Томпақ келеді.


Томпақ:

  1. Салеметсіздерме балалар мен қай елге түстім./ Қазақстан.

  2. Мұнда не болып жатыр. /Тәуелсиздик күніне арналған ертеңгілік.

  3. Сіз қай ұлтсыз. / Қазақ ұлтымыз.

  4. Мемлекеттік тіл қандай тіл. /Қазақ тілі

  5. Тәуелсиздігіңізге неше жыл болды./26-жыл


Жүргізуші: Томпақ біз өте бай елміз біздің жеріміз, тіліміз өте бай. Сондықтан томпақ біздің балаларымыздың тәуелсіздік күніне дайындаған тақпағын қабыл алыңыз.


  1. Арсен

Отан дейміз туған жер атамекен.

  1. Аят

Отан дейміз от жаққан жерімізді.

  1. Е. Нұрай

Отан дейміз өсірген елімізді.

  1. Гүлназ

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.


  1. Мадина

Ардақты ата мекенім,

Отаным Қазақстаным.


Саз әуенмен Алдар ата келеді.


Алдар. Сәлеметсізбе балалар мұнда қандай мереке болып жатыр.

Томпақ: қош келдіңіз, келіңіз төрлетіңіз.

Алдар: мынау кім? Танымадым сені.

Томпақ: мен тәуелсіздік мерекесіне келдім. Балаларды құттықтайындеп.


Жүргізуші: Балалар Бізге қонаққа томпақ пен Алдар көсеге Отан туралы ән айтып берейік.


Сахналау: «Үйшік» Нүрел, Гүлназ, Әлнияз, Мадина, Кемелхан, Әбдірахман


  1. Айзере

Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан.


2 Нүрайша

Тәуелсіздік достығымыз,

Ынтымағы жарасқан.


3 Д. Нүрай

Қазақ жері сәніміз,

Қазақ жері қазақстан.


4. Ырысбек

Отан жерім, Отан суым

Отан қуат нәр береді.




5.Зафира

Отан, отан, отан, туым

Отан мәңгі гүлденеді.


Ән: «Отан»


  1. Арайлым

Отанды жас кәріміз,

Туған жер деп сүйеміз.


  1. Әбілқайыр

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз.


3 Нүрбол

|Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.


  1. Мәлік

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.


Алдар: Балалар мен ойын әкелдім.


Ойын : Доп жинау.


  1. Нүрел

Болашаққа бастаған,

Шарықтасын асқақ ән.


  1. Әбдірахман

Елордасы Отанның,

Мақтанышым Астанам.


  1. Әлнияз

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы.


  1. Шайхислам

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.


  1. Мирас

Қазақ жері сәніміз,

Мәуелі мол бағымыз.


Алдар мен Томпақ шығып кетеді.

ӘН: «Зеңгір көктен»


  1. Ханшайым

Саясындай жетілер

Балдай бала бағымыз.


2.Нұрислам

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы


  1. Алуа

Еңбек ортақ, жер ортақ.

Ортақ бізге барлығы


  1. Рамазан

Аман болсын еліміз,

Аман болсын жеріміз.


5 Шахмардан

Тәуелсіздік елінде,

Туып өсіп келеміз.

Әлнасыр:

Туған жерім, туған ауылым

Сүйікті менің Қазақстаным!


Жүргізуші:

Шашады арай күн нұрын

Қуаныш толы күн бүгін.

Тойлайды елім, тәуелсіздігін

Өзінің 26 жылдығын деп

Тәуелсіз елім-Қазақстан атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Отанымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12