400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік-бақытым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік-бақытым»

Еліміздегі мерекенің төресі - Тәуелсіздік күні! «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар. Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік - қазағымның Бақыты. Осы Бақыт жолында қазақ бабам не көрмеді? Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы.

Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік..! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 28 жыл толды. Қаншама ғасырлар бойы тарих қойнауы талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Тәуелсіздік, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат.

Желтоқсан оқиғасын мен ешқашан ұмытпаймын. Мен оны көрмегенмен, желтоқсанды көргендердің айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білемін. Алматы алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жазасына ұшыраған жас аға-апаларымыз болды. Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Солардың арасындар Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаев менің жерлестерім болғанына мақтанамын. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу- біздің буынның бағыты болуы тиіс.



Алматы облысы, Панфилов ауданы,

Алтыүй ауылы

«Саяхат» балабақшасы әдіскері

Сеткулова Шынар Азатовна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі